Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес қоқыс сығымдау компакторын сыныптау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 27 желтоқсандағы № 173 шешімі

      Кеден одағы Кеден кодексінің 52-бабының 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      Жүк автомобилінің шассиіне орнатылатын, көлік құралы қозғалтқышы арқылы іске қосылатын тығыздауыш механизмдері, қоқыстарды контейнерлерден алып шығу құрылғысы, механизмдер мен гидравликалық жетекті автоматты түрде басқару жүйесі бар артқы борты, итеріп шығару плитасы бар шанақ-контейнерді білдіретін және қатты тұрмыстық қалдықтарды тиеуге, сығымдауға, тасымалдауға және түсіруге арналған қоқыс сығымдаушы компактор сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасын түсіндірудің 1 Негізгі қағидасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 8707 тауар позициясында сыныпталады.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады