Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 21 қарашадағы № 89 шешімімен бекітілген Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырыстарын өткізуді ұйымдастыру тәртібінің 3-тармағына сәйкес:
1. Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысы 2017 жылғы ақпан – наурызда Қырғыз Республикасының Бішкек қаласында өтеді деп айқындалсын.
2. Осы Өкім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |