Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа №1 қосымша) 43-тармағының 13-тармақшасына, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне №1 қосымшаның 130-тармағына және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Төрағасының 2012 жылғы 27 шілдедегі № 231 бұйрығымен бекітілген Ғылыми зерттеулермен байланысты Еуразиялық экономикалық комиссияның қызметін ұйымдастыру тәртібінің 11-тармағына сәйкес:
1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 7 маусымдағы №77 өкімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның 2016 - 2017 жылдарға арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарына өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық-телекоммуникациялық "Интернет" желісіндегі ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 5 шілдедегі № 94 өкіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық комиссияның 2016 – 2017 жылдарға арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарына енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР
1. ІІ-бөлімде:
а) "Статистика департаменті" кіші бөлімінен кейін мынадай мазмұндағы кіші бөліммен толықтырылсын:
"Өнеркәсіп саясаты департаменті
1. "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өнеркәсіптегі өзара іс-қимылынан болған синергетикалық әсерді анықтау мақсатында талдау" ҒЗЖ | 2016-2017 жылдары |
2. "Өнеркәсіп кооперациясы мен субконтрактациясын қалыптастыру және қаржыландыру тәртібін қамтитын оның желісін құру тұжырымдамасын әзірлеу" ҒЗЖ | 2016 жылы |
3. "Технологиялар трансферінің Еуразиялық желісін қалыптастыру және қаржыландыру тәртібін қамтитын оның желісін құру тұжырымдамасын әзірлеу" ҒЗЖ | 2016-2017 жылдары |
4. "Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) өнеркәсіп кешендері мен жалпы нарығын талдаудың негізінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік ынтымақтастығын дамытудың есебінен импортты алмастыру міндетін шешу" ҒЗЖ | 2016-2017 жылдары |
5. "Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) жүйе құрайтын өнеркәсіптік кәсіпорындарын талдаудың негізінде ЕАЭО-ның жалпы нарығында және үшінші елдердің нарығына өнеркәсіптік тауарларды ілгерілету жолында кәсіпорындардың кооперациялық ынтымақтастығын дамыту үшін кедергілерді жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу" ҒЗЖ | 2016-2017 жылдары |
Өнеркәсіптік саясат департаменті бойынша барлығы (5 ҒЗЖ) | |
Агроөнеркәсіптік саясат департаменті | |
1. "Еуразиялық экономикалық одаққа одаққа мүше мемлекеттердің келісілген агроөнеркәсіптік саясатын, соның ішінде мемлекетаралық кооперация мен импортты алмастыру саласындағы келешегі бар бағыттары мен механизмдерін әзірлеу" ҒЗЖ | 2016-2017 жылдары |
2. "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердегі агро азық-түлік нарығын мемлекеттік реттеудің және агроөнеркәсіптік кешенді қолдау шараларының тиімділігін олардың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар дайындау мақсатында бағалаудың әдістемесін әзірлеу" ҒЗЖ | 2016 жылы |
3. "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің және тамақ өнеркәсібі өнімдерінің баға мониторингін және бәсекеге қабілеттілігін талдаудың әдістемесін әзірлеу" ҒЗЖ | 2016 жылы |
4. "Әлемдік агро азық-түлік нарығы конъюнктурасының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің агроөнеркәсіптік кешеніне ықпалын бағалау" ҒЗЖ | 2016-2017 жылдары |
Агроөнеркәсіптік саясат департаменті бойынша барлығы (4 ҒЗЖ) |
б) "Ішкі нарықты қорғау департаменті" кіші бөлімінде:
3-тармақ алып тасталсын;
"Ішкі нарықты қорғау департаменті бойынша барлығы (3 ҒЗЖ)" деген сөздер "Ішкі нарықты қорғау департаменті бойынша барлығы (2 ҒЗЖ)" деген сөздермен ауыстырылсын;
в) "Кеден заңнамасы және құқық қолдану практикасы департаменті" кіші бөліміндегі "Орындау мерзімі" деген графадағы "2016 жылы" деген сөздер "2016-2017 жылдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
2. "Жаңадан басталған жұмыстар бойынша барлығы (28 ҒЗЖ)" позициясы мынадай редакцияда жазылсын: "Жаңадан басталған жұмыстар бойынша барлығы (36 ҒЗЖ)".
3. "Еуразиялық экономикалық комиссия бойынша БАРЛЫҒЫ (39 ҒЗЖ)" позициясы мынадай редакцияда жазылсын:
"Еуразиялық экономикалық комиссия бойынша БАРЛЫҒЫ (47 ҒЗЖ)".