Кеден одағы Кеден кодексінің 225-бабының 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 17 тамыздағы № 438 шешімімен бекітілген Кеден органдарының транзиттік декларацияны беруге, тіркеуге және кедендік транзиттің кедендік рәсімін аяқтауға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібіне өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 180 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 21 қарашадағы № 157 шешіміне ҚОСЫМША |
Кеден органдарының транзиттік декларацияны беруге, тіркеуге және кедендік транзиттің кедендік рәсімін аяқтауға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібіне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. 17-тармақтағы бірінші абзац "межелі кеден органына" деген сөздерден кейін "(осы Тәртіптің III1 бөлімінде көзделген жағдайды қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын.
2. 18-тармақ "осы Тәртіптің" деген сөзден кейін "не осы Тәртіптің 224-тармағында көрсетілген мәліметтерді уәкілетті экономикалық оператордың осы кеден органына жіберу" деген сөздермен толықтырылсын.
3. Мынадай мазмұндағы III1 бөлімімен толықтырылсын:
"III1. Кеден органдарының уәкілетті экономикалық оператордың үй-жайларында, ашық алаңдарында және өзге аумақтарында құрылған кедендік бақылау аймағында орналастырылған тауарларға қатысты кедендік транзиттің кедендік рәсімін аяқтауды рәсімдеуге байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі"
22¹. Тауарларды уақытша сақтауды жүзеге асыру мақсатында уәкілетті экономикалық оператордың үй-жайларында, ашық алаңдарында және өзге аумақтарында құрылған кедендік бақылау аймағына тауарларды жеткізу кезінде (бұдан әрі осы бөлімде – кедендік бақылау аймағы) кедендік транзиттің кедендік рәсімін аяқтау осы бөлімде көзделген тәртіпте, ал тек бір мүше мемлекеттің аумағы бойынша кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау жағдайында осы бөлімде көзделген немесе осы мемлекеттің заңнамасында айқындалған тәртіпте жүзеге асырылады.
222. Тасымалдаушы кедендік бақылау аймағына кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларды жеткізгеннен кейін 2 сағат ішінде уәкілетті экономикалық операторға транзиттік декларацияның нөмірі, сондай-ақ оның тауарларды шығару туралы белгісі бар қолдағы көліктік (тасымалдау) құжаттары мен транзиттік декларацияның құрамына кіретін әрі жөнелтуші кеден органы сәйкестендірген өзге де құжаттар туралы мәліметті ұсынады.
223. Уәкілетті экономикалық оператор көлік құралдарын, сондай-ақ көлік құралдарының жүк бөлігіне салынған кедендік пломбаларды, мөрлерді егер олар қолданылса қарап тексереді.
224. Тасымалдаушы уәкілетті экономикалық операторға осы Тәртіптің 222-тармағында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды ұсынғаннан кейін және осы Тәртіптің 223-тармағында көзделген тексеруді жүргізгеннен кейін уәкілетті экономикалық оператор ақпараттық жүйелер мен ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, осы Тәртіптің 222-тармағында көрсетілген транзиттік декларацияның нөмірі туралы, құжаттары туралы, сондай-ақ межелі кеден органының жеткізу орнына тауарлардың келу күні мен уақыты туралы мәліметтерді тасымалдаушы ұсынған сәттен бастап 1 сағат ішінде, ал межелі кеден органының белгіленген жұмыс уақытынан тыс ұсынылған жағдайда, осы кеден органының жұмыс уақыты басталған сәттен бастап 2 сағат ішінде электронды түрде жолдайды.
225. Егер уәкілетті экономикалық операторы осы Тәртіптің 223-тармағында көзделген қарап-тексеруді жүргізу кезінде көлік құралдарының жүк бөліктерінде сәйкестендіру құралдарын өзгерту, алып тастау, жою немесе айырбастау белгілері анықталған және (немесе) бүлінгендігі анықталған жағдайда осы Тәртіптің 224-тармағында көрсетілген мәліметтерді бір уақытта ақпараттық жүйелер мен ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, электронды түрде жолдау арқылы межелі кеден органын хабардар етеді.
226. Межелі кеден органы осы Тәртіптің 224-тармағында көрсетілген мәліметтерді уәкілетті экономикалық оператор ұсынған сәттен бастап 1 сағат ішінде, ал олар межелі кеден органының белгіленген жұмыс уақытынан тыс ұсынылған жағдайда, осы кеден органының жұмыс уақыты басталған сәттен бастап 2 сағат ішінде өзінің мемлекеттік заңнамасында белгіленген тәртіпте олардың алынғанын тіркейді.
Межелі кеден органы осы Тәртіптің 224-тармағында көрсетілген көлік құралдарының жүк бөлігіне қолданылған сәйкестендіру құралдарын алып тастау мүмкіндігі туралы шешімді не мұндай сәйкестендіру құралдарын алып тастауға тыйым салу туралы және кедендік бақылау аймағында орналастырылған тауарлар мен көлік құралдарына кедендік тексеруді немесе кедендік қарап-тексеруді жүргізу қажеттігі туралы мәліметтерді уәкілетті экономикалық оператор ұсынған сәттен бастап мейілінше қысқа мерзімде, бірақ 4 сағаттан кешіктірмей, ал межелі кеден органының белгіленген жұмыс уақытынан тыс ұсынылған жағдайда, осы кеден органының жұмыс уақыты басталған сәттен бастап 4 сағаттан кешіктірмей қабылдайды және бұл туралы уәкілетті экономикалық операторды ақпараттық жүйелер мен ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, электронды түрде хабардар етеді.
Егер межелі кеден органы уәкілетті экономикалық операторға кедендік бақылау аймағында орналасқан тауарлар мен көлік құралдарына кедендік тексеруді немесе кедендік қарап-тексеруді жүргізу қажеттігі туралы және мұндай сәйкестендіру құралдарын алып тастауға тыйым салу туралы осы тармақтың екінші абзацында көрсетілген мерзім өткенде хабарламаса көлік құралдарының жүк бөлігіне қолданылған сәйкестендіру құралдарын алып тастауға жол беріледі.
Уәкілетті экономикалық оператор тасымалдаушыға осы тармақтың екінші абзацында көрсетілген межелі кеден органының шешімі туралы уәкілетті экономикалық оператордың мөрімен куәландырылған кеден органының басып шығарылған электронды хабарламасын тасымалдаушыға беру арқылы хабарлайды.
Тасымалдаушының уәкілетті экономикалық оператордан көрсетілген кеден органының басып шығарылған электронды хабарламасын алған кезден бастап не осы тармақтың екінші абзацында көрсетілген мерзімдері өткеннен кейін жеткізу орнына жеткізілген болып саналады.
227. Межелі кеден органы көлік құралдарының жүк бөлігіне қолданылған сәйкестендіру құралдарын алып тастау мүмкіндігі туралы уәкілетті экономикалық органға хабарлаған жағдайда, сондай-ақ осы Тәртіптің 226-тармағындағы үшінші абзацта көрсетілген жағдайда, уәкілетті экономикалық оператор оларды алып тастайды және тасымалдаушыдан тауарды қабылдап алады.
Уәкілетті экономикалық оператордың тасымалдаушыдан тауарларды қабылдап алу фактісі көліктік (тасымалдау) құжаттарына тиісті белгіні қою арқылы расталады.
Уәкілетті экономикалық оператор көрсетілген белгіні қойғаннан кейін ақпараттық жүйелер мен ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, транзиттік декларацияның нөмірі туралы, сондай-ақ тасымалдаушыдан тауарларды қабылдаған күні мен уақтысы туралы мәліметті электронды түрде межелі кеден органына жолдайды.
Межелі кеден органы ақпараттық жүйелер мен ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, уәкілетті экономикалық оператордың тасымалдаушыдан тауарларды қабылдап алу фактісін тіркеу туралы уәкілетті экономикалық операторды электронды түрде хабардар етеді. Уәкілетті экономикалық оператор бұл туралы тасымалдаушыға межелі кеден органы уәкілетті экономикалық оператордың мөрімен куәландырылған, кеден органының басып шығарылған электронды хабарламасын беру арқылы не теміржол көлігімен тасымалданатын тауарларға қатысты мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген өзге де тәсілдермен ақпараттандырады.
Межелі кеден органы уәкілетті экономикалық оператордың тасымалдаушыдан тауарларды қабылдап алу фактісін тіркеген және оларды кедендік бақылау аймағына орналастырған кезден бастап уақытша сақтауда орналасқан тауар деп саналады.
228. Егер межелі кеден органы көлік құралдарының жүк бөлігіне қолданылған сәйкестендіру құралдарын алып тастауға тыйым салынғаны туралы және кедендік бақылау аймағында орналасқан тауарлар мен көлік құралдарына кедендік тексеруді немесе кедендік қарап-тексеруді жүргізу қажеттігі туралы уәкілетті экономикалық операторға хабарлаған жағдайда, кедендік транзиттің кедендік рәсімін аяқтау осы Тәртіптің 17-22 және 23-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
229. Осы Тәртіптің 227 және 228-тармақтарында көзделген жағдайларда, межелі кеден органы кедендік транзиттің кедендік рәсімін аяқтауды ресімдеуге байланысты кедендік операцияларды жасау үшін кедендік бақылау аймағында орналасқан тауарлар кедендік бақылаудың өзге аймақтарына немесе уақытша сақтау қоймасына орын ауыстыруға жатпайды.".