Тауарлардың жекелеген санаттарын бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалау тетігін іске асыру туралы

Жаңа

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2016 жылғы 12 тамыздағы № 6 шешімі.

      2015 жылғы 8 қыркүйектегі "2015-2016 жылдары "Киім-кешек, киімнің керек-жарақтары және табиғи теріден жасалатын өзге де бұйымдар" тауарлық позиция бойынша тауарларды бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы" келісімді (бұдан әрі – Келісім) қолдану мақсатында Еуразиялық үкіметаралық кеңес шешті:

      1.      Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтерімен бірлесе отырып, 2016 жылғы 1 қыркүйекке дейін 2017 жылы және одан кейінгі жылдары бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалау туралы шешім қабылданған тауарлардың айналымына байланысты Келісімнің нормаларын заңдық бекітуге қатысты ұсынысты пысықтасын.

      2.      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтері және Еуразиялық экономикалық комиссия алынған ұсыныстардың қорытындылары бойынша бірлескен консультациялар өткізсін және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің таяу арадағы отырысында баяндасын.

      3.      Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:


Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

     
     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады