2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 16-бабының 1-тармағына және 95-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес және агроөнеркәсіптік кешен саласында ғылыми және инновациялық қызметтегі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ғылыми әлеуетін тиімді пайдалану, ынтымақтастығын дамыту және тереңдету мақсатында:
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер Еуразиялық экономикалық комиссияның үйлестіруімен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің агроөнеркәсіптік кешені саласында бірлескен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру тәртібін әзірлесін және оны Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында қарау үшін ұсынсын.
Осы Өкім ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |