Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Астық жинау комбайндары мен астық жинау комбайндардың модульдеріне қатысты импорттық квота енгізу арқылы арнайы қорғау шараларын қолдану туралы" 2013 жылғы 25 маусымдағы № 143 шешімімен енгізілген импорттық квотаның қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 16 тамыздағы № 134 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің үшінші елдермен саудада әкелуіне немесе әкетуіне тыйым салулар немесе шектеулер қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіндегі 2.29-бөлім алып тасталсын.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |