Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер уәкілетті органдарының "Білім берудің халықаралық стандартты сыныптауышы (БХСС 2011)" халықаралық стандартын қолдануы туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 19 желтоқсандағы № 32 ұсынымы.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одақтың ресми статистикалық ақпаратын қалыптастыру және тарату тәртібі туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 4 қосымша) 12-тармағына сәйкес кәсіптік білім берудің деңгейін сипаттайтын көрсеткіштердің салыстырмалылығын қамтамасыз ету мақсатында,

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге осы Ұсыным Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық телекоммуникациялық "Интернет" желісіндегі ресми сайтында жарияланған күннен бастап олардың уәкілетті органдарының мәтіні Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық-телекоммуникациялық "Интернет" желісіндегі ресми сайтында: http://www.eurasiancommission.org/ru/act/integr_i_makroec/dep_stat/info/ Pages/classification.aspx мекенжайы бойынша жарияланған "Білім берудің халықаралық стандартты сыныптауышы (БХСС 2011)" халықаралық стандартын қолдануын қамтамасыз етуді ұсынады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады