Мұнай және газ жөніндегі консультативтік комитет қызметінің ұйымдастыру мәселелері туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 30 тамыздағы № 121 өкімі.

      1. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2016 жылғы 31 мамырдағы "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының мүшесін тағайындау туралы" № 11 шешімінің негізінде:

      а) Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) А.О.Жунусов Мұнай және газ жөніндегі консультативтік комитеттің отырыстарында төрағалық етеді (Консультативтік комитеттің төрағасы) деп белгіленсін.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 9 наурыздағы "Мұнай және газ жөніндегі консультативтік комитеттің құрамына өзгерістер енгізу туралы" № 20 өкімінің 2-тармағының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық-телекоммуникациялық "Интернет" желісіндегі ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады