Санитариялық, ветеринарлық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шараларды қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 12 қосымша) 24-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 18-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 10 мамырдағы № 41 шешімімен бекітілген Карантиндік фитосанитариялық шараларды зертханалық қамтамасыз ету тәртібіне мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) мәтін бойынша "карантинге жатқызылған өнімнің (карантинге жатқызылған жүктің, карантинге жатқызылған материалдың, карантинге жатқызылған тауардың) карантиндік фитосанитариялық жағдайы туралы" деген сөздер "карантиндік фитосанитариялық сараптамасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
б) 3-тармақтың екінші абзацындағы "карантинге жатқызылған өнімнің (карантинге жатқызылған жүктерді, карантинге жатқызылған материалдарды, карантинге жатқызылған тауарларды) карантиндік фитосанитариялық жағдайы туралы" деген сөздер "карантиндік фитосанитариялық сараптамасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
в) 19-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Карантиндік фитосанитариялық сараптаманың қорытындысы:".
2. Осы Шешім 2017 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т.Саркисян |