Корея Республикасымен еркін сауда туралы келісім жасасу мәселелері туралы

Жаңа

Еуразиялық Экономикалық Кеңес комиссиясының 2016 жылғы 18 қазандағы № 20 Өкімі

      1. Корея Республикасымен еркін сауда туралы келісім жасасу туралы мәселені зерделеу жөніндегі жұмысты жалғастырған орынды деп саналсын, Корея Республикасымен бірлескен зерттеу тобы қалыптастырылсын және тиісті консультациялар өткізілсін.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2015 жылғы 21 тамыздағы № 18 өкіміне сәйкес жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары негізінде бірлескен зерттеу тобының баяндамасы қалыптастырылсын.

      3. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Корея Республикасымен еркін сауда туралы келісім жасасудың орындылығы туралы мәселені зерделеу жөніндегі жұмыстың нәтижелері туралы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің кезекті отырысында баяндасын.

      4. Осы Өкім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан
В.Габриелян
 
 

Беларусь Республикасынан
В.Матюшевский
 

Қазақстан Республикасынан
А.Мамин
 

Қырғыз Республикасынан
О.Панкратов
 

Ресей Федерациясынан
И.Шувалов







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады