Кеден одағының "Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне (КО ТР 010/2011) өзгерістерді қолданысқа енгізу тәртібі туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 15 қарашадағы № 147 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабының 2-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 11-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Мыналар:

      а) Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2016 жылғы 16 мамырдағы №37 шешімімен оларға қатысты Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 18 қазандағы № 823 шешімімен қабылданған Кеден одағының "Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінде (КО ТР 010/2011) (бұдан әрі – техникалық регламент) белгіленген міндетті талаптарға сәйкестігін бағалау нысаны өзгертілген, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2016 жылғы 16 мамырдағы №37 шешімінің күшіне ену күніне дейін берілген немесе қабылданған машиналар мен жабдықтардың сәйкестігін бағалау туралы құжаттар олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жарамды;

      б) техникалық регламентті техникалық реттеу объектісі болып табылатын өнімдерді өндіруге және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтарына айналымға шығаруға, осы тармақтың "а" тармақшасында көрсетілген сәйкестікті бағалау туралы құжаттар болған кезде, осындай құжаттардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жол беріледі;

      в) техникалық регламентті техникалық реттеу объектісі болып табылатын, осы тармақтың "а" тармақшасында көрсетілген сәйкестікті бағалау туралы құжаттардың қолданылуы кезеңінде айналымға шығарылған өнімнің айналымына осы өнімнің жарамдылық мерзімінің ішінде жол беріледі деп белгіленсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді және 2016 жылғы 2 желтоқсаннан бастап туындайтын құқық қатынастарда қолданылады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады