2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 92-бабы 4 және 9-тармақтарына сәйкес Еуразиялық үкіметаралық кеңестің "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттары туралы" 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 9 шешімін іске асыру мақсатында Еуразиялық үкіметаралық кеңес шешті:
1. Қоса беріліп отырған Станок жасау жөніндегі Еуразиялық инжинирингтік орталық құру тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) бекітілсін.
2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Үкіметтері өздерінің ұлттық басымдықтарын негізге ала отырып, қоса беріліп отырған Тұжырымдаманы іске асыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |
Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 1 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Станок жасау жөніндегі Еуразиялық инжинирингтік орталық құру
ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
I. Жалпы ережелер
Осы Тұжырымдама Еуразиялық үкіметаралық кеңестің "Станок жасау жөніндегі Еуразиялық инжинирингтік орталық құру тұжырымдамасын әзірлеу туралы" 2015 жылғы 6 ақпандағы № 5 өкімін іске асыру мақсатында әзірленді.
Станок жасау жөніндегі Еуразиялық инжинирингтік орталық (бұдан әрі – Инжинирингтік орталық) құрудың тұжырымдамасының құқықтық негізі:
Еуразиялық үкіметаралық кеңестің "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттары туралы" 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 9 шешімі;
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 92-бабы 4-тармағының 5) тармақшасы және 9-тармағының 2) және 4) тармақшалары болып табылады.
Осы Тұжырымдаманың мақсаттары үшін "инжинирингтік қызметтер көрсету" түсінігі 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 18 қосымшада айқындалған мәнде пайдаланылады.
Инжинирингтік орталық оған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің қосылуы үшін ашық.
II. Инжинирингтік орталық құру орындылығының негіздемесі
Инжинирингтік орталықтың қызметі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер (бұдан әрі тиісінше – Одақ, мүше мемлекеттер) өнеркәсібінің жаңа технологиялық құрылысқа көшуіне жәрдемдесуді қамтамасыз ету мақсатында өндірістік процестерде инновациялық шешімдер, сондай-ақ өндірістік өнеркәсіптің сервис-бағдарланған моделін қалыптастыруға бағытталған.
Инжинирингтік орталықты құрудың қажеттілігі мүше мемлекеттердің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету талабынан туындап отыр.
Өндіріс құралдары дамуының жоғары деңгейі дамудың технологиялық деңгейін, машина жасаудың инновацияны қажетсінушілігін және бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді.
Мүше мемлекеттердің конструкторлық-технологиялық әлеуетін дамыту қажеттілігі машина жасау саласындағы жабдықтың едәуір дәрежеде тозуынан туындап отыр, ол Одақ бойынша орташа есеппен 70 пайызға жетеді.
Мүше мемлекеттерде өнеркәсіпті жаңғыртуға айтарлықтай қаражат көлемі тартылуда.
2015-2020 жылдары машина жасау өндірісін дамытуға мүше мемлекеттердің бағдарламалық құжаттарымен мемлекеттік бюджеттерден шамамен 32 млрд. АҚШ долларын бөлу көзделіп отыр, одан машина жасау үшін өндіріс құралдарын сатып алуға жыл сайын 2 млрд.-тан астам АҚШ долларын бөлу жоспарлануда.
Сонымен бірге қазіргі уақытта мүше мемлекеттер өнеркәсіптік кәсіпорындарының жабдыққа қажеттілігі көбіне импорттың есебінен қанағаттандырылуда. Мәселен, шетел өндірушілерінің өнімі сатып алынатын станоктік жабдықтардың 90 пайызын құрайды.
Дамыған елдерден қосарлы мақсаттағы тауарлар мен технологиялардың экспорты Вассенаарлық уағдаластықтармен шектелген, ол станоктік жабдықтардың дәлдігі, өнімділігі және технологиялардың жаңашылдығы бойынша анағұрлым қазіргі заманғы сипаттамаларға ие 30 позициядан астамын тоқтатып отыр. Экспортқа тыйым салу экспорттық бақылау шеңберіндегі ұлттық құжаттармен және Кеңестің 2012 жылғы 19 сәуірдегі № 388/2012 Регламентімен де реттеледі. Шектеудің күші мынадай топтағы "күрделі" станоктарға қолданылады: дәлдігі 6 микрометрден астам токарлық және фрезерлік станоктар, дәлдігі 3 микрометрден астам тегістеу станоктары, синхрондық бес координаттық станок, сондай-ақ станоктардың көрсетілген санаттарына бағдарламалық қамтылым.
Өнеркәсібі дамыған елдерде өндіріс құралдарын жаңалау әрбір 7-10 жыл сайын жүргізіледі, ол өнеркәсіптің кезекті жаңа технологиялық құрылысқа уақтылы көшуін қамтамасыз етеді.
Германия мен Қытай сияқты әлемдік көшбасшылардың стратегиялық бастамалары инжиниринг пен технологиялардың өзара трансфері арқылы өнеркәсіптік кешендерін болашақ технлологиялық құрылысқа – "цифрлық өнеркәсіпке" өзгерту жолымен осы екі мемлекет экономикасының бәсекеге қабілеттілік басымдылығын күшейтуге бағытталған.
Қазіргі уақытта Германия мен Қытай арасында "Industry 4.0" (Германия) мен "Made in China 2025" (Қытай) ұлттық өнеркәсіптік стратегияларын ұштастырудың базалық қағидаттары туралы келісімге қол жеткізіліп те қойылды. Аталған келісім деректер беру арналарын қорғау тиімділігін арттыру мен зияткерлік меншік құқығын қорғау бойынша елдердің бірлескен іс-қимылын, сондай-ақ Германия мен Қытай мемлекеттік органдарының болашақ технологиялық құрылыстың бірыңғай стандарттарын жасау жөніндегі бірлескен жұмысын білдіреді. Жоғарыда аталған ұлттық бағдарламалар шеңберінде жасампаз технологияларды дамыту мен игеруге қолдау көрсету көзделген, бұл ретте бағдарламалық қамтылым, бұлтты деректер базасы, роботты техника, радиожиіліктік саралау, сенсорлар айқындалған.
2014 жылдың қорытындылары бойынша әлемдік инжинирингтік қызметтер көрсету нарығының көлемі 783 млрд. АҚШ долларын құрады (75 пайыз - құрылыс инжинирингінің үлесі, 25 пайыз - инжинирингтің консультациялық, технологиялық және өзге де түрлері).
Әлемдік технологиялық инжиниринг нарығындағы мүше мемлекеттердің жиынтық үлесі 1 пайызды құрайды. Бұл ретте, құрылыс инжинирингін қоса алғанда, тұтастай Одақтың инжинирингтік қызметтер көрсету нарығы шамамен 5 пайызды құрайды. Қазіргі уақытта мүше мемлекеттердің кешенді инжинирингті сұранысын көбіне шетелдік компаниялар қанағаттандырып отыр.
Соңғы жылдар ішінде станок жасау саласындағы әзірленімдерге жеткілікті инвестиция салмау мүше мемлекеттердегі станок жасау саласы мен сабақтас салаларды дамытуда айтарлықтай артта қалушылықты туындатты. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру нәтижесінде алынған әзірленімдерді жекеше компаниялар, олардың құқық иесі мемлекет болып табылатындықтан, мүше мемлекеттің тиісті рұқсатын алған кезде ғана енгізе алады.
Мүше мемлекеттердің мемлекеттік бағдарламаларын талдау көрсеткендей, станок жасау саласындағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірленімдерге қаражат бөлуді мүше мемлекеттер былайша жүзеге асырады:
Беларусь Республикасында 2013 жылдан бастап 2015 жылды қоса алғанда 14 млрд. белорусь рублі бөлінген;
Ресей Федерациясында 2014 жылдан бастап 2016 жылды қоса алғанда 0,7 млрд. Ресей рублі шамасында бюджеттік қаржыландыру көзделген;
Армения Республикасында станок жасау саласын дамытуға қаражат бөлу көзделмеген. Армения Республикасының өнеркәсіптік саясатын іске асыру бойынша 2012 - 2015 жылдарға арналған дәлдеме машина жасау секторындағы іс-шаралар бағдарламасында, инновацияларға жәрдем көрсету мен мүмкіндіктерді дамытуды қоса алғанда, 6 стратегиялық бағыт көзделген. Инновацияларға жәрдем көрсету зияткерлік меншікті қорғау жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-шараларды қамтиды;
Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында станок жасау саласын дамытуға қаражат бөлу көзделмеген, сонымен бір мезгілде басым секторлардағы (агрохимия, автомобиль жасау, электр жабдықтары, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, теміржол машиналарын жасау, тау-кен өнеркәсібіне арналған машиналар мен жабдықтар өндірісі, мұнай-газ машиналарын жасау) шағын және орта бизнес базасында сервистік және инжинирингтік қызметтер көрсетуді дамытуға басымдық берілген. Соның ішінде "Назарбаев Университеті" кластері ғылыми паркі шеңберінде мынадай кластерлер құру жоспарланған: геологиялық кластер, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар кластері, инжиниринг (жаңартылатын энергетика, ғарыштық технология) кластері, биомедицина кластері.
Қазіргі уақытта Одақ кеңістігінде өнеркәсіптік роботты техниканы дамытудың қолданыстағы бағдарламасы жоқ ("AutoNet" және "AeroNet" ресейлік бағдарламалар сервистік роботтар сегментіне бағытталған). Сонымен бір мезгілде мүше мемлекеттердің бағдарламалық құжаттарына сәйкес роботты техника Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы үшін өнеркәсіпті дамытудың басым бағыты болып табылады.
Кең ауқымды ғылыми және өндірістік әлеуетті қалпына келтіру айтарлықтай қаржылық әрі зияткерлік күш-жігерді талап етеді және барлық мүше мемлекеттер үшін өзекті болып табылады. Бұл ретте мүше мемлекеттердің қолда бар ресурстарын шоғырландырып, оларды барынша тиімді пайдалану қажеттілігі туындайды.
Инжинирингтік орталық машина жасау саласын өндіріс құралдарымен қамтамасыз ету, мүше мемлекеттерде бар технологияларға мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік кәсіпорындарының қолжетімділігін оңтайландыру үшін, сондай-ақ анағұрлым қазіргі заманғы әлемдік технологиялар мен әзірленімдерге қолжетімділікті қамтамасыз етуге арналған мүше мемлекеттердің мүмкіндіктерін пайдалану үшін мүше мемлекеттердің инновациялық әлеуетін біріктіруге бейімделген.
ІІІ. Инжинирингтік орталықтың мақсаттары мен міндеттері, сондай-ақ оларды іске асыру тетіктері
Инжинирингтік орталық инжинирингтік қызметтер көрсетеді.
Мүше мемлекеттер өзінің ұлттық басымдықтарын негізге ала отырып Инжинирингтік орталық пен оның элементтерін (құзыреттер орталықтарын) құрады.
Инжинирингтік орталық қызметінде мүше мемлекеттердің ғылыми және өндірістік әлеуеті барынша пайдаланылуға тиіс.
Инжинирингтік орталық қызметінің негізгі мақсаттары инновациялық технологиялық шешімдер әзірлеу мен оларды мүше мемлекеттердің өндірістік процесіне енгізуге жәрдемдесу болып табылады.
Инжинирингтік орталық қызметінің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
станок жасау саласы мен сабақтас салаларды дамыту бағыттары бойынша ұзақ мерзімді болжамдау мен ұсыныстарды тұжырымдау;
мүше мемлекеттердің машина жасау кәсіпорындарының өндірістік процесіне әлемдік деңгейдегі қазіргі заманғы әрі инновациялық технологияларды енгізуге жәрдемдесу;
мүше мемлекеттердің өндірістік қуаттарын тиімді пайдалану және машина жасау кешендерін өзара тиімді дамыту үшін жаңа машина жасау кәсіпорындарын технологиялық жарақтандыру бойынша ұсыныстарды тұжырымдау;
мүше мемлекеттердің машина жасау кәсіпорындарын жаңғырту бойынша бірлескен кооперациялық жобаларды іске асыру және үшінші елдер мен мүше мемлекеттер аумақтарындағы қазіргі заманғы әрі инновациялық технологиялардың трансфертіне жәрдемдесу;
мүше мемлекеттер кәсіпорындарының бірлесіп шығарған машина жасау саласына арналған өндіріс құралдарының сапасын айқындау бойынша тәсілдерді жетілдіру;
бірлесіп өндірген жоғары технологиялық өнімдердің экспорттық әлеуетін дамыту (мүше мемлекеттер аумақтарында бәсекеге қабілетті өндіріс құралдарын жасау);
станок жасау саласы мен сабақтас салалардағы кадрлық әлеуеттің дамуына жәрдемдесу;
өнімнің тіршілік циклінің сервистік-бағдарланған моделін қалыптастыру.
Аталған міндеттерді іске асыру үшін Инжинирингтік орталық мынадай тетіктерді пайдаланады:
әлемдік үрдістерді, нақты тауарлар, салалар, өндіріс түрлері бойынша сыртқы және ішкі нарықтық конъюнктураның өзгерістерін талдамалық зерттеу;
экономиканың басым салаларында талап етілетін перспективалық технологиялық шешімдердің жаңартылып отыратын тізбесін қалыптастыру;
мүше мемлекеттер арасында ақпарат алмасуға жәрдемдесу, машина жасау үшін перспективалық өндіріс құралдарын әзірлеу (ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірленімдерді қоса алғанда);
игерілген (әзірлеуге жоспарланған) технологиялардың бірыңғай электрондық деректер базасын пайдалану;
мүдделі өндірушілермен және инновациялық инфрақұрылым объектілерімен, соның ішінде, трансұлттық корпорацияларды қоса алғанда, әлемдік технологиялық көшбасшылармен өзара іс-қимылды және тәжірибе алмасуды кеңейту;
машина жасау кәсіпорындарын жаңғырту бойынша жобалардың тиімділігін бағалау (технологиялық және энергетикалық аудит);
Инжинирингтік орталықтың өндіріс тиімділігін оңтайландыру мен арттыру жөніндегі ұсыныстарды қамтитын қорытындыларын дайындау;
Одақтың ортақ нарығында мүше мемлекеттердің машина жасау өнімінің үлесін ұлғайтуға және өндірісті оқшаулауды кезең-кезеңмен арттыруға жәрдемдесу;
инновациялық инфрақұрылым объектілерімен және даму институттарымен өзара іс-қимыл кезінде машина жасау кәсіпорындарының әлеуетін ескере отырып, жоғары технологиялық өнім өндірісінің ұтымды кооперациялық тізбегін әзірлеу;
өнеркәсіптік өнім қосалқы контрактациясы жүйесін дамытуға жәрдемдесу;
жобалық басқару мен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірленімдерді іске асыру тәуекелдерін басқарудың корпоративтік стандарттарын енгізуді ескере отырып, станок жасау саласы мен сабақтас салаларда пайдаланылатын құрауыштық базаны өндіретін ұйымдар үшін сапа менеджментін әзірлеп, енгізу;
бірлесіп өндірілген өнімді, соның ішінде лизингтік операцияларды қаржыландыру, валюталық тәуекелдерді сақтандыру және төмендету құралдарын экспортқа ілгерілету үшін даму институттарының құралдары мен тетіктерін пайдалану;
үшінші елдердегі көрме-жәрмеңкелік және экспозициялық қызметке, маркетингтік және имидждік іс-шараларға қатысу;
станок жасау саласы мен сабақтас салалар кәсіпорындары мен машина жасау үшін кадрлар даярлауды, соның ішінде кәсіби стандарттарды қалыптастыруды жүзеге асыратын техникалық білім беру мекемелерінің тиімді ынтымақтастығы жөнінде ұсыныстар тұжырымдау;
"WorldSkills" қозғалысын дамытуға жәрдемдесу;
әзірленетін өндіріс құралдары үшін құрауыштық базаны біріздендіру және оны шығарылатын жабдыққа бейімдеу;
өндіріс құралдары үшін құрауыштық база өндірісінің оқшаулау тетіктерін пайдалану;
сервистік қызметтерді қашықтықтан көрсету;
өндіріс құралдарына сервистік қызмет көрсету желісін дамыту;
станок жасау саласында сандық бағдарламалық басқару жүйесі үшін бірыңғай бағдарламалық орта мен біріздендірілген бағдарламалық қамтылым жасау.
Инжинирингтік орталықтың мейлінше тиімді қызметін қамтамасыз ету мақсатында мүше мемлекеттердің шешімі бойынша міндеттер мен оларды іске асыру тетіктерінің түзетілуі, мемлекеттік қолдау тетіктері қолданылуы мүмкін.
Инжинирингтік орталық, жүргізілуін Комиссия Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, жүзеге асыратын, мүше мемлекеттер аумақтарында өндірілетін өнімнің тізбесін қалыптастыру бойынша ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады.
Аталған тізбеге енгізілген өнімге қатысты Комиссияның немесе мүше мемлекеттердің сұрау салуы бойынша Инжинирингтік орталық:
Одақ аумағында әкелінетін өнім өндірісі баламасының бар-жоғы туралы қорытындылар;
Еуразиялық экономикалық одақ Бірыңғай кедендік тарифінің әкелінген кедендік баж салығының мөлшерлемесін өзгертудің орындылығы туралы қорытындылар ;
өндірісті жаңғыртудың ұлттық бағдарламаларын іске асыру кезінде мүше мемлекеттердің басқа мүше мемлекеттер өндірушілерінің мүмкіндіктерін есепке алуы бойынша ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады.
IV. Инжинирингтік орталық қызметінің күтілетін нәтижелері
Инжинирингтік орталық қызметінің қорытындылары бойынша мынадай нәтижелерге қол жеткізу жоспарланады:
мүше мемлекеттер кәсіпорындарының Инжинирингтік орталық әзірлеген технологиялар мен инновациялық өнімге қолжетімділігінің тең жағдайларын қамтамасыз ету;
станок өнімі өндірісінің жалпы көлемінде жоғары технологиялық өнім, оның ішінде құрауыш өнім (сандық бағдарламалық басқару, бағдарламалық қамтылым, жетектер) үлесін 30 пайызға дейін ұлғайту;
станок жасау саласы мен сабақтас салаларда инвестициялар көлемін өсіру және технологиялық инновацияларға шығынды арттыру (Одақта инновацияға шығынның деңгейі қазіргі уақытта орта есеппен ІЖӨ-нің 1,35 пайызын құрайды);
станок жасау саласы мен сабақтас салаларда, бәрінен бұрын өндіріс құралдарын жобалау саласында кадрлық әлеуетті өсіру, жас мамандар үшін станок жасау саласындағы жұмыс тартымдылығын қамтамасыз ету;
станок жасау кәсіпорындарының қолда бар және жасалып жатқан қуаты жүктемесінің деңгейін жоғарылату.
Осылайша, Инжинирингтік орталықты құру өнеркәсіптің жоғары технологиялық салаларының техникалық прогресс қарқынын, мүше мемлекеттер машина жасау өнімінің бәсекеге қабілеттілік деңгейін және мүше мемлекеттер экономикасы дамуының тәуелсіздігі мен тұрақтылығы деңгейін айқындайтын өнеркәсіптік өндіріс дамуының технологиялық процестерін басқарудың негізгі проблемаларын шешуге бағытталған.
Инжинирингтік орталықты құру мүше мемлекеттер өнеркәсібі салаларының технологиялық мүмкіндіктерінің ұзақ перспективаға дамуын және машина жасау өнімінің сапасын көтеру үшін техникалық негіз жасауды, экономикалық өсімді және жоғары технологиялық машина жасау өнімінің әлемдік нарықтардағы бәсеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді. Инжинирингтік орталық қызметі мүше мемлекеттер өнеркәсіптік кешендерінің интеграциялануына ықпал ететін болады.
V. Инжинирингтік орталықтың ұйымдық-құқықтық нысаны
Инжинирингтік орталықтың ұйымдық-құқықтық нысаны, орналасқан жері, құрылымы мен штат саны құрылтай құжаттарында айқындалады. Мүше мемлекеттер құрылтайшыларды дербес айқындайды.
Әрбір мүше мемлекет Инжинирингтік орталықтың жұмысына қатысатын мүше мемлекеттегі инновациялық қызметтің дамуына жауап беретін ұлттық үйлестіруші (бұдан әрі - ұлттық үйлестіруші) функциялары берілген ұйымды (өндірістік немесе ғылыми ұйымды) айқындайды. Ұлттық үйлестірушілердің құрамы Инжинирингтік орталықтың құрылтай құжаттарында бекітілген.
Инжинирингтік орталықтың құрылтай құжаттарына сәйкес айқындалған басқарушы орган Инжинирингтік орталық қызметінің стратегиясын қалыптастырады, ғылыми-техникалық ынтымақтастық пен бірлескен әзірленімдердің негізгі бағыттарын айқындайды, станок жасау және сабақтас салалар аясындағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірленімдердің ұлттық және бірлескен бағдарламаларының мониторингін, сондай-ақ әкелінетін жабдықтар өндірісі баламасының бар-жоғы туралы қорытындылар беруді қамтамасыз етеді.
Инжинирингтік орталық Еуразиялық экономикалық комиссиямен Еуразиялық экономикалық комиссия жанынан құрылған Өнеркәсіп жөніндегі консультативтік комитет шеңберінде өзара іс-қимыл жасайды.
VI. Инжинирингтік орталық шеңберіндегі ғылыми-техникалық ынтымақтастық
Инжинирингтік орталық машина жасау қажеттіліктерін, өндіріс құралдары мен еңбек құралдарын дамыту үшін перспективалық тауашаларды болжамдайды, экономиканың басым салаларында талап етілетін перспективалық технологиялық шешімдердің жаңартылатын тізбесін қалыптастырады.
Ғылыми-техникалық саладағы кооперацияны қамтамасыз ету мақсатында Еуразиялық технологиялық тұғырнамалар қалыптастырылады. Инжинирингтік орталықтың станок жасау мен технологиялық тұғырнамалар саласындағы техникалық даму интеграторы ретіндегі және ғылыми ынтымақтастық операторы ретіндегі бірлескен жұмысы құрылатын құрылымдарды қазіргі бар технологиялық сын-қатерлерге неғұрлым тиімді сәйкес келтіруге және түпкі нәтижесінде Одақтың өнеркәсіптік кешенін қазіргі заманғы өндіріс құралдарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Станок жасау жөніндегі Еуразиялық инжинирингтік орталық құру тұжырымдамасына ҚОСЫМША |
Станок жасау жөніндегі Еуразиялық инжинирингтік орталық қызметінің міндеттері, оларды іске асыру тетіктері мен нәтижелері
Міндет |
Міндеттерді іске асыру тетігі |
Нәтижелер |
1. Станок жасау саласы мен сабақтас салаларды дамыту бағыттары бойынша ұзақ мерзімді болжамдау мен ұсыныстар тұжырымдау | әлемдік үрдістерді, нақты тауарлар, салалар, өндіріс түрлері бойынша сыртқы және ішкі нарықтық конъюнктураның өзгерістерін талдамалық зерттеу | станок жасау саласы мен сабақтас салаларды дамыту болжамы |
Еуразиялық инжинирингтік орталықтың (бұдан әрі - Инжинирингтік орталық) станок | ||
экономиканың басым салаларында талап етілетін перспективалық технологиялық шешімдердің жаңартылып отыратын тізбесін қалыптастыру | перспективалық ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірленімдер тізбесі | |
экономиканың басым салаларында талап етілетін перспективалық технологиялық |
2. Мүше мемлекеттердің машина жасау кәсіпорындарының өндірістік процесіне әлемдік деңгейдегі қазіргі заманғы әрі инновациялық технологияларды енгізуге жәрдемдесу |
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер (бұдан әрі-мүше мемлекеттер) арасында ақпарат алмасуға жәрдемдесу, машина жасау үшін перспективалық өндіріс құралдарын әзірлеу (ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірленімдерді қоса алғанда) |
қосарланудың жоқтығы туралы Инжинирингтік орталық қорытындыларының саны |
игерілген (әзірлеуге жоспарланған) технологиялардың бірыңғай электрондық деректер базасын пайдалану | ||
мүдделі өндірушілермен және инновациялық инфрақұрылым объектілерімен, соның ішінде, трансұлттық корпорацияларды қоса алғанда, әлемдік технологиялық көшбасшылармен өзара іс-қимылды және тәжірибе алмасуды кеңейту | кәсіпорындарды жаңғыртуға арналып жасалған, оның ішінде даму институттары қоса қаржыландыратын келісімшарттар саны | |
3. Мүше мемлекеттердің өндірістік қуаттарын тиімді пайдалану және машина жасау кешендерін өзара пайдалы дамыту үшін жаңа |
машина жасау кәсіпорындарын жаңғырту бойынша жобалардың тиімділігін бағалау (технологиялық және энергетикалық аудит) | тиімділікті бағалау қорытындылары бойынша оңтайландырылған шығыстар сомасы |
машина жасау кәсіпорындарын технологиялық жарақтандыру бойынша ұсыныстарды тұжырымдау |
Инжинирингтік орталықтың өндіріс тиімділігін оңтайландыру мен арттыру жөніндегі ұсыныстарды қамтитын қорытындыларын дайындау | Инжинирингтік орталық қорытындыларының саны |
Одақтың ортақ нарығында мүше мемлекеттердің машина жасау өнімінің үлесін арттыруға және өндірісті оқшаулауды кезең-кезеңімен көтеруге жәрдемдесу |
мүше мемлекеттер аумағында өндірілген өнімдер тізбесіне сәйкес мүше мемлекеттер аумақтарында өнім өндірісінің бар-жоғы туралы қорытындылар саны | |
мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік өндірістерін қолдау жөніндегі іс-шаралар жоспарына енгізу үшін Инжинирингтік орталықтың ұсыныстары (оның ішінде мемлекеттік және корпоративтік сатып алулар, ұзақ мерзімді келісімшарттарды орналастыру, өзара тиімді өнеркәсіптік кооперациялар мен қосалқы контрактациялардың перспективалық нысандарын, түрлі қаржылық қолдау құралдарын дамыту, индустриялық -инновациялық инфрақұрылымды дамыту сияқты құралдары пайдалану есебінен ) | ||
Еуразиялық экономикалық комиссияның немесе мүше мемлекеттердің сұрау салуы бойынша дайындалған Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кеден тарифінің кедендік әкелу бажы салықтарының мөлшерлемесін өзгертудің орындылығы туралы қорытындылар саны | ||
4. Мүше мемлекеттердің машина жасау кәсіпорындарын жаңғырту бойынша бірлескен кооперациялық жобаларды іске асыру және үшінші елдерден әрі мүше мемлекеттер аумақтарындағы қазіргі заманғы әрі инновациялық технологиялардың трансферіне жәрдемдесу |
инновациялық инфрақұрылым объектілерімен және даму институттарымен өзара іс-қимыл кезінде машина жасау кәсіпорындарының әлеуетін ескере отырып, жоғары технологиялық өнім өндірісінің ұтымды кооперациялық тізбесін әзірлеу |
машина жасау кәсіпорындарын жаңғырту бойынша іске асылған бірлескен жобалар саны |
өнеркәсіптік өнім қосалқы контрактациясы жүйесін дамытуға жәрдемдесу |
қосалқы контрактация жүйесін пайдаланатын машина жасау кәсіпорындары санының өсуі | |
қосалқы контрактация жүйесі шеңберінде жасалған келісімшарттар көлемінің серпіні | ||
5. Мүше мемлекеттер кәсіпорындарының бірлесіп шығарған машина жасау саласына арналған өндіріс құралдарының сапасын айқындау бойынша тәсілдерді жетілдіру |
жобалық басқару мен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірленімдерді іске асыру тәуекелдерін басқарудың корпоративтік стандарттарын енгізуді ескере отырып, станок жасау саласы мен сабақтас салаларда пайдаланылатын құрауыштық базаны өндіретін ұйымдар үшін сапа менеджментін әзірлеп, енгізу |
ерікті сертификаттау жүйесі |
6. Бірлесіп өндірген жоғары технологиялық өнімдердің экспорттық әлеуетін дамыту (мүше мемлекеттер аумақтарында бәсекеге қабылетті өндіріс құралдарын жасау) |
бірлесіп өндірілген өнімді, соның ішінде лизингтік операцияларды қаржыландыру, валюталық тәуекелдерді сақтандыру және төмендету құралдарын экспортқа ілгерілету үшін даму институттарының құралдары мен тетіктерін пайдалану |
даму институттары мақұлдаған жобалар саны |
7. Станок жасау саласы мен сабақтас салалардағы кадрлық әлеуеттің дамуына жәрдемдесу | станок жасау саласы мен сабақтас салалар кәсіпорындары мен машина жасау үшін кадрлар даярлауды, соның ішінде кәсіби стандарттарды қалыптастыруды жүзеге асыратын техникалық білім беру мекемелерінің тиімді ынтымақтастығы жөнінде ұсыныстар тұжырымдау |
ынтымақтастық туралы жасасқан келісімдер саны |
станок жасау саласы мен сабақтас салалардағы еңбек өнімділігінің серпіні | ||
жаңғыртылған кәсіпорындардағы еңбек өнімділігінің серпіні | ||
"WorldSkills" қозғалысын дамытуға жәрдемдесу | біріздендірілген кәсіби, оның ішінде халықаралық стандарттардың саны | |
"Worldskills" қозғалысы қатысушыларының саны | ||
8. Өнімнің тіршілік циклінің сервистік-бағдарланған моделін қалыптастыру |
әзірленетін өндіріс құралдары үшін құрауыштық базаны біріздендіру және оны шығарылатын жабдыққа бейімдеу | біріздендірілген құрауыштар тізбесі |
өндіріс құралдары үшін құрауыштық база өндірісінің оқшаулау тетіктерін пайдалану | ||
сервистік қызметтерді қашықтықтан көрсету |
қашықтан көрсетілетін қызметтер тізбесі | |
|
|