Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) 30-тармағына, Кедендік әкелу баждары (өзге де баждар, салықтар және алымдар) сомаларын есептеу және бөлу, оларды мүше мемлекеттердің бюджеттерінің шығыстарына есептеу тәртібі туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 5 қосымша) 50-тармағына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 6 қарашадағы № 200 шешімін басшылыққа ала отырып Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қоса беріліп отырған:
"Кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтер алмасуды қамтамасыз ету, сондай-ақ, осындай мәліметтерді қамтитын деректер қорын қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" жалпы процесінің сыртқы және өзара саудасын интеграцияланған ақпараттық жүйесі құралдарымен іске асыру кезіндегі ақпараттық өзара іс-қимыл қағидалары;
"Кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтер алмасуды қамтамасыз ету, сондай-ақ, осындай мәліметтерді қамтитын деректер қорын қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" жалпы процесінің сыртқы және өзара саудасын интеграцияланған ақпараттық жүйесі құралдарымен іске асыру кезінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің орталық кеден органдары арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламенті;
"Кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтер алмасуды қамтамасыз ету, сондай-ақ, осындай мәліметтерді қамтитын деректер қорын қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" жалпы процесінің сыртқы және өзара саудасын интеграцияланған ақпараттық жүйесі құралдарымен іске асыру кезінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің орталық кеден органдары және Еуразиялық экономикалық комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламенті;
"Кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтер алмасуды қамтамасыз ету, сондай-ақ, осындай мәліметтерді қамтитын деректер қорын қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" жалпы процесінің сыртқы және өзара саудасын интеграцияланған ақпараттық жүйесі құралдарымен іске асыру үшін пайдаланылатын электронды құжаттар мен мәліметтердің пішімдері мен құрылымдарының сипаттамасы;
"Кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтер алмасуды қамтамасыз ету, сондай-ақ, осындай мәліметтерді қамтитын деректер қорын қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" жалпы процесіне қосылу тәртібі бекітілсін.
2. Мыналар:
а) Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру және дамыту жөніндегі жұмыстарды үйлестіру құзыретіне кіретін Еуразиялық экономикалық комиссия департаменті осы Шешімде бекітілген, Сипаттамада көзделген, электронды құжаттар мен мәліметтердің құрылымдарының техникалық схемаларын әзірлеуді және сыртқы және өзара сауданың интеграцияланған ақпараттық жүйесінде ақпараттық өзара іс-қимылды іске асыру кезінде оларды электронды құжаттар мен мәліметтер құрылымдарының тізілімінде орналастыруды жүзеге асырады;
б) осы Шешімде бекітілген, Тәртіптің 6-8-тармақтарына сәйкес қосылу рәсімдерін орындау мерзімі осы Шешім күшіне енген күннен бастап 1 жылды құрайды деп белгіленсін.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 19 желтоқсандағы № 166 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
"Кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтер алмасуды қамтамасыз ету, сондай-ақ, осындай мәліметтерді қамтитын деректер қорын қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" жалпы процесінің сыртқы және өзара саудасын интеграцияланған ақпараттық жүйесі құралдарымен іске асыру кезіндегі ақпараттық өзара іс-қимыл ҚАҒИДАЛАРЫ
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі - Одақ) құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілерге сәйкес әзірленген:
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт;
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Жалпы процестердің сыртқы және өзара саудасын интеграцияланған ақпараттық жүйесі құралдарымен іске асыру кезінде ақпараттық өзара іс-қимылды регламенттейтін технологиялық құжаттар туралы" 2014 жылғы 6 қарашадағы № 200 шешімі;
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Кедендік әкелу баждарының төленген, есептелген және бөлінген сомалары туралы есептемелердің нысандарын бекіту туралы" 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 222 шешімі;
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Сыртқы және өзара сауданың интеграцияланған ақпараттық жүйесінде деректерді электронды алмасу қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 5 шешімі;
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі жалпы процестердің тізбесі және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 19 тамыздғы № 132 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 29 шешімі;
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде жалпы процестерді талдау, оңтайландыру, үндестіру және сипаттау әдістемесі туралы" 2015 жылғы 9 маусымдағы № 63 шешімі;
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің мемлекеттік билік органдарының өз араларында және Еуразиялық экономикалық комиссия арасында трансшекаралық өзара іс-қимыл кезінде электронды құжаттар алмасу туралы ережені бекіту туралы" 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 125 шешімі.
II. Қолдану саласы
2. Осы жалпы процесс шеңберінде орындалатын рәсімдердің сипаттамасын қоса алғанда, осы Қағидалар "Кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтер алмасуды қамтамасыз ету, сондай-ақ, осындай мәліметтерді қамтитын деректер қорын қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" жалпы процесіне (бұдан әрі – жалпы процесс) қатысушылар арасында ақпараттық өзара іс-қимыл тәртібі мен шарттарын айқындау мақсатында әзірленген.
3. Жалпы процесс шеңберінде рәсімдер мен операцияларды орындау тәртібін бақылау кезінде, сондай-ақ, жалпы процесті іске асыруды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелердің құрамдастарын жобалау, әзірлеу, пысықтау кезінде осы Қағидаларды жалпы процеске қатысушылар қолданады.
III. Негізгі ұғымдар
4. Осы Қағидаларда пайдаланылатын, "жалпы процесс рәсімдерінің тобы", "жалпы процестің ақпараттық объектісі", "орындаушы", "жалпы процесс операциясы", "жалпы процесс рәсімі" және "жалпы процеске қатысушы" ұғымдары Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 9 маусымдағы № 63 шешімімен бекітілген, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде жалпы процестерді талдау, оңтайландыру, үндестіру және сипаттау әдістемесінде айқындалған мәндерімен қолданылады.
IV. Жалпы процесс туралы негізгі ұғымдар
5. "Кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтер алмасуды қамтамасыз ету, сондай-ақ, осындай мәліметтерді қамтитын деректер қорын қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" жалпы процесінің толық атауы.
6. Жалпы процестің кодтық белгіленуі: P.DS.03, 1.0.0.
1. Жалпы процестің мақсаттары мен міндеттері
7. Жалпы процестің мақсаттары болып табылатындар:
а) Одаққа мүше мемлекеттердің орталық кеден органдары арасында (бұдан әрі – тиісінше мүше мемлекеттердің орталық кеден органдары) кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтер алмасуды жетілдіру;
б) Еуразиялық экономикалық комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) кедендік әкелу баждарын есептеу және бөлу тетігін іске асыру мониторингін жүзеге асыруы.
8. Жалпы процестің мақсаттарына қол жеткізу үшін келесі міндеттерді шешу қажет:
а) мүше мемлекеттердің орталық кеден органдары арасында кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтерді электронды алмасуды қамтамасыз ету, сондай-ақ, мүше мемлекеттердің орталық кеден органдарының мұндай мәліметтерді электронды түрде Комиссияға ұсынуы;
б) Комиссияда кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты топтастырылған мәліметтерді есепке алуды және сақтауды қамтамасыз ету;
в) Комиссияда талдамалық өңдеу үшін, сондай-ақ, кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты анықтамалық, статистикалық, талдамалық және ақпараттық материалдар әзірлеу үшін кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтерді пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету;
г) Комиссияда кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтерді, кедендік әкелу баждарын есептеу және бөлу сомалары туралы ақпаратты (Жалпы процестер тізбесінің 49-тармағы), сондай-ақ, мүше мемлекеттердің есеп-шоттарына шетел валютасымен түскен ақша қаражаттарды сату (сатып алу) көлемдері туралы мәліметтерді (Жалпы процестер тізбесінің 50-тармағы) бірлесіп талдау мүмкіндігін қамтамасыз ету.
д) жалпы процеске қатысушылардың бірыңғай сыныптауыштар мен анықтамалықтарды пайдалануын қамтамасыз ету.
2. Жалпы процеске қатысушылар
9. 1-кестеде жалпы процеске қатысушылардың тізбесі келтірілген
1-кесте
Кодтық белгіленуі | Атауы | Сипаттамасы |
P.ACT.001 | Комиссия | кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтерді (соның ішінде өзгерген) мүше мемлекеттердің орталық кеден органдарынан алуды қамтамасыз ететін Одақтың органы |
P.DS.03.ACT.001 | жіберуші орталық кеден органы | кедендік баждарды төлеуге байланысты мәліметтерді (соның ішінде өзгерген) жинауды, сақтауды, өңдеуді және басқа да мемлекеттердің орталық кеден органдарына және Комиссияға жіберуді қамтамасыз ететін мүше мемлекеттің орталық кеден органы |
P.DS.03.ACT.002 | алушы орталық кеден органы | басқа да мемлекеттердің орталық кеден органдарынан кедендік баждарды төлеуге байланысты мәліметтерді (соның ішінде өзгерген) алуды, сондай-ақ, алынған деректерді сақтауды және өңдеуді қамтамасыз ететін мүше мемлекеттің орталық кеден органы |
3. Жалпы процестің құрылымы
10. Жалпы процесс төмендегі рәсімдердің жиынтығы болып табылады:
а) есепті кезеңде, орталық кеден органдарының Комиссияға кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтер ұсынуы;
б) есепті кезеңде, орталық кеден органдарының Комиссияға кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты өзгерген мәліметтер ұсынуы;
в) есепті кезеңде, орталық кеден органдарының бір-біріне кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтер ұсынуы;
г) есепті кезеңде, орталық кеден органдарына кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты өзгерген мәліметтер ұсыну.
11. Жалпы процесс рәсімдерін орындау кезінде орталық кеден органдарының Комиссияға кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтерді ұсынуы және орталық кеден органдары арасында аталған мәліметтерді ақпараттық алмасу сыртқы және өзара сауданың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің интеграциялық платформасы пайдаланыла отырып, жүзеге асырылады.
Есепті кезеңде, ай сайын, орталық кеден органдары бір-біріне кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтер ұсынады. Бұрын ұсынылған мәліметтерді түзету қажеттілігі туындаған кезде уәкілетті органдар кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтерді қайта ұсынады. Мәлімет түзетілген айдан бастап, барлық айға мәліметтер беру мүмкіндігіне жол беріледі.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 19 желтоқсандағы № 166 шешімімен бекітілген "Кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтер алмасуды қамтамасыз ету, сондай-ақ, осындай мәліметтерді қамтитын деректер қорын қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" жалпы процесінің сыртқы және өзара саудасын интеграцияланған ақпараттық жүйесі құралдарымен іске асыру кезінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің орталық кеден органдары арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламентіне сәйкес (бұдан әрі - орталық кеден органдары арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламенті) аталған мәліметтерді ұсыну жүзеге асырылады.
Комиссияға орталық кеден органдары, есепті кезеңде, ай сайын, кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтер ұсынады. Алынған мәліметтер негізінде, Комиссия кедендік әкелу баждарының сомаларын (тең әсерлі, өзге де баждар, салықтар мен алымдар) есептеу және бөлу тәртібі туралы хаттаманың 54-тармағын іске асыру, оларды мүше мемлекеттердің бюджеттерінің шығыстарына есептеу (Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шартқа № 5 қосымша) мақсаттарында пайдаланылатын тиісті деректер қорын қалыптастыруды және жүргізуді қамтамасыз етеді.
Бұрын ұсынылған мәліметтерді түзету қажеттілігі туындаған кезде орталық кеден органдары кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтерді қайта ұсынады. Мәлімет түзетілген айдан бастап, барлық айға мәліметтер беру мүмкіндігіне жол беріледі.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 19 желтоқсандағы № 166 шешімімен бекітілген "Кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтер алмасуды қамтамасыз ету, сондай-ақ, осындай мәліметтерді қамтитын деректер қорын қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" жалпы процесінің сыртқы және өзара саудасын интеграцияланған ақпараттық жүйесі құралдарымен іске асыру кезінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің орталық кеден органдары және Еуразиялық экономикалық комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламентіне сәйкес (бұдан әрі - орталық кеден органдары және Еуразиялық экономикалық комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламенті) аталған мәліметтерді ұсыну жүзеге асырылады.
Ұсынылатын мәліметтердің пішімдері мен құрылымдары Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 19 желтоқсандағы № 166 шешімімен бекітілген "Кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтер алмасуды қамтамасыз ету, сондай-ақ, осындай мәліметтерді қамтитын деректер қорын қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" жалпы процесінің сыртқы және өзара саудасын интеграцияланған ақпараттық жүйесі құралдарымен іске асыру үшін пайдаланылатын электронды құжаттар мен мәліметтердің пішімдері мен құрылымдарының сипаттамасына (бұдан әрі – электронды құжаттар мен мәліметтердің пішімдері мен құрылымдарының сипаттамасы) сәйкес болуға тиіс.
12. 1-суретте жалпы процесс құрылымының келтірілген сипаттамасы ұсынылған.
1-сурет. Жалпы процесс құрылымы
13. Осы Қағидалардың VIII бөлімінде операцияларды жіктеп сипаттауды қоса алғанда, жалпы процесс операцияларын орындау тәртібі келтірілген.
14. Бөлімде жалпы процесс рәсімдері арасындағы байланысты көрсететін жалпы схема және оларды орындау тәртібі келтірілген. Рәсімдердің жалпы схемасы UML графикалық нотациясы (моделдеудің жетілдірілген тілі - Unified Modeling Language) пайдаланылып, жасалған және мәтіндік сипатталып, жабдықталған.
4. Жалпы процесс рәсімдері
15. 2-кестеде жалпы процесс рәсімдерінің тізбесі келтірілген
2-кесте
Жалпы процесс рәсімдерінің тізбесі
Кодтық белгіленуі | Атауы | Сипаттамасы |
1 | 2 | 3 |
P.DS.03. PRС.001 | есепті кезеңде Комиссияға орталық кеден органдарының кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтер ұсынуы | рәсім есепті кезеңде жіберуші орталық кеден органының Комиссияға кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтерді ұсынуына арналған |
P.DS.03. PRС.002 | есепті кезеңде орталық кеден органдарының Комиссияға кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты өзгерген мәліметтер ұсынуы | рәсім есепті кезеңде Комиссияға жіберуші орталық кеден органының кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты өзгерген мәліметтер ұсынуына арналған |
P.DS.03. PRС.003 | есепті кезеңде орталық кеден органдарының бір-біріне кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтер ұсынуы | рәсім есепті кезеңде жіберуші орталық кеден органының алушы орталық кеден органына кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтер ұсынуына арналған |
P.DS.03. PRС.004 | есепті кезеңде орталық кеден органдарына кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты өзгерген мәліметтер ұсыну | рәсім есепті кезеңде жіберуші орталық кеден органының алушы орталық кеден органына кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты өзгерген мәліметтер ұсынуына арналған |
V. Жалпы процестің ақпараттық объектілері
16. 3-кестеде жалпы процеске қатысушылар арасындағы өзара іс-қимыл процесінде олар туралы немесе олардан мәліметтер берілетін ақпараттық объектілердің тізбесі келтірілген.
3-кесте
Ақпараттық объектілердің тізбесі
Кодтық белгіленуі | Атауы | Сипаттамасы |
1 | 2 | 3 |
P.DS.03. BEN.001 | кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтер | есепті кезеңде кедендік баждарды төлеуге байланысты (соның ішінде өзгерген) мәліметтер |
VI. Жалпы процеске қатысушылардың жауапкершілігі
17. 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа, Одақтың құқығын құрайтын өзге де халықаралық шарттар мен актілерге сәйкес, Комиссияның ақпараттық өзара іс-қимылға қатысатын лауазымды адамдары мен қызметкерлері, ал мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының лауазымды адамдары мен қызметкерлері - мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес, мәліметтерді берудің уақтылығы мен толықтылығын қамтамасыз етуге бағытталған талаптардың сақталмағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тарту жүзеге асырылады.
VII. Жалпы процестің анықтамалықтары мен сыныптауыштары
18. 4-кестеде жалпы процестің анықтамалықтары мен сыныптауыштарының тізбесі келтірілген.
4-кесте
Жалпы процестің анықтамалықтары мен сыныптауыштарының тізбесі
Кодтық белгіленуі | Атауы | Тұрпаты | Сипаттамасы |
1 | 2 | 3 | 4 |
P.CLS.001 | әлем елдерінің сыныптауышы | сыныптауыш | елдердің атауларының тізбесі және оларға тиісті кодтар болады (Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешіміне сәйкес қолданылады) |
P.CLS.002 | Валюталардың сыныптауышы | сыныптауыш | валюталардың кодтары мен атауларының тізбесі болады (Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешіміне сәйкес қолданылады) |
P.CLS.074 | алынуы кеден органдарына жүктелген салықтардың, алымдардың және өзге де төлемдердің түрлерінің сыныптауышы | сыныптауыш | алынуы кеден органдарына жүктелген салықтардың, алымдардың және өзге де төлемдердің түрлерінің тізбесі және оларға тиісті кодтар болады (Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешіміне сәйкес қолданылады) |
VIII. Жалпы процесс рәсімдері
"Есепті кезеңде орталық кеден органдарының Комиссияға кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтер ұсынуы" (P.DS.03. PRС.001) рәсімі
19. 2-суретте "Есепті кезеңде орталық кеден органдарының Комиссияға кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтер ұсынуы" (P.DS.03. PRС.001) рәсімін орындау схемасы ұсынылған.
2-сурет. "Есепті кезеңде орталық кеден органдарының Комиссияға кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтер ұсынуы" (P.DS.03. PRС.001) рәсімін орындау схемасы
20. "Есепті кезеңде орталық кеден органдарының Комиссияға кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтер ұсынуы" (P.DS.03. PRС.001) рәсімі есепті кезеңде, кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтерді ұсыну мерзімі басталған кезде орындалады.
21. Алдымен, "Есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтерді Комиссияға ұсыну" (P.DS.03. OPR.001) рәсімі орындалады, оны орындау нәтижелері бойынша жіберуші орталық кеден органы есепті кезеңде, кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтерді қалыптастырады және Комиссияға жібереді.
22. Комиссия есепті кезеңде, кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтерді алған кезде, "Есепті кезеңде Комиссияның кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтерді қабылдауы және өңдеуі" (P.DS.03. OPR.002) операциясы орындалады, оны орындау нәтижелері бойынша аталған мәліметтерді қабылдау және өңдеу жүзеге асырылады. Жіберуші орталық кеден органына есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтерді өңдеу туралы хабарлама жіберіледі.
23. Жберуші орталық кеден органы есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтерді өңдеу туралы хабарламаны алған кезде "Кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтерді өңдеу туралы Комиссиядан хабарлама алу" (P.DS.03. OPR.003) операциясы орындалады.
24. Есепті кезеңде Комиссияның кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтерді алуы "Есепті кезеңде Комиссияға орталық кеден органдарының кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтерді ұсынуы" (P.DS.03. OPR.001) операциясын орындау нәтижесі болып табылады.
25. "Есепті кезеңде Комиссияға орталық кеден органдарының кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтерді ұсынуы" (P.DS.03.OPR.001) рәсімі шеңберінде орындалатын жалпы процесс операцияларының тізбесі 5-кестеде келтірілген.
5-кесте
"Есепті кезеңде Комиссияға орталық кеден органдарының кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтерді ұсынуы" (P.DS.03. OPR.001) рәсімі шеңберінде орындалатын жалпы процесс операцияларының тізбесі
Кодтық белгіленуі | Атауы | Сипаттамасы |
1 | 2 | 3 |
P.DS.03. OPR.001 | есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтерді Комиссияға ұсыну | Осы Қағидалардың 6-кестесінде келтірілген |
P.DS.03. OPR.002 | Комиссияның есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтерді қабылдауы және өңдеуі | Осы Қағидалардың 7-кестесінде келтірілген |
P.DS.03. OPR.003 | кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтерді өңдеу туралы Комиссиядан хабарлама алу | Осы Қағидалардың 8-кестесінде келтірілген |
6-кесте
"Есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтерді Комиссияға ұсыну" (P.DS.03. OPR.001) операциясының сипаттамасы
т/р № | Элементті белгілеу | Сипаттамасы |
1 | 2 | 3 |
1 | Кодтық белгіленуі | P.DS.03. OPR.001 |
2 | Операцияның атауы | есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтерді Комиссияға ұсыну |
3 | Орындаушы | жіберуші орталық кеден органы |
4 | Орындау шарттары | есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтерді ұсыну мерзімі басталған кезде орындалады |
5 | Шектеулер | ұсынылған мәліметтердің пішімі мен құрылымы электронды құжаттар мен мәліметтердің пішімдері мен құрылымдарының сипаттамасына сәйкес болуға тиіс |
6 | Операцияның сипаттамасы | орталық кеден органдары және Комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламентіне сәйкес, орындаушы есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтерді қалыптастырады және Комиссияға жібереді |
7 | Нәтижелер | есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтер Комиссияға ұсынылған |
7-кесте
"Комиссияның есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтерді қабылдауы және өңдеуі" (P.DS.03. OPR.002) операциясының сипаттамасы
т/р № | Элементті белгілеу | Сипаттамасы |
1 | 2 | 3 |
1 | Кодтық белгіленуі | P.DS.03. OPR.002 |
2 | Операцияның атауы | Комиссияның есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтерді қабылдауы және өңдеуі |
3 | Орындаушы | Комиссия |
4 | Орындау шарттары | орындаушы есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтерді алған кезде орындалады ("Есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтерді Комиссияға ұсыну" (P.DS.03. OPR.001) |
5 | Шектеулер | ұсынылған мәліметтердің пішімі мен құрылымы электронды құжаттар мен мәліметтердің пішімдері мен құрылымдарының сипаттамасына сәйкес болуға тиіс. Электронды құжаттың (мәліметтердің) реквизиттері орталық кеден органдары және Комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламентінің IX бөлімінде көзделген талаптарға сәйкес болуға тиіс |
6 | Операцияның сипаттамасы | орындаушы есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтерді алады және оларды орталық кеден органдары және Комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламентіне сәйкес тексереді. Тексеру табысты орындалған кезде орындаушы орталық кеден органдары және Комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламентіне сәйкес мәліметтерді өңдеуге сәйкес келетін өңдеу нәтижесінің кодын көрсете отырып, мәліметтерді өңдеу нәтижелері туралы жіберуші орталық кеден органын хабардар етеді |
7 | Нәтижелер | есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтер өңделген, жіберуші орталық кеден органына есепті кезеңде кедендік әкелу баждарының сомалары туралы мәліметтерді өңдеу туралы хабарлама жіберілген |
8-кесте
"Кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтерді өңдеу туралы Комиссиядан хабарлама алу" (P.DS.03. OPR.003) операциясының сипаттамасы
т/р № | Элементті белгілеу | Сипаттамасы |
1 | 2 | 3 |
1 | Кодтық белгіленуі | P.DS.03. OPR.003 |
2 | Операцияның атауы | кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтерді өңдеу туралы Комиссиядан хабарлама алу |
3 | Орындаушы | жіберуші орталық кеден органы |
4 | Орындау шарттары | орындаушы есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтерді өңдеу туралы хабарлама алған кезде орындалады ("Комиссияның есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтерді қабылдауы және өңдеуі" P.DS.03. OPR.002 операциясы) |
5 | Шектеулер | ұсынылған мәліметтердің пішімі мен құрылымы электронды құжаттар мен мәліметтердің пішімдері мен құрылымдарының сипаттамасына сәйкес болуға тиіс |
6 | Операцияның сипаттамасы | орындаушы есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтерді өңдеу туралы хабарламаны қабылдауды жүзеге асырады |
7 | Нәтижелер | есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтерді өңдеу туралы хабарлама алынған |
"Есепті кезеңде орталық кеден органдарының Комиссияға кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты өзгерген мәліметтер ұсынуы" (P.DS.03. PRС.002) рәсімі
26. 3-суретте "Есепті кезеңде орталық кеден органдарының Комиссияға кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты өзгерген мәліметтер ұсынуы" (P.DS.03. PRС.002) рәсімін орындау схемасы ұсынылған.
3-сурет. "Есепті кезеңде орталық кеден органдарының Комиссияға кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты өзгерген мәліметтер ұсынуы" (P.DS.03. PRС.002) рәсімін орындау схемасы
27. "Есепті кезеңде орталық кеден органдарының Комиссияға кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты өзгерген мәліметтер ұсынуы" (P.DS.03. PRС.002) рәсімі есепті кезеңде орталық кеден органдарының кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты бұрын жіберілген мәліметтерге өзгерістер енгізу қажеттілігі туындаған кезде орындалады.
28. Алдымен, "Есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты өзгерген мәліметтерді Комиссияға ұсыну" (P.DS.03. OPR.004) операциясы орындалады, оны орындау нәтижесі бойынша жіберуші орталық кеден органы есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты өзгерген мәліметтерді қалыптастырады және Комиссияға ұсынады.
29. Есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты өзгерген мәліметтерді Комиссия алған кезде "Есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты өзгерген мәліметтерді Комиссияда қабылдау және өңдеу" (P.DS.03.OPR.005) операциясы орындалады, оны орындау нәтижесі бойынша Комиссия аталған мәліметтерді қабылдауды және өңдеуді жүзеге асырады. Жіберуші орталық кеден органына есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты өзгерген мәліметтерді өңдеу туралы хабарлама жіберіледі.
30. Жіберуші орталық кеден органы есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты өзгерген мәліметтердің табысты өңделгені туралы хабарлама алған кезде "Есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты өзгерген мәліметтерді өңдеу туралы Комиссиядан хабарлама алу" (P.DS.03. OPR.006) рәсімі орындалады, оны орындау нәтижесі бойынша жіберуші орталық кеден органы аталған хабарламаны қабылдауды және өңдеуд жүзеге асырады.
31. Есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты өзгерген мәліметтерді Комиссияның алуы "Есепті кезеңде орталық кеден органдарының Комиссияға кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты өзгерген мәліметтер ұсынуы" (P.DS.03. PRС.002) рәсімін орындау нәтижесі болып табылады.
32. 9-кестеде "Есепті кезеңде орталық кеден органдарының Комиссияға кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты өзгерген мәліметтер ұсынуы" (P.DS.03. PRС.002) рәсімі шеңберінде орындалатын жалпы процесс операцияларының тізбесі келтірілген.
9-кесте
"Есепті кезеңде орталық кеден органдарының Комиссияға кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты өзгерген мәліметтер ұсынуы" (P.DS.03. PRС.003) шеңберінде орындалатын жалпы процесс операцияларының тізбесі
Кодтық белгіленуі | Атауы | Сипаттамасы |
1 | 2 | 3 |
P.DS.03. OPR.004 | есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты өзгерген мәліметтерді Комиссияға ұсыну | Осы Қағидалардың 10-кестесінде келтірілген |
P.DS.03. OPR.005 | есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты өзгерген мәліметтерді Комиссияда қабылдау және өңдеу | Осы Қағидалардың 11-кестесінде келтірілген |
P.DS.03. OPR.006 | есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты өзгерген мәліметтерді өңдеу туралы Комиссиядан хабарлама алу | Осы Қағидалардың 12-кестесінде келтірілген |
10-кесте
"Есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты өзгерген мәліметтерді Комиссияға ұсыну" (P.DS.03. OPR.004) операциясының сипаттамасы
т/р № | Элементті белгілеу | Сипаттамасы |
1 | 2 | 3 |
1 | Кодтық белгіленуі | P.DS.03. OPR.004 |
2 | Операцияның атауы | есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты өзгерген мәліметтерді Комиссияға ұсыну |
3 | Орындаушы | жіберуші орталық кеден органы |
4 | Орындау шарттары | есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты өзгерген мәліметтерді ұсыну қажеттілігі анықталған кезде орындалады |
5 | Шектеулер | ұсынылатын мәліметтердің пішімі мен құрылымы электронды құжаттар мен мәліметтердің пішімдері мен құрылымдарының сипаттамасына сәйкес болуға тиіс |
6 | Операцияның сипаттамасы | орталық кеден органдары және Комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламентіне сәйкес, орындаушы есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты өзгерген мәліметтерді қалыптастырады және Комиссияға жібереді |
7 | Нәтижелер | есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты өзгерген мәліметтер Комиссияға ұсынылған |
11-кесте
"Есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты өзгерген мәліметтерді Комиссияда қабылдау және өңдеу" (P.DS.03. OPR.005) операциясының сипаттамасы
т/р № | Элементті белгілеу | Сипаттамасы |
1 | 2 | 3 |
1 | Кодтық белгіленуі | P.DS.03. OPR.005 |
2 | Операцияның атауы | есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты өзгерген мәліметтерді Комиссияда қабылдау және өңдеу |
3 | Орындаушы | Комиссия |
4 | Орындау шарттары | орындаушы есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты өзгерген мәліметтерді алған кезде орындалады "Есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты өзгерген мәліметтерді Комиссияға ұсыну" операциясы (P.DS.03. OPR.004) |
5 | Шектеулер | ұсынылған мәліметтердің пішімі мен құрылымы электронды құжаттар мен мәліметтердің пішімдері мен құрылымдарының сипаттамасына сәйкес болуға тиіс. Электронды құжаттың (мәліметтердің) реквизиттері орталық кеден органдары және Комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламентінің IX бөлімінде көзделген талаптарға сәйкес болуға тиіс |
6 | Операцияның сипаттамасы | орындаушы есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты өзгерген мәліметтерді алады және оларды орталық кеден органдары және Комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламентіне сәйкес тексереді. Тексеру табысты орындалған кезде орындаушы орталық кеден органдары және Комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламентіне сәйкес мәліметтерді өңдеуге сәйкес келетін өңдеу нәтижесінің кодын көрсете отырып, мәліметтерді өңдеу нәтижелері туралы жіберуші орталық кеден органын хабардар етеді |
7 | Нәтижелер | есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты өзгерген мәліметтер өңделген, жіберуші орталық кеден органына есепті кезеңде кедендік әкелу баждарының сомалары туралы мәліметтерді өңдеу туралы хабарлама жіберілген |
12-кесте
"Есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты өзгерген мәліметтерді өңдеу туралы Комиссиядан хабарлама алу" (P.DS.03. OPR.006) операциясының сипаттамасы
т/р № | Элементті белгілеу | Сипаттамасы |
1 | 2 | 3 |
1 | Кодтық белгіленуі | P.DS.03. OPR.006 |
2 | Операцияның атауы | есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты өзгерген мәліметтерді өңдеу туралы Комиссиядан хабарлама алу |
3 | Орындаушы | жіберуші орталық кеден органы |
4 | Орындау шарттары | орындаушы есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты өзгерген мәліметтерді өңдеу туралы хабарлама алған кезде орындалады "Есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты өзгерген мәліметтерді Комиссияда қабылдау және өңдеу" (P.DS.03. OPR.005) операциясы |
5 | Шектеулер | ұсынылған мәліметтердің пішімі мен құрылымы электронды құжаттар мен мәліметтердің пішімдері мен құрылымдарының сипаттамасына сәйкес болуға тиіс |
6 | Операцияның сипаттамасы | орындаушы есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты өзгерген мәліметтерді өңдеу туралы хабарламаны қабылдауды жүзеге асырады |
7 | Нәтижелер | есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты өзгерген мәліметтерді өңдеу туралы хабарлама алынған |
"Есепті кезеңде орталық кеден органдарының бір-біріне кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтер ұсынуы" (P.DS.03. PRС.003) рәсімі
33. 4-суретте "Есепті кезеңде орталық кеден органдарының бір-біріне кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтер ұсынуы" (P.DS.03. PRС.003) рәсімін орындау схемасы ұсынылған
4-сурет. "Есепті кезеңде орталық кеден органдарының бір-біріне кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтер ұсынуы" (P.DS.03. PRС.003) рәсімін орындау схемасы
34. "Есепті кезеңде орталық кеден органдарының бір-біріне кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтер ұсынуы" (P.DS.03. PRС.003) рәсімі есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтерді ұсыну мерзімі басталған кезде орындалады.
35. Алдымен, "Есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтер ұсыну" (P.DS.03.OPR.007) орындалады, оны орындау нәтижелері бойынша жіберуші орталық кеден органы есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтерді қалыптастырады және алушы орталық кеден органына жібереді.
36. Алушы орталық кеден органы есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтерді алған кезде "Есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтерді қабылдау және өңдеу" (P.DS.03.OPR.008) операциясы орындалады, орындау нәтижелері бойынша аталған мәліметтерді қабылдау және өңдеу жүзеге асырылады. Жіберуші орталық кеден органына есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтерді өңдеу туралы хабарлама жіберіледі.
37. Жіберуші орталық кеден органы есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтерді өңдеу туралы хабарлама алған кезде, "Есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтерді өңдеу туралы хабарлама алу" (P.DS.03. OPR.009) операциясы орындалады, оны орындау нәтижелері бойынша аталған мәліметті қабылдау және өңдеу жүзеге асырылады.
38. Жіберуші орталық кеден органының есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтерді алуы "Есепті кезеңде орталық кеден органдарының бір-біріне кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтер ұсынуы" (P.DS.03.PRС.003) рәсімін орындау нәттижесі болып табылады.
39. 13-кестеде "Есепті кезеңде орталық кеден органдарының бір-біріне кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтер ұсынуы" (P.DS.03.PRС.003) рәсімі шеңберінде орындалатын жалпы процесс операцияларының тізбесі келтірілген.
13-кесте
"Есепті кезеңде орталық кеден органдарының бір-біріне кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтер ұсынуы" (P.DS.03.PRС.003) рәсімі шеңберінде орындалатын жалпы процесс операцияларының тізбесі
Кодтық белгіленуі | Атауы | Сипаттамасы |
1 | 2 | 3 |
(P.DS.03. OPR.007) | есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтер ұсыну | Осы Қағидалардың 14-кестесінде келтірілген |
(P.DS.03.OPR.008) | есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтерді қабылдау және өңдеу | Осы Қағидалардың 15-кестесінде келтірілген |
(P.DS.03. OPR.009) | есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтерді өңдеу туралы хабарлама алу | Осы Қағидалардың 16-кестесінде келтірілген |
14-кесте
"Есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтер ұсыну" (P.DS.03. OPR.007) операциясының сипаттамасы
т/р № | Элементті белгілеу | Сипаттамасы |
1 | 2 | 3 |
1 | Кодтық белгіленуі | P.DS.03. OPR.007 |
2 | Операцияның атауы | есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтер ұсыну |
3 | Орындаушы | жіберуші орталық кеден органы |
4 | Орындау шарттары | есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтер ұсыну мерзімі басталған кезде орындалады |
5 | Шектеулер | ұсынылған мәліметтердің пішімі мен құрылымы электронды құжаттар мен мәліметтердің пішімдері мен құрылымдарының сипаттамасына сәйкес болуға тиіс |
6 | Операцияның сипаттамасы | орталық кеден органдары арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламентіне сәйкес, орындаушы есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтерді қалыптастырады және алушы орталық кеден органына жібереді |
7 | Нәтижелер | алушы орталық кеден органына есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтер ұсынылған |
15-кесте
"Есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтерді қабылдау және өңдеу" (P.DS.03.OPR.008) операциясының сипаттамасы
т/р № | Элементті белгілеу | Сипаттамасы |
1 | 2 | 3 |
1 | Кодтық белгіленуі | P.DS.03. OPR.008 |
2 | Операцияның атауы | есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтерді қабылдау және өңдеу |
3 | Орындаушы | алушы орталық кеден органы |
4 | Орындау шарттары | орындаушы есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтерді алған кезде орындалады ("Есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтер ұсыну" (P.DS.03. OPR.007) операциясы) |
5 | Шектеулер | ұсынылған мәліметтердің пішімі мен құрылымы электронды құжаттар мен мәліметтердің пішімдері мен құрылымдарының сипаттамасына сәйкес болуға тиіс. Электронды құжаттың (мәліметтердің) реквизиттері орталық кеден органдары арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламентінің IX бөлімінде көзделген талаптарға сәйкес болуға тиіс |
6 | Операцияның сипаттамасы | орындаушы есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтерді алады және оларды орталық кеден органдары арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламентіне сәйкес тексереді. Тексеру табысты орындалған кезде орындаушы орталық кеден органдары арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламентіне сәйкес мәліметтерді өңдеуге сәйкес келетін өңдеу нәтижесінің кодын көрсете отырып, мәліметтерді өңдеу нәтижелері туралы жіберуші орталық кеден органын хабардар етеді |
7 | Нәтижелер | есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтер өңделген, жіберуші орталық кеден органына есепті кезеңде кедендік әкелу баждарының сомалары туралы мәліметтерді өңдеу туралы хабарлама жіберілген |
16-кесте
"Есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтерді өңдеу туралы хабарлама алу" (P.DS.03. OPR.009) операциясының сипаттамасы
т/р № | Элементті белгілеу | Сипаттамасы |
1 | 2 | 3 |
1 | Кодтық белгіленуі | P.DS.03. OPR.009 |
2 | Операцияның атауы | есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтерді өңдеу туралы хабарлама алу |
3 | Орындаушы | жіберуші орталық кеден органы |
4 | Орындау шарттары | орындаушы есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтерді өңдеу туралы хабарлама алған кезде орындалады ("Есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтерді қабылдау және өңдеу" (P.DS.03.OPR.008 операциясы) |
5 | Шектеулер | ұсынылған мәліметтердің пішімі мен құрылымы электронды құжаттар мен мәліметтердің пішімдері мен құрылымдарының сипаттамасына сәйкес болуға тиіс. |
6 | Операцияның сипаттамасы | орындаушы есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтерді өңдеу туралы хабарламаны қабылдауды жүзеге асырады |
7 | Нәтижелер | есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтерді өңдеу туралы хабарлама алынған |
"Есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты өзгерген мәліметтерді орталық кеден органдарына ұсыну" рәсімі (P.DS.03. PRC.004)
40. 5-суретте "Есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты өзгерген мәліметтерді орталық кеден органдарына ұсыну" (P.DS.03. PRC.004) рәсімін орындау схемасы ұсынылған.
5-сурет. "Есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты өзгерген мәліметтерді орталық кеден органдарына ұсыну" (P.DS.03. PRC.004) рәсімін орындау схемасы
41. "Есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты өзгерген мәліметтерді орталық кеден органдарына ұсыну" (P.DS.03. PRC.004) рәсімі есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты бұрын жіберілген мәліметтерге өзгерістер енгізу қажеттілігі туындаған кезде орындалады.
42. Алдымен, "Есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты өзгерген мәліметтер ұсыну" (P.DS.03.OPR.010) операциясы орындалады, оны орындау нәтижелері бойынша жіберуші орталық кеден органы есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты өзгерген мәліметтерді қалыптастырады және алушы орталық кеден органына жібереді.
43.Аалушы орталық кеден органы есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты өзгерген мәліметтерді алған кезде "Есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты өзгерген мәліметтерді қабылдау және өңдеу" (P.DS.03.OPR.011) операциясы орындалады, оны орындау нәтижелері бойынша аталған мәліметтерді қабылдау және өңдеу жүзеге асырылады. Жіберуші орталық кеден органына есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты өзгерген мәліметтерді өңдеу туралы хабарлама жіберіледі.
44. Жіберуші орталық кеден органы есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты өзгерген мәліметтерді алған кезде "Есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты өзгерген мәліметтерді өңдеу туралы хабарлама алу" (P.DS.03.OPR.012) операциясы орындалады, оны орындау нәтижелері бойынша аталған хабарламаны қабылдау және өңдеу жүзеге асырылады.
45. Алушы орталық кеден органының есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты өзгерген мәліметтерді алуы "Есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты өзгерген мәліметтерді орталық кеден органдарына ұсыну" (P.DS.03. PRC.004) рәсімін орындау нәтижесі болып табылады.
46. 17-кестеде "Есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты өзгерген мәліметтерді орталық кеден органдарына ұсыну" (P.DS.03. PRC.004) рәсімі шеңберінде орындалатын жалпы процесс операцияларының тізбесі келтірілген.
17-кесте
"Есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты өзгерген мәліметтерді орталық кеден органдарына ұсыну" (P.DS.03. PRC.004) рәсімі шеңберінде орындалатын жалпы процесс операцияларының тізбесі
Кодтық белгіленуі | Атауы | Сипаттамасы |
1 | 2 | 3 |
.DS.03. OPR.010 | Есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты өзгерген мәліметтер ұсыну | Осы Қағидалардың 18-кестесінде келтірілген |
(P.DS.03.OPR.011) | Есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты өзгерген мәліметтерді қабылдау және өңдеу | Осы Қағидалардың 19-кестесінде келтірілген |
(P.DS.03.OPR.012) | "Есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты өзгерген мәліметтерді өңдеу туралы хабарлама алу" | Осы Қағидалардың 20-кестесінде келтірілген |
18-кесте
"Есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты өзгерген мәліметтер ұсыну" (P.DS.03. OPR.010) операциясының сипаттамасы
т/р № | Элементті белгілеу | Сипаттамасы |
1 | 2 | 3 |
1 | Кодтық белгіленуі | P.DS.03. OPR.010 |
2 | Операцияның атауы | есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты өзгерген мәліметтер ұсыну |
3 | Орындаушы | жіберуші орталық кеден органы |
4 | Орындау шарттары | есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты өзгерген мәліметтер ұсыну қажеттілігі белгіленген кезде орындалады |
5 | Шектеулер | ұсынылған мәліметтердің пішімі мен құрылымы электронды құжаттар мен мәліметтердің пішімдері мен құрылымдарының сипаттамасына сәйкес болуға тиіс. |
6 | Операцияның сипаттамасы | орындаушы орталық кеден органдары арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламентіне сәйкес есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты өзгерген мәліметтерді қалыптастырады және алушы орталық кеден органына жібереді. |
7 | Нәтижелер | алушы орталық кеден органына есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты өзгерген мәліметтер ұсынылған |
19-кесте
"Есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты өзгерген мәліметтерді қабылдау және өңдеу" (P.DS.03.OPR.011) операциясының сипаттамасы
т/р № | Элементті белгілеу | Сипаттамасы |
1 | 2 | 3 |
1 | Кодтық белгіленуі | P.DS.03. OPR.011 |
2 | Операцияның атауы | есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты өзгерген мәліметтерді қабылдау және өңдеу |
3 | Орындаушы | алушы орталық кеден органы |
4 | Орындау шарттары | орындаушы есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты өзгерген мәліметтерді алған кезде орындалады ("Есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты өзгерген мәліметтер ұсыну операциясы" (P.DS.03. OPR.010) |
5 | Шектеулер | ұсынылған мәліметтердің пішімі мен құрылымы электронды құжаттар мен мәліметтердің пішімдері мен құрылымдарының сипаттамасына сәйкес болуға тиіс. Электронды құжаттың (мәліметтердің) реквизиттері орталық кеден органдары арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламентінің IX бөлімінде көзделген талаптарға сәйкес болуға тиіс |
6 | Операцияның сипаттамасы | орындаушы есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты өзгерген мәліметтерді алады және оларды орталық кеден органдары арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламентіне сәйкес тексереді. Тексеру табысты орындалған кезде орындаушы орталық кеден органдары арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламентіне сәйкес мәліметтерді өңдеуге сәйкес келетін өңдеу нәтижесінің кодын көрсете отырып, мәліметтерді өңдеу нәтижелері туралы жіберуші орталық кеден органын хабардар етеді |
7 | Нәтижелер | есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты өзгерген мәліметтер өңделген, жіберуші орталық кеден органына есепті кезеңде кедендік әкелу баждарының сомалары туралы мәліметтерді өңдеу туралы хабарлама жіберілген |
20-кесте
"Есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты өзгерген мәліметтерді өңдеу туралы хабарлама алу" (P.DS.03.OPR.012) операциясының сипаттамасы
т/р № | Элементті белгілеу | Сипаттамасы |
1 | 2 | 3 |
1 | Кодтық белгіленуі | P.DS.03. OPR.012 |
2 | Операцияның атауы | есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты өзгерген мәліметтерді өңдеу туралы хабарлама алу |
3 | Орындаушы | жіберуші орталық кеден органы |
4 | Орындау шарттары | орындаушы есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты өзгерген мәліметтерді өңдеу туралы хабарлама алған кезде орындалады ("Есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты өзгерген мәліметтерді қабылдау және өңдеу" (P.DS.03.OPR.011) операциясы |
5 | Шектеулер | ұсынылған мәліметтердің пішімі мен құрылымы электронды құжаттар мен мәліметтердің пішімдері мен құрылымдарының сипаттамасына сәйкес болуға тиіс. |
6 | Операцияның сипаттамасы | орындаушы есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты өзгерген мәліметтерді өңдеу туралы хабарламаны қабылдауды жүзеге асырады |
7 | Нәтижелер | есепті кезеңде кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты өзгерген мәліметтерді өңдеу туралы хабарлама алынған |
IX. Оқыс жағдайлардағы іс-қимылдар тәртібі
47. Жалпы процесс рәсімдерін орындау кезінде қалыпты жағдайда деректерді өңдеу мүмкін болмайтын ерекше жағдайлар болуы мүмкін. Бұл техникалық іркілістер, құрылымдық және форматтық-логикалық бақылау кемшіліктер және өзге де жағдайларда туындауы мүмкін.
48. Құрылымдық және форматтық-логикалық бақылау кемшіліктер туындаған жағдайда, орталық кеден органдары арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламентіне және орталық кеден органдары және Комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламентіне сәйкес, электронды құжаттар мен мәліметтердің пішімдері мен құрылымдарының сипаттамасына және электронды құжаттар мен мәліметтерді толтыру талаптарына сәйкестік тұрғысында жіберуші орталық кеден органы қемшілік туралы алынған хабарламаға қатысты хабарды тексеруді жүзеге асырады. Аталған құжаттарға мәліметтерің сәйкессіздігі анықталған жағдайда, жіберуші орталық кеден органы белгіленген тәртіпке сәйкес, анықталған кемшіліктерді жою үшін қажетті шараларды қолданады.
49. Оқыс жағдаларды шешу мақсаттарында мүше мемлекеттер осы Қағидаларда көзделген талаптарды орындау өз құзыретіне кіретін мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары туралы бір-бірін және Комиссияны хабардар етеді, сондай-ақ, жалпы процесті іске асыру кезінде техникалық қолдауды қамтамасыз етуге жауапты адамдар туралы мәліметтер ұсынады.