Электр қозғалтқыштары бар моторлы көлік құралдарының жасалған үлгілерін сынақтан өткізу бойынша Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде бар сынақ зертханаларының (орталықтардың) дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 27 желтоқсандағы № 34 ұсынымы

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Өнеркәсіптік ынтымақтастық туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 27 қосымша) 2-тармағы 2) тармақшасының екінші абзацына сәйкес

      Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 10 өкімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде электр қозғалтқыштары бар моторлы көлік құралдарын жасап шығару мен пайдалануды ынталандыру жөніндегі 2015 – 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 3-тармағы негізінде

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде электр қозғалтқыштары бар моторлы көлік құралдарын жасап шығаруды ынтыландыру мақсатында

      Еуразиялық экономикалық одақ мүше мемлекеттерге осы Ұсыным Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күннен бастап қосымшаға сәйкес электр қозғалтқыштары бар моторлы көлік құралдарының жасалған үлгілерін сынақтан өткізу бойынша Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде бар сынақ зертханаларының (орталықтардың) дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мүмкіндігін саланы дамытудың ұлттық басымдықтарына сай келетін бөлігінде қарауды ұсынады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2016 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 34 Ұсынымына
ҚОСЫМША

Электр қозғалтқыштары бар моторлы көлік құралдарының жасалған үлгілерін сынақтан өткізу бойынша Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде бар сынақ зертханаларының (орталықтардың) дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар ЖОСПАРЫ

Іс-шараның атауы Іске асыру нысаны Орындалу мерзімі Орындаушы

1. Инновациялық көлік құралдары мен олардың жинақтауыштарына қойылатын қауіпсіздік талаптарын жетілдіру

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) актілері

2018 жыл

мүше мемлекеттер

2. Электр қозғалтқыштары бар моторлы көлік құралдары мен олардың жинақтауыштарын сынаудан өткізу үшін, оның ішінде халықаралық талаптар сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында өлшеу жабдығымен және инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бөлігінде сынақ зертханаларын (орталықтарды) қолдау бағдарламаларын әзірлеу

мүше мемлекеттердің актілері

2018 жыл

мүше мемлекеттер

3. Электр қозғалтқыштары бар жаңа моторлы көлік құралдары мен олардың жинақтауыштарын, оның ішінде үшінші елдерден әкелінетіндерін сынаудан өткізуді қамтамасыз ету

сынау актілері

2018 жыл

мүше мемлекеттер

4. Жасап шығарылатын электр қозғалтқыштары бар моторлы көлік құралдары мен олардың жинақтауыштарын бақылау сынауларынан өткізуді қамтамасыз ету

сынау актілері

2018 жыл

мүше мемлекеттер

5. Пайдаланудағы электр қозғалтқыштары бар моторлы көлік құралдары мен олардың жинақтауыштарын кезеңдік техникалық қарап-тексеруден өткізуді қамтамасыз етуді

сынау актілері

2018 жыл

мүше мемлекеттер

6. Электр қозғалтқыштары бар жаңа моторлы көлік құралдары мен олардың жинақтауыштары бағалаудың математикалық моделдерін әзірлеу және электр қозғалтқыштары бар жаңа моторлы көлік құралдары мен олардың жинақтауыштарын жеделдетілген рәсім бойынша сынаудың барабар әдістерін қолдануды қамтамасыз ету

ғылыми-зерттеу және тәжірибелік конструкциялық жұмыстары

2019 жыл

мүше мемлекеттер


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады