Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 43-тармағының 13-тармақшасына, Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне №1 қосымшаның 130-тармағына және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Төрағасының 2012 жылғы 27 шілдедегі № 231 бұйрығымен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияда ғылыми зерттеулермен байланысты қызметті ұйымдастыру тәртібінің 11-тармағына сәйкес:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 7 маусымдағы №77 өкімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның 2016 – 2017 жылдарға арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспары ІІ бөлімінің "Ақпараттық технологиялар департаменті" деген кіші бөлімінің 1 және 2-тармақтарындағы "2016 жыл" деген сөздер "2016 – 2017 жылдар" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия | |
Алқасының Төрағасы | Т. Саркисян |