Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 21 қарашадағы № 90 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 3 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 111-бабы 1-тармағына сәйкес Еуразиялық үкіметаралық кеңес шешті:

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарды, Еуразиялық экономикалық одақ үшінші мемлекеттермен, олардың кіріктірілген бірлестіктерімен және халықаралық ұйымдармен жасасқан халықаралық шарттарды, Еуразиялық экономикалық одақ органдарының шешімдерін ресми жариялау туралы" 2014 жылғы 21 қарашадағы № 90 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мыналар:

      ережелері олардың жариялануын көздейтін Еуразиялық экономикалық одақ органдарының өкімдері Одақтың ресми сайтында олар қабылданған күннен бастап 3 күнтізбелік күннен кешіктірілмей жариялануға жатады;

      ережелері олардың жариялануын көздейтін Еуразиялық экономикалық комиссияның ұсынымдары Одақтың ресми сайтында олар қабылданған күннен бастап 3 күнтізбелік күннен кешіктірілмей жариялануға жатады деп белгіленсін";

      б) көрсетілген шешіммен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарды, Еуразиялық экономикалық одақ үшінші мемлекеттермен, олардың кіріктірілген бірлестіктерімен және халықаралық ұйымдармен жасасқан халықаралық шарттарды, аталған Шешіммен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ органдарының шешімдерін ресми жариялау тәртібінің 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Одақтың ресми сайтында ресми жариялау кезінде:

      осы Тәртіптің 1-тармағында көрсетілген халықаралық шарттарға қатысты – шарттың атауы, шарттың қол қойылған күні мен орны, оған қол қойған адамдар, ресми жарияланған күні, күшіне енген күні (тәртібі), шартты уақытша қолданудың басталған күні (егер шарт уақытша қолданылатын жағдайда);

      Одақ органдарының шешімдеріне қатысты – шешімді қабылдаған органның атауы, шешімнің атауы, қабылданған күні, шешімнің ресми жарияланған күні, оған қол қойған адам (адамдар), тіркеу нөмірі, шешімнің күшіне енген күні (тәртібі) көрсетіледі.".

Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:


Армения
Республикасынан
 
 
 
 

Беларусь
Республикасынан
 
 
 
 

Қазақстан
Республикасынан
 
 
 
 

Қырғыз
Республикасынан
 
 
 

Ресей
Федерациясынан
 
 
 
 


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады