Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесіндегі өкілі туралы

Жаңа

Еуразиялық Үкіметаралық Кеңестің 2016 жылғы 27 қазандағы № 17 Өкімі

      1. 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 16-бабына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа №1 қосымша) 23-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентінің 3 – 5-тармақтарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 7 қазандағы № 356 Жарлығына сәйкес қажетті өкілеттіктер берілген Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесіндегі өкілі – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Асқар Ұзақбайұлы Мамин Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске таныстырылсын.

      2. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың "Интернет" ақпараттық- телекоммуникациялық желісіндегі ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады