1. Еуразиялық экономикалық комиссия мен БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының ынтымақтастығы жөніндегі 2017-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының жобасы (қоса беріліп отыр) мақұлдансын және көрсетілген жоспардың соңғы алмасу хаты алынған күннен бастап қолданыла бастайтындығын ескере отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Т.С. Саркисян мен БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссияның атқарушы хатшысы К. Фриис Бахтың арасында хат алмасу арқылы жоспарды қолдану бойынша уағдаластық ресімделсін. Аталған уағдаластықты ресімдеу барысында көрсетілген жобаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер енгізуге рұқсат етілсін.
2. Осы Өкім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия |
Алқасының Төрағасы Т. Саркисян |
Жоба |
Еуразиялық экономикалық комиссия мен БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының ынтымақтастығы жөніндегі 2017-2019 жылдарға арналған іс-шаралар ЖОСПАРЫ
Ынтымақтастықтың мақсаты | Еуразиялық экономикалық комиссиядағы жауапты орындаушы | БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиядағы жауапты орындаушы |
---|---|---|
I. Экономикалық ынтымақтастық және интеграция | ||
1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) үздік халықаралық практикаларды және үшінші елдер мен интеграциялық бірлестіктердің тәжірибелерін ескере отырып, мемлекеттік-жекеше әріптестіктің механизмдерін құқықтық реттеуді, түзуді және дамытуды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу | Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаменті | БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссияның (бұдан әрі – БҰҰ ЕЭК) Инновациялар, бәсекеге қабілеттілік және мемлекеттік-жекеше әріптестік жөніндегі комитеті, БҰҰ ЕЭК МЖӘ жөніндегі мамандар тобы |
2. Өңірлік экономикалық интеграцияны дамыту мақсатында БҰҰ ЕЭК өңірінің интеграциялық бірлестіктерімен тәжірибе алмасу және ынтымақтастықты тереңдету | Интеграцияны дамыту департаменті | БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссияның Инновациялар, бәсекеге қабілеттілік және мемлекеттік-жекеше әріптестік жөніндегі комитеті |
II. Сауда | ||
3. БҰҰ Сауда рәсімдерін жеңілдету және электрондық іскерлік операциялар орталығының (СЕФАКТ ООН) сауда ақпараттарына, сондай-ақ деректер мен электрондық құжаттама алмасу жөніндегі қағидаларына қойылатын талаптарды үндестіру мәселелері бойынша озық тәжірибесін зерделеу | Кедендік инфрақұрылым департаменті, Ақпараттық технологиялар департаменті, Қаржы саясаты департаменті, Кеден заңнамасы және құқық қолдану практикасы департаменті | БҰҰ СЕФАКТ |
4. БҰҰ ЕЭК мүше мемлекеттерінің тауарлар және көлік құралдары туралы электронды нысанда алдын ала хабарлауды қолдану бойынша үздік практикаларын талқылауға қатысу | Кедендік инфрақұрылым департаменті, Кеден заңнамасы және құқық қолдану практикасы департаменті, Санитариялық, фитосанитариялық және ветеринариялық шаралар департаменті, Көлік және инфрақұрылым департаменті | БҰҰ СЕФАКТ |
5. "Бірыңғай терезе" ұлттық механзмдерін іске асыру бөлігінде сауда рәсімдерін оңайлату, сондай-ақ сыртқы мәмілелермен байланысты формалдылықты, рәсімдерді, құжаттар мен операцияларды жетілдіру саласында ұсынымдар әзірлеуге қатысу | Кеден заңнамасы және құқық қолдану практикасы департаменті, Сауда саясаты департаменті, Ақпараттық технологиялар департаменті, Кедендік инфрақұрылым департаменті, Қаржы саясаты департаменті | БҰҰ СЕФАКТ |
6. Сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесінде "бірыңғай терезе" ұлттық механизмдерін енгізу және дамытудың өзекті мәселелері бойынша, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағында сауда рәсімдерін оңайлатуға бағытталған осындай механизмдердің жұмыс істеуі шеңберінде ақпараттық өзара іс-қимыл мәселелері бойынша тәжірибе алмасу | Кеден заңнамасы және құқық қолдану практикасы департаменті, Сауда саясаты департаменті, Ақпараттық технологиялар департаменті, Кедендік инфрақұрылым департаменті, Санитариялық, фитосанитариялық және ветеринариялық шаралар департаменті, Қаржы саясаты департаменті, Көлік және инфрақұрылым департаменті, Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаменті, Кедендік-тарифтік реттеу және тарифтік емес реттеу департаменті | БҰҰ СЕФАКТ, БҰҰ ЕЭК сауда рәсімдерін оңайлату жөніндегі өңірлік кеңесшісі |
7. БҰҰ ЕЭК және (немесе) БҰҰ СЕФАКТ мемлекеттік (муниципалды) сатып алуды жүзеге асыру кезінде пайдаланатын электрондық нысандарды әзірлеу және қолдану саласындағы тәжірибесін талдау | Бәсекелестік саясат және мемлекеттік сатып алу саласындағы саясат департаменті, Қаржы саясаты департаменті, Ішкі нарықтардың жұмыс істеу департаменті | БҰҰ СЕФАКТ |
8. Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде жалпы процестерді талдау және жобалау барысында қолдану үшін БҰҰ СЕФАКТ ұсынған әдістемелік тәсілдемелерді зерделеу | Ақпараттық технологиялар департаменті, Ішкі нарықтардың жұмыс істеу департаменті | БҰҰ СЕФАКТ |
9. Тарифтік емес реттеу шараларын қолдану және орындалуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша тәжірибе алмасу | Кедендік-тарифтік реттеу және тарифтік емес реттеу департаменті, Ішкі нарықтардың жұмыс істеу департаменті | Сауда әлеуеті және стандарттары жөніндегі басқарушы комитет, Стандарттау және реттеу мәселелері бойынша ынтымақтастық саласындағы саясат жөніндегі жұмыс тобы |
10. ДСҰ Сауда рәсімдерін оңайлату жөніндегі келісімін іске асыру кезінде БҰҰ ЕЭК құралдарын қолдану мүмкіндіктерін зерделеу | Сауда саясаты департаменті, Ақпараттық технологиялар департаменті, Кедендік инфрақұрылым департаменті, Кеден заңнамасы және құқық қолдану практикасы департаменті |
БҰҰ СЕФАКТ, БҰҰ ЕЭК сауда рәсімдерін оңайлату жөніндегі өңірлік кеңесшісі |
III. Кедендік әкімшілендіру және реттеу | ||
11. Кедендік шекараларда бақылаудың кедендік рәсімдерін (операцияларын), олардың түйісуін оңайлатуды қоса алғанда, үндестіру және оңтайландыру | Кеден заңнамасы және құқық қолдану практикасы департаменті | Көлікпен байланысты кеден мәселелері жөніндегі жұмыс тобы, Шекараларда жүктерге бақылау жүргiзудiң шарттарын келiсу туралы халықаралық конвенцияның (1982 жыл) әкімшілік комитеті |
12. Автожол, теміржол тасымалдауларын жүзеге асыру кезінде кедендік транзитті оңайлату саласында тәжірибе алмасу | Кеден заңнамасы және құқық қолдану практикасы департаменті, Көлік және инфрақұрылым департаменті | Көлікпен байланысты кеден мәселелері жөніндегі жұмыс тобы, ХЖТ кiтапшасын қолдана отырып халықаралық жүк тасымалдау туралы Кеден конвенциясының (1975 жыл) әкімшілік комитеті, Ішкі көлік жөніндегі комитет және оның жұмыс органдары |
IV. Көлік және логистика | ||
13. Көлік саласында, соның ішінде БҰҰ ЕЭК көлік және инфрақұрылым саласындағы конвенциясын іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында ынтымақтастықты қоса алғанда, техникалық реттеу, транзиттік әлеуетті, көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері бойынша өзара іс-қимыл |
Көлік және инфрақұрылым департаменті, Ішкі нарықтардың жұмыс істеу департаменті, Техникалық реттеу және аккредиттеу департаменті | БҰҰ ЕЭК Ішкі көлік жөніндегі комитеті |
14. Еуроазиаттық көлік байланыстарын дамыту және жаңғырту мақсатында өзара іс-қимыл |
Көлік және инфрақұрылым департаменті, Сауда саясаты департаменті | Ішкі көлік жөніндегі комитет |
V. Техникалық реттеу | ||
15. БҰҰ ЕЭК техникалық регламенттеу, стандарттау, сәйкестілікті бағалау және қызметтің сабақтас түрлері саласындағы қағидаларын, нормаларын Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін халықаралық шарттарға, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ органдарының актілеріне (техникалық регламенттер) имплементациялау | Техникалық реттеу және аккредиттеу департаменті, Санитариялық, фитосанитариялық және ветеринариялық шаралар департаменті, Өнеркәсіптік саясат департаменті | Нормативтік реттеу мәселелері бойынша стандарттау және ынтымақтастық саласындағы саясат жөніндегі жұмыс тобы |
VI. Статистика | ||
16. Еуразиялық экономикалық одақтың жұмыс істеудің заманауи қағидаттары негізінде және статистика саласындағы халықаралық стандарттарды ескере отырып Одақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы сапалық статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ететін статистикалық жүйесін дамыту | Статистика департаменті | Еуропалық статистиктер конференциясы |
VII. Энергетика саясаты | ||
17. Мынадай бағыттар бойынша энергетика саласындағы саясатты қалыптастыру бөлігінде тәсілдемелерді белгілеу: | Энергетика департаменті | Орнықты энергетика жөніндегі комитет |
VIII. Ақпараттық технологиялар | ||
18. Экономиканы цифрлық трансформациялау процестерін үндестіру. Жаһандық цифрлық нарықтарға қосылуды арттыру | Ақпараттық технологиялар департаменті, Ішкі нарықтардың жұмыс істеу департаменті | БҰҰ СЕФАКТ, БҰҰ ЕЭК сауда рәсімдерін оңайлату жөніндегі өңірлік кеңесшісі |
19. Еуропалық одақта және Еуразиялық экономикалық одақта қалыптастырылған және электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжаттарды өзара тану механизмдерін әзірлеу | Ақпараттық технологиялар департаменті |
БҰҰ СЕФАКТ |