2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 16-бабының 7-тармағына сәйкес Беларусь Республикасының Премьер-министрі А.В. Кобяковтың "Украинада шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін ферросиликомарганецке қатысты демпингке қарсы баж енгізу арқылы демпингке қарсы шаралар қолдану туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 2 маусымдағы № 58 шешімін жою туралы өтінішін қарап, Еуразиялық үкіметаралық кеңес шешті:
"Украинада шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін ферросиликомарганецке қатысты демпингке қарсы баж енгізу арқылы демпингке қарсы шаралар қолдану туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 2 маусымдағы № 58 шешімі осы Шешім ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді деп белгіленсін.
Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан |
Беларусь Республикасынан |
Қазақстан |
Қырғыз Республикасынан |
Ресей Федерациясынан |