Еуразиялық экономикалық одақ пен Еуропалық одақ арасындағы ынтымақтастықты ұйымдастыру жөніндегі жұмыстың барысы туралы

Жаңа

Еуразиялық Экономикалық Кеңес комиссиясының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 12 Өкімі

      Қазақстан Республикасының Президенті, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың Еуропалық комиссия Төрағасы Ж.-К.Юнкермен кездесуі барысында Еуразиялық экономикалық одақ пен Еуропалық одақ арасындағы ынтымақтастықты жөнге келтіру жөніндегі мәселені талқылау нәтижелері туралы Қазақстан Республикасының ақпаратын назарға ала отырып:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысында Еуразиялық экономикалық одақ пен Еуропалық одақ арасындағы ынтымақтастықты ұйымдастыру жөніндегі жұмыстың барысы туралы хабардар етсін.

      2. Осы Өкім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан
В.Габриелян
 
 

Беларусь Республикасынан
В.Матюшевский
 

Қазақстан Республикасынан
Б.Сағынтаев
 

Қырғыз Республикасынан
О.Панкратов
 

Ресей Федерациясынан
И.Шувалов
 




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады