Мемлекеттердің бірі біржақты тәртіпте арнайы экономикалық шаралар қолданған жағдайда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара іс-қимыл механизмін әзірлеу жөніндегі жоғары деңгейдегі жұмыс тобын қалыптастыру туралы

Жаңа

Еуразиялық Экономикалық Кеңес комиссиясының 2016 жылғы 12 ақпандағы № 14 Өкімі

      1.Мемлекеттердің бірі біржақты тәртіпте арнайы экономикалық шаралар қолданған жағдайда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара іс-қимыл механизмін әзірлеу жөніндегі жоғары деңгейдегі жұмыс тобы (бұдан әрі – тиісінше Жұмыс тобы, Одақ) қалыптастырылсын.

      2.Одаққа мүше мемлекеттер (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) мен Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) екі апталық мерзімде Комиссияның Кедендік ынтымақтастық жөніндегі Алқа мүшесінің (Министрдің) басшылығымен жоғары деңгейдегі (бейінді министрліктер мен ведомстволар басшылары орынбасарларының, сарапшылардың деңгейінде) Жұмыс тобын қалыптастырсын және құрамын бекітсін.

      3.Жұмыс тобы 2016 жылғы 1 қыркүйекке дейін мүше мемлекеттердің бірі біржақты тәртіпте арнайы экономикалық шаралар қолданған жағдайда мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының өзара іс-қимылының және басқа мүше мемлекеттердің экономикалары үшін тәуекелдерді барынша азайтуды қамтамасыз ететін тиісті механизмді қамтитын Еуразиялық үкіметаралық кеңес шешімінің жобасын Комиссия Кеңесінің отырысында қарауға ұсынсын.

      4.Осы Өкім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан
В.Габриелян

Беларусь Республикасынан
В.Матюшевский

Қазақстан
Республикасынан
Б.Сағынтаев

Қырғыз Республикасынан
О.Панкратов

Ресей Федерациясынан
И.Шувалов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады