Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы су кемелерімен керек-жарақтар ретінде өткізілетін бункерлік отынның мөлшерлік нормаларын айқындау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 1 қарашадағы № 131 шешімі

      Кеден одағының Кеден кодексі 363-бабының 4-тармағына, 364-бабының 2-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасы 27-тобының жекелеген позицияларында сыныпталатын, Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) кедендік шекарасы арқылы су кемелерімен керек-жарақтар ретінде өткізілетін, оларға Кеден одағы Кеден кодексінің 50-тарауының ережелері қолданылатын теңіз (өзен) кемелерін, ішкі жүзу кемелерін, "өзен – теңіз" жүзу кемелерін, суасты қанаттары бар кемелерді, ауа жастықтары бар кемелерді, өздігінен жүретін және өздігінен жүрмейтін лихтерлер мен баржаларды қоса алғанда, шағын кемелерді (бұдан әрі тиісінше – бункерлік отын, су кемесі) қалыпты пайдалануды қамтамасыз ету және техникалық қызмет көрсету үшін кемедегі энергетикалық қондырғыларда пайдаланылатын мұнай өнімдерінің мөлшерлік нормалары:

      а) осы тармақтың "б" тармақшасында көрсетілген жағдайды қоспағанда, су кемесінің бункерлік отынды сақтауға арналған технологиялық конструктивті ыдыстарының (бұдан әрі – су кемесінің бункерлік танкілері) сыйымдылығы мен су кемесі Одақтың кедендік аумағына келуі сәтінде оның бункерлік танктеріндегі бункерлік отын қалдығының арасындағы айырма;

      б) су кемесінің бункерлік танктерінің сыйымдылығы мен егер осы су кемесін Одақтың кедендік аумағында соңғы бункерлік отынмен бункерлегеннен (отын құйғаннан) кейін 30 күнтізбелік күнге жетпейтін уақыт өтсе, ондағы бункерлік отынның есептік қалдығы арасындағы айырма ретінде есептеледі. Бункерлік отынның есептік қалдығы су кемесінің Одақтың кедендік аумағында бункерлік отынмен соңғы бункерленуі (отын құюы) аяқталған сәтте оның бункерлік танктеріндегі бункерлік отынның қалдығы мен осы су кемесінің Одақтың кедендік аумағында бункерлік отынмен соңғы бункерленгеннен (отын құйғаннан) кейінгі күнтізбелік күндер ішінде ол жұмсаған бункерлік отынның арасындағы айырма ретінде есептеледі.

      2. Одақтың кедендік шекарасы арқылы су кемелерімен керек-жарақтар ретінде өткізілетін бункерлік отынның мөлшерлік нормаларын Одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдары осы су кемелерінің Одақтың кедендік аумағында жүк операцияларын жүзеге асыруына қарамастан қолданады.

      3. Одақтың кедендік шекарасы арқылы су кемелерімен керек-жарақтар ретінде өткізілетін бункерлік отынның мөлшерлік нормаларын айқындау үшін оны керек-жарақтар ретінде кедендік декларациялау кезінде кедендік декларацияда мынадай мәліметтер көрсетілуге тиіс:

      су кемесі бункерлік танктерінің сыйымдылығы;

      су кемесін Одақтың кедендік аумағында бункерлік отынмен соңғы бункерленген (отын құйылған) күн және орын;

      су кемесін Одақтың кедендік аумағында бункерлік отынмен соңғы бункерлеу (отын құю) аяқталғаннан кейін ондағы бункерлік отынның қалдығы (егер су кемесін Одақтың кедендік аумағында бункерлік отынмен соңғы бункерлегеннен (отын құйғаннан) кейін 30 күнтізбелік күнге жетпейтін уақыт өткен жағдайда);

      машина журналындағы немесе машина журналынан алынған үзіндідегі су кемесі капитанының мөрімен және қолтаңбасымен куәландырылған деректерге сәйкес су кемесіндегі бункерлік отынның есептік қалдығы (егер су кемесін Одақтың кедендік аумағында бункерлік отынмен соңғы бункерлегеннен (отын құйғаннан) кейін 30 күнтізбелік күнге жетпейтін уақыт өткен жағдайда).

      4. Осы Шешім Одақтың кедендік шекарасы арқылы Каспий теңізіне шығу мүмкіндігі бар: Ақтау, Баутино теңіз порттарында орналасқан кету орындарында керек-жарақтар ретінде су кемелері өткізетін бункерлік отынға қатысты қолданылмайды.

      5. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасы Төрағасының
міндетін уақытша атқарушы
К. Минасян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады