Электр қозғалтқышы бар моторлы көлік құралдары үшін зарядтау және сервистік инфрақұрылым объектілерін салу, сондай-ақ оларды электр желілеріне қосу кезінде рұқсат құжаттамасын ресімдеу тәртібі туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 27 желтоқсандағы № 35 ұсынымы.

      Өнеркәсіптік ынтымақтастық туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 27 қосымша) 2-тармағы 2) тармақшасының екінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы

      Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 10 өкімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде электр қозғалтқышы бар моторлы көлік құралдарын жасап шығару мен пайдалануды ынталандыру жөніндегі 2015 – 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 6-тармағы негізінде,

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде электр қозғалтқышы бар моторлы көлік құралдарын пайдалануды ынталандыру мақсатында,

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге Ұсыным Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жаряиланған күннен бастап саланы дамытудың ұлттық басымдықтарына сәйкес келетін бөлікте:

      электр қозғалтқышы бар моторлы көлік құралдары үшін зарядтау және сервистік инфрақұрылым объектілерін салу кезінде жер бөлудің (жер учаскелерін бөлудің) және рұқсат құжаттамасын ресімдеудің оңайлатылған тәртібін әзірлеуді;

      күрделі құрылыс объектілерін (көппәтерлі үйлердің, әкімшілік, офистік және қоғамдық ғимараттар, гараждық кешендер жагнындағы ашық және жабық орынтұрақтар) салуды регламенттейтін нормалар мен қағидаларға оларды электр қозғалтқышы бар моторлы көлік құралдары үшін зарядтау колонкаларын (станцияларын) орналастыру мен пайдалануға қойылатын талаптармен толықтыру бөлігінде өзгерістер енгізуді;

      электр қозғалтқышы бар моторлы көлік құралдары үшін зарядтау колонкаларын (станцияларын) енгізуді және оларды жұмыс істеп тұрған көлік инфрақұрылымы объектілеріне техникалық қосуды келісу тәртібін әзірлеуді;

      электр қозғалтқышы бар моторлы көлік құралдары үшін зарядтау және сервистік инфрақұрылым объектілерін салу, сондай-ақ оларды электр желілеріне қосу кезінде рұқсат құжаттамасын электрондық түрде ресімдеуді қамтамасыз етуді ұсынады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады