Үшінші елдердің аумағына әкетілетін тауарларға қатысты Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер біржақты тәртіппен енгізетін тарифтік емес реттеудің уақытша шараларының сақталуын бақылауды кеден органдарының жүзеге асыруы бөлігінде біркелкі құқық қолдану практикасын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 8 қарашадағы № 21 ұсынымы

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 18-бабының 2-тармағына сәйкес

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) кеден органдарының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 47-бабының негізінде үшінші елдердің аумағына әкетілетін тауарларға қатысты мүше мемлекеттер біржақты тәртіппен енгізетін тарифтік емес реттеудің уақытша шараларының (бұдан әрі – тарифтік емес реттеудің біржақты уақытша шаралары) сақталуын бақылауды жүзеге асыруы бөлігінде біркелкі құқық қолдану практикасын қамтамасыз ету мақсатында

      мүше мемлекеттерге осы Ұсыным Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күннен бастап:

      1. Тарифтік емес реттеудің біржақты уақытша шараларын енгізуді көздейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдаған кезде:

      а) Кеден одағының Кеден кодексінің 3-бабы 3-тармағының ережелерін ескеруді;

      б) мұндай нормативтік құқықтық актілер күшіне енгенге дейін кедендік рәсіммен орналастырылған және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан іс жүзінде әкету осы кедендік рәсімдерге сәйкес осындай актілер күшіне енгеннен кейін жүзеге асырылатын тауарларға қатысты тарифтік емес реттеудің біржақты уақытша шаралары қолданылатын-қолданылмайтынын айқындауды;

      в) осындай нормативтік құқықтық актілер күшіне енетін күнтізбелік күнді не тарифтік емес реттеудің біржақты уақытша шараларды енгізудің күнтізбелік күнін белгілеуді;

      г) тарифтік емес реттеудің біржақты уақытша шаралары үшінші елдердің аумағына әкетілетін тауарларға қатысты қолданылатынын айқындауды,

      2. Еуразиялық экономикалық комиссияны тарифтік емес реттеудің біржақты уақытша шараларынның енгізілетіні туралы хабардар еткен кезде мұндай шаралар енгізілетін күнтізбелік күнді көрсетуді ұсынады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады