2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың ережелерін жетілдіру жөнінде жиынтық жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2016 жылғы 12 ақпандағы № 3 өкімі

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Өкім 12.02.2016 ж. күшіне енді - Еуразиялық экономикалық Одақтың сайты.


      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың ережелерін жетілдіру жөнінде жиынтық жұмыс тобын (бұдан әрі – жұмыс тобы) құрудың орындылығы туралы ақпаратын назарға ала отырып:

      1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден 30 күндік мерзімде Еуразиялық экономикалық комиссияға жұмыс тобының құрамына енгізу үшін кандидатуралар беру сұралсын.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ұсыныстарын ескере отырып, жұмыс тобын құрсын және оның құрамын бекітсін.

      3. Осы Өкім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

      Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан
В.Габриелян В.Матюшевский Б.Сағынтаев О.Панкратов И.Шувалов
     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады