Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2016 жылғы 12 ақпандағы № 3 өкімінің 2-тармағына сәйкес:
1. 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың ережелерін жетілдіру жөніндегі жиынтықты жұмыс тобы құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың ережелерін жетілдіру жөніндегі жиынтықты жұмыс тобының құрамы бекітілсін.
3. Еуразиялық экономикалық комиссияның Интеграция және макроэкономика жөніндегі алқа мүшесі (Министрі) Т.Д. Валовая 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың ережелерін жетілдіру жөніндегі жиынтықты жұмыс тобының жетекшісі болып тағайындалсын.
Аталған жұмыс тобының жетекшісі оның жұмыс регламентін бекітсін.
4. Осы Өкім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді және Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық-телекоммуникациялық "Интернет" желісіндегі ресми сайтында жариялануға жатады.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Төрағасының міндетін уақытша атқарушы К. Минасян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 2 тамыздағы № 112 өкімімен БЕКІТІЛГЕН |
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың ережелерін жетілдіру жөніндегі жиынтық жұмыс тобының ҚҰРАМЫ
Валовая |
− |
Интеграция және макроэкономика жөніндегі алқа мүшесі (Министр) |
Армения Республикасынан
Аванесян |
− |
Армения Республикасы Халықаралық экономикалық интеграция және реформалар министрлігі Макроэкономикалық талдау және салыстыру департаменті директорының орынбасары |
Беларусь Республикасынан
Веремейчиков |
− |
"Тұқым шаруашылығы, өсімдіктер карантині және оларды қорғау жөніндегі басты мемлекеттік инспекция" мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары -Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекцияның бастығы |
Қазақстан Республикасынан
Әзімова |
− |
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары |
Қырғыз Республикасынан
Баетов |
− |
Қырғыз Республикасы Экономика министрлігі Құқықтық қолдау және сараптама басқармасының құқықтық қолдау бөлімінің меңгерушісі |
Ресей Федерациясынан
Асаул |
− |
Ресей Федерациясы Көлік министрінің орынбасары |
Еуразиялық экономикалық комиссиядан
Акимова |
− |
Интеграцияны дамыту департаментінің нормативтік-құқықтық база бөлімі бастығының орынбасары |