Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 18 және 45-баптарына сәйкес
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге осы Ұсыным Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық-телекоммуникациялық "Интернет" желісіндегі ресми сайтында жарияланған күннен бастап:
1. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына Түсіндірмелерді (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 12 наурыздағы № 4 ұсынымына қосымша) қосымшаға сәйкес өзгерістерді ескере отырып қолдануды,
2. Дүниежүзілік кеден ұйымының Тауарларды сипаттау мен кодтаудың үйлестірілген жүйесінің 6-шы басылымына негізделген Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының жаңа редакциясының қабылдануына байланысты осы Ұсынымның 1-тармағында көрсетілген Түсіндірмелерді 2017 жылғы 1 қаңардан бастап Тауар номенклатурасының осы редакциясына қайшы келмейтін бөлігінде қолдануды ұсынады.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 29 қарашадағы № 23 ұсынымына ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына Түсіндірмелерге енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. 1-томда:
1) 3 (б) қағидаға түсіндірмелердің (Х) бөлігінің (1) тармағының соңғы абзацы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Бұл, мысалы, бөлшектеп сату үшін картон қорапқа бірге бөлшектеп салынған шыны ыдыстағы (2101-тауар позициясы), қыш тостағандағы (6912-тауар позициясы) және қыш табақшадағы (6912-тауар позициясы) еритін кофе үшін де қолданылады.";
2) ЕАЭО СЭҚ ТН 03 тобына түсіндірмелердің жалпы ережелерінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Бұл топқа дайындалмаған немесе консервіленбеген немесе осы топта көзделген тәсілдермен дайындалған немесе консервіленген тағамдық уылдырық пен балық сүттері де кіреді. Басқа тәсілмен дайындалған немесе консервіленген тамақ уылдырықтары мен балық шоғалы немесе бекіре уылдырығы немесе бекіре уылдырығын алмастырғыштар ретінде тамаққа тікелей қолдану үшін жарамды тағамдық уылдырық пен балық шоғалы 1604 тауар позициясына кіреді.";
3) ЕАЭО СЭҚ ТН 0511 товар позициясына түсіндірмелерде:
а) (6) (ii) тармақтағы "балықтардың көпіршіктері" деген сөздер "балықтардың қалқымалы көпіршіктері" деген сөздермен ауыстырылсын;
б) (6) тармақтан кейінгі (а) ерекшелігінде "балықтардың көпіршіктері" деген сөздер "қалқымалы көпіршіктер" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) ЕАЭО СЭҚ ТН 0712 тауар позициясына түсіндірмелердің бірінші абзацындағы ЕАЭО СЭҚ ТН "0709" коды ЕАЭО СЭҚ ТН "0711" кодымен ауыстырылсын;
5) ЕАЭО СЭҚ ТН 1509 тауар позициясына түсіндірмелердегі (В) тармағынан кейінгі абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"(А) тармағында қаралған, бірінші (суықтай) сығымдалған зәйтүн майын (Б) және (В) тармақтарында қаралған майлардан Алиментариус кодексінің 33-1981-стандартына сәйкес ажыратуға болады.
Осы тауар позициясының зәйтүн майын 1510 тауар позициясының зәйтүн майынан Белье теріс реакциясы бойынша ажыратуға болады.
Кейбір жағдайларда қалдық зәйтүн майының болуын шайылмайтын фракциядағы тритерпенді диолдарды зерттеген кезде ғана байқауға болады.
Бұл тауар позициясына қалдық зәйтүн майы мен оның зәйтүн майымен қоспалары (1510 тауар позициясы) немесе зәйтүн майынан алынатын реэтерифицияланған май (1516 тауар позициясы) кірмейді.";
6) ЕАЭО СЭҚ ТН 1604 тауар позициясына түсіндірмелердегі (а) ерекшелігі мынадай редакцияда жазылсын:
"(а) дайындалмаған немесе консервіленбеген немесе бекіре уылдырығы немесе бекіре уылдырығын алмастырғыштар (03-топ) сияқты тамаққа тікелей қолдану үшін жарамдылардан басқа, 03-топта көзделген тәсілдермен ғана дайындалған немесе консервіленген балық уылдырығы, яғни балықтардың уылдырықшалары мен шоғалы.";
7) ЕАЭО СЭҚ ТН 1704 тауар позициясына түсіндірменің 9-тармағының (в) тармақшасынан кейін мынадай мазмұндағы (10) тармақпен толықтырылсын:
"(10) Қанттан жасалған кондитерлік өнім ретінде дайындалған табиғи бал негізіндегі азық-түліктер (мысалы "халуа").";
8) ЕАЭО СЭҚ ТН 2008 тауар позициясына түсіндірмелердің соңғы абзацының алдынан мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Осы тауар позициясына жемістер, жаңғақтар немесе 1704 тауар позициясының қанттан жасалған кондитерлік өнімге (табиғи бал негізіндегіні қоса алғанда) қайта өңделген өсімдіктердің тамаққа жарамды басқа да бөліктері кірмейді.";
9) ЕАЭО СЭҚ ТН 2501 тауар позициясына түсіндірмелердің (б) ерекшелігі мынадай редакцияда жазылсын:
"(б) ампулаға салынған теңіз суын қоса алғанда, натрий хлоридінің ерітінділері және дәрілік зат ретінде ұсынылған басқа тәсілмен буып- түйілген натрий хлориді (30-топ), сондай-ақ гигиеналық мақсатта бөлшек саудаға арналған қаптамаларға буып-түйілген, медициналық немесе фармацевтикалық құралдардан басқа, стерильді немесе стерильденбеген натрий хлоридінің ерітінділері (3307 тауар позициясы);";
10) ЕАЭО СЭҚ ТН 2817 тауар позициясына түсіндірмелердің (А) бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"(А) бөлігі МЫРЫШ ОКСИДІ
Мырыш оксидін (мырыш белиласы) (ZnO) мырыш буын ауа оттегісімен жағу арқылы алады. Мырыш буы металл мырышты (жанама немесе французша процесс) булап немесе оксидті мырыш шикізатын, мысалы мырыш кенін (күйдірілген сфалерит, каламин – 2608 тауар позициясы) көміртегімен (тікелей немесе америкалық процесс) қалпына келтіру арқылы алынады. Бұл процестерде оксид түтікті сүзгісі бар шаң тұтқыш камераларда немесе тазалық дәрежесінің өсуімен оксидтер шөгінділерін қалыптастыру камераларына жиналады.
Мырыш ылғалды процестерде мырыш шиізатынан тотығады, ал кейін мырыш гидроксиді немесе мырыш карбонаты түрінде шөгеді. Тұнбаны сүзгілейді, жуады, кептіреді және ZnO-ға қыздырады. Мырыш оксиді ақ ұсақ ұнтақты білдіреді, ол қыздырған кезде сарғаяды. Оның табиғаты амфотерлі болады, қышқылдарда және сілтілерде ериді.
Мырыш оксиді негізінен өнеркәсіптік бояуларда пайдаланылады. Ол, сондай-ақ резеңке, қыш, шыны, электроника мен фармацевтика өндірісінде пайдаланылады. Мырыш оксиді пластмасса өндірісінде пайдаланылатын бейорганикалық және органикалық тұздардың кең спектрін өндіру үшін шикізат та болып табылады.
2841 тауар позициясының цинкаттары осы амфотерлік оксидке сәйкес келеді.";
11) ЕАЭО СЭҚ ТН 2833 тауар позициясына түсіндірмелердің (А) бөлігі (1) тармағының (а) тармақшасынан кейінгі абзацта:
"полигалит" деген сөз алып тасталсын;
"бледит," деген сөзден кейін "реуссин," деген сөзбен толықтырылсын.
2. 2-томда:
1) ЕАЭО СЭҚ ТН 2909 тауар позициясына түсіндірмелердің (Г) бөлігінің бірінші және екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
"ROOH, ROOR1 және ROOR2OOR1 типтерінің қосылыстары, оларда R, R1 және R2 органикалық радикалдар болып табылады әрі R және R1 бірдей немесе әртүрлі болуы мүмкін.
Оған этилгидропероксид, диэтилпероксид және 1,1-ди (трет-бутилперокси) циклогексан мысал болып табылады.";
2) ЕАЭО СЭҚ ТН 29-тобының VІІ кіші тобына түсіндірмелердің жалпы ережелерінде:
(В) бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"(В) ҚЫШҚЫЛДАР ПЕРОКСИДТЕРІ
Диацилпероксидтер ретінде де белгілі қышқылдар пероксидтері екі ацилді радикал оттегінің екі атомымен байланысты қосылыстарды білдіреді; олардың ортақ формуласы мынадай түрде болады (R·CO-O-O-CO·R1), мұнда R және R1бірдей немесе әртүрлі болуы мүмкін.";
(Д) бөлігінен кейін мынадай мазмұндағы жаңа (Е) бөлігімен толықтырылсын:
"(Е) ПЕРОКСИЭФИРЛЕР
Пероксиэфирлердің ортақ формуласы мынадай түрде болады (R·CO-O-O·R1), мұнда R және R1 бірдей немесе әртүрлі болуы мүмкін органикалық радикалдар болып табылады.";
(Е) және (Ж) бөліктері тиісінше (Ж) және (З) бөліктері болып есептелсін;
3) ЕАЭО СЭҚ ТН 2920 тауар позициясына түсіндірмелердің (Г) бөлігінің (4) тармағынан кейін мынадай мазмұндағы (5) тармақпен толықтырылсын:
"(5) Трет-бутилперокси-2-этилгексилкарбонат.";
4) ЕАЭО СЭҚ ТН 2922 тауар позициясына түсіндірмелердің субпозицияларына түсіндірмелер мынадай редакцияда жазылсын:
"Субпозицияларға түсіндірмелер.
2922 11 – 2922 50 субпозициялар
Сыныптау үшін бұл субпозициялардағы органикалық немесе бейорганикалық қышқылдың қарапайым эфирлік немесе күрделі эфирлік функционалдық тобы аминтобына қатысты құрамында қышқыл бар функционалдық топтың жағдайында қарай спиртті, фенолды немесе қышқылды функционалдық топ ретінде қаралады. Бұл жағдайларда аминді функционалдық топ пен қарапайым эфирлік немесе күрделі эфирлік функционалдық топқа тиесілі оттегі атомы арасында орналасқан молекула бөлігіндегі құрамында оттегі бар функционалдық топтар ғана назарға алынуға тиіс. Құрамында аминді функционалдық топ бар сегмент "бастапқы" ретінде қаралады. Мысалы, 3-(2-аминоэтокси)пропионды қышқыл қосылысында аминоэтанол бастапқы сегмент болып табылады және карбоксилді топ сыныптау мақсаты үшін назарға алынбайды; бұл қосылыс аминді спирттің қарапайым эфирі ретінде 2922 19 субпозицияға кіреді.
Егер қосылыстың құрамында екі немесе одан да көп қарапайым эфирлік немесе күрделі эфирлік функционалдық тобы болса, онда сыныптау мақсаты үшін молекула әрбір қарапайым эфирлік немесе күрделі эфирлік функционалдық топтың оттегі атомы бойынша бөліктерге бөлінеді және аминді функционалдық топ сияқты сегментте болатын құрамында оттегі бар функционалдық топтар ғана ескеріледі.
Егер қосылыста қарапайым эфирлік немесе күрделі эфирлік функционалдық топпен байланысқан екі немесе одан да көп аминді функционалдық топ бар болса, онда ол кодтардың өсу тәртібінде соңғысы болып табылатын субпозициясына кіреді; нақты субпозиция қарапайым эфирлік немесе күрделі эфирлік функционалдық топ әрбір аминді функционалдық топқа қатысты спиртті, фенолды немесе қышқылды функционалдық топ ретінде қаралатынын ескере отырып айқындалады.";
5) ЕАЭО СЭҚ ТН 2930 тауар позициясына түсіндірмелердің (А) бөлігінің бірінші абзацындағы "CS(OR)(SR'), мұнда R – органикалық радикал және R' – металл" деген сөздер "(R·CO·S·SR1), мұнда R – органикалық радикал және R1 – металл";
6) ЕАЭО СЭҚ ТН 2934 тауар позициясына түсіндірмелерде:
(Б) бөлігінің (3) тармағынан кейін мынадай мазмұндағы (4) тармақпен толықтырылсын:
"(4) Дегидротио-п-толуиди(4-(6-метил-1,3-бензотиазол-2-ил)анилин).";
(Г) бөлігінің (5) тармағы алып тасталсын;
(6) – (8) тармақтар тиісінше (5) – (7) тармақтар болып есептелсін;
7) ЕАЭО СЭҚ ТН 2937 тауар позициясына түсіндірмелердің (4) (в) ерекшелігіндегі "сияқты модуляторлар мен нейромодуляторлар" деген сөздер "(INN) сепранолон (2914 тауар позициясы) сияқты нейротрансмиттер мен нейромодуляторлар" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) ЕАЭО СЭҚ ТН 2941 30 субпозициясына түсіндірмелердің екінші абзацы "хлортетрациклин (INN)," деген сөзден кейін "эравациклин (INN)," деген сөздермен толықтырылсын;
9) дәрілік заттың типі бойынша алфавит тәртібімен келтірілген есірткі дәрілік заттар мен психотроптық заттар тізбесінің III бөлігі "3,4-(Метилендиокси)фенил-2-пропанон" деген сөздерден кейін мынадай позициялармен толықтырылсын:
"Норэфедрин | 2939 44 | 14838-15-4 |
"Норэфедрин гидрохлорид | 2939 44 | 154-41-6"; |
10) "29-топқа түсіндірмелерде сипатталған кейбір химиялық қосылыстардың құрылымдық формулалары" деген кестеде ЕАЭО СЭҚ ТН 2909 тауар позициясының (Г) тармағы "Кетондар пероксидтері (циклогексанонпероксиді)" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
11) ЕАЭО СЭҚ ТН 3002 тауар позициясына түсіндірмелерде:
(В) бөлігі (1) тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Бұл тауар позициясына inter alia, қанның негізінде алынған (тамырлы эндотелиалды жасушаны қоса алғанда) мына өнімдер кіреді: "қалыпты" сарысу, адамның қалыпты иммуноглобулині, қанның фракциясы және олардың ферменттік қасиеттері/белсенділігі бар қысқартылған нұсқалары (бөліктері), плазма, тромбин, фибриноген, фибрин және қанның қоюлануының өзге де факторлары, тромбомодулин, қан глобулинері, сарысу глобулиндері мен гемоглобин. Бұл санатқа, сол сияқты биотехнология әдістерімен алынған модификацияланған тромбомодулиндер мен модификацияланған гемоглобиндер кіреді, мысалы, сотромбомодулин альфа (INN) және тромбомодулин альфа (INN), сондай-ақ гемоглобин кросфумарил (INN), гемоглобин глутамер (INN) және гемоглобин раффимер (INN) сияқты көлденең байланысатын гемоглобиндер.";
(Г) бөлігінің (2) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"(2) Уыттар (улар), токсоидтар, криптотоксиндер, протоксиндер (мысалы, топсалицин (INN)) және антитоксиндер.";
12) ЕАЭО СЭҚ ТН 3307 тауар позициясына түсіндірмелердің (V) бөлігі мынадай мазмұндағы (7) тармақпен толықтырылсын:
"(7) Медициналық немесе фармацевтикалық құралдардан басқа, гигиеналық мақсаттар үшін бөлшек саудада сату үшін қаптамаларға бөлшектеп салынған натрий хлоридінің ерітінділері, стерильденген немесе стерильденбеген.";
13) ЕАЭО СЭҚ ТН 3506 тауар позициясына түсіндірмелердің (Б) бөлігінің (4) тармағы және ЕАЭО СЭҚ ТН 39-тобына түсіндірмелердің жалпы ережелерінің субпозицияларына түсіндірменің алдындағы (б) ерекшелік "балауыздар" деген сөзден кейін ", канифоли күрделі эфирлері, модификацияланбаған табиғи шеллак" деген сөздермен толықтырылсын;
14) ЕАЭО СЭҚ ТН 3909 тауар позициясына түсіндірмелердің (1) тармағының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Полиметиленфенилизоцианат (көбінесе "шикі MДИ", "полимерлі МДИ" немесе "полидифенилметандиизоцианат" деп аталады) мөлдір емес қою қоңыр түстен мөлдір ашық қоңыр түске дейін түрленетін және фосгенмен әрекетесетін әрі қыздырған кезде изоцианатты функционалдық топтар құрайтын метиленфениламин олигомерлерінің қоспасын құра отырып, анилин мен формальдегидтің өзара әрекет етуі арқылы пайда болатын сұйықтықты білдіреді. Өнім анилин мен формальдегидтің химиялық түрленген полимері болып табылады (химиялық түрленген аминді шайыр). Оның құрамында негізінен олигомерлердің МДИ және МДИ қоспалары бар. Химиялық құрылымын төменнен қараңыз:
МДИ мономерлері МДИ олигомерлері (n = 1-6)".
3. 3-томда:
1) ЕАЭО СЭҚ ТН 6110 тауар позициясына түсіндірмелердің субпозициясына түсіндірменің алдындағы соңғы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Бұл тауар позициясына, сондай-ақ 6101 немесе 6102 тауар позициясының әдетте қолайсыз ауа-райынан қорғану үшін басқа киімнің үстінен киілетін жылы кеудешелері кірмейді.";
2) ЕАЭО СЭҚ ТН 6907 тауар позициясына түсіндірмелерде:
(2) тармақтан кейін мынадай мазмұндағы жаңа (3) тармақпен толықтырылсын:
"(3) Құрылыс өнеркәсібінде сыртқы немесе ішкі қаптау үшін пайдаланылатын, әртүрлі мөлшердегі, модульді құрылымы бар, мысалы, тігінен немесе көлденең металл профильдерге металл қысқыштардың көмегімен бекітілетін, негізгі конструкцияның қабырғаларына бекітілген терракотты қаптау элементтері.";
(3) тармақ (4) тармақ болып есептелсін.
4. 4-томда ЕАЭО СЭҚ ТН 7113 тауар позициясына түсіндірмелердің (а) ерекшелігінде "2 (Б) ескертуде" деген сөздер "3 (Б) ескертуде" деген сөздермен ауыстырылсын.
5. 5-томда:
1) ЕАЭО СЭҚ ТН 8541 тауар позициясына түсіндірмелердің (А) бөлігінің (ІІ) тармағында:
(2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"(2) Металл-оксид-жартылай өткізгіштер (МОП) құрылымы ретінде белгілі, өтпесі болуы мүмкін, болмауы да мүмкін, бірақ екі электрод арасында бар бос заряд жеткізгіштерінің туындаған кедейленуіне (немесе баюына) тәуелді дала транзисторлары. Дала транзисторындағы транзисторлы әсерді заряд жеткізгіштің тек бір типі пайдаланады (сондықтан олар униполярлы деп аталады). МОП-транзисторлардың криталында түзілетін (сол сияқты МОППТ ретінде белгілі) паразитті диодиндуктивті жүктеме сөнген кезде кері диод сияқты әрекет етуі мүмкін. Төрт электроды бар МОППТ тетродтар деп аталады.";
мынадай мазмұндағы (3) тармақпен толықтырылсын:
"(3) Бекітпесі оқшауланған биполярлы транзисторлар (БТИЗ), олар үш электроды – бекітпе және екі жүктеу электроды (эмиттер мен коллектор) бар аспаптар болып табылады. Бекітпе мен эмиттер арасында тиісті кернеуді беру арқылы токты бір бағытта басқару жүзеге асырылады, яғни оны қосуға және сөндіруге болады. БТИЗ чиптер БТИЗ-ді қорғау және оның транзитор ретінде жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін бір корпуста диодтармен (БТИЗ құрамдастары) қиыстырылуы мүмкін.";
2) ЕАЭО СЭҚ ТН 8704 тауар позициясына түсіндірмелердің (в) ерекшелігі мынадай редакцияда жазылсын:
"(в) тауарларды жеткізуге арналған мотоциклдер сияқты жүктерді тасымалдау үшін жабдықталған мотоциклдер, мотороллерлер немесе мотовелосипедтер, осы тауар позициясының үш дөңгелекті көлік құралдарының сипаттамалары жоқ үш дөңгелекті велосипедтер және т.б. (8711 тауар позициясы).";
3) ЕАЭО СЭҚ ТН 9403 тауар позициясына түсіндірмелердің (1) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"(1) Жеке тұрғынжай, қонақүйлер және т.б., мыналар сияқты: әйнектелген шкафтар, ақжайма салатын сандықтар, нан салғыштар, комодтар, жоғары комодтар; пьедесталдар (еденге қоятын тұғырлар), өсімдіктер қоятын тұғырлар; туалет үстелдері; жазу үстелдерінің тумбалары; гардеробтар, ақжайма престері; кіреберіске арналған тұғырлар, қолшатырларға арналған тұғырлар; серванттар, ас үй ыдыстарына арналған шкафтар, буфеттер; өнімдерге арналған жәшіктер; кереует жанындағы үстелдер; кереуеттер (гардеробы бар кереуеттерді, жиналмалы кереуеттерді, жорыққа арналған кереуеттерді, балалар кереуеттерін және т.б. қоса алғанда); тігуге арналған үстелдер; орындықтар және аяқты қоюға арналған аяққа арналған орындықтар (тербелетін немесе тербелмейтін), камин ширмалары; өтпе желден қорғайтын ширмалар; тұғыры бар күлсалғыштар; ноталарды сақтауға арналған шкафтар, пюпитрлер (ноталарға арналған); балаларға арналған манеждер; тамақ тасуға арналған арбалар (жылытатын плитасы бар немесе онсыз).".