Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдерді статистикалық сыныптау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 5 шілдедегі № 10 ұсынымы.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одақтың ресми статистикалық ақпаратын қалыптастыру және тарату тәртібі туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 4 қосымша) 12-тармағына сәйкес

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап өздерінің уәкілетті органдарының Еуразиялық экономикалық одақта экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімді статистикалық сыныптауға қатысты орыс тіліндегі мәтіні http://eec.eaeunion.org/ru/act/integr_i_makroec/ dep_stat/info/Pages/classification. aspx адресі бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық-телекоммуникациялық "Интернет" желісіндегі ресми сайтында орналастырылған "Еуропалық экономикалық қоғамдастықтың экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдерді статистикалық сыныптау, 2008 нұсқасы" халықаралық стандартын (кодының ұзындығы қоса алғанда 6 белгіге дейін) қолдануын қамтамасыз етуді ұсынады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады