Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес көкөністердің мұздатылған қоспаларын сыныптау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 1 қарашадағы № 129 шешімі

      Кеден одағының Кеден кодексінің 52-бабының 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Жаңа піскен немесе суда немесе буға қайнатылған көкөністер қоспасынан және көкөністерден немесе өсімдік майына қуырылған, кейін мұздатуға ұшыраған, құрамында жаңа піскен немесе суда немесе буға қайнатылған көкөністер пайыздық қатынаста қуырылған көкөністерден артық көкөністер қоспасынан тұратын, бөлшек саудаға арнап қаптамаға өлшеп оралған көкөністердің мұздатылған қоспасы сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасының 1, 3 (б) және 6 Негізгі түсіндіру қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 0710 90 000 0 қосалқы позициясында сыныпталады.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасы Төрағасының міндетін
уақытша атқарушы
К. Минасян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады