Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің индустриялық-инновациялық инфрақұрылым объектілерін құру мен жұмыс істеуін қамтамасыз етудің үздік практикаларын тарату туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 27 желтоқсандағы № 37 ұсынымы.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2016 жылғы 17 наурыздағы № 17 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі актілер мен іс-шараларды әзірлеу жоспарының 23-тармағына сәйкес

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің индустриялық-инновациялық инфрақұрылым объектілерін (бұдан әрі тиісінше – инфрақұрылым объектілері, мүше мемлекеттер, Одақ) құру мен жұмыс істеуін қамтамасыз етудің үздік практикаларын тарату, инфрақұрылым объектілерінде орналастырылатын кәсіпорындар мен ұйымдардың кооперациясын дамыту мақсатында

      мүше мемлекеттерге:

      1. Осы Ұсыным Одақтың ресми сайтында жарияланған күннен бастап:

      а) өнеркәсіптік (инновациялық) кластер, технологиялық (инновациялық) парк (технопарк), индустриялық (өнеркәсіптік) парк (аймақ), ғылыми-техникалық (инновациялық) орталық сияқты объектілерді қоса алғанда, инфрақұрылым объектілерінің және және мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген басқа да инфрақұрылым объектілерінің тізбесін қалыптастыруды және жыл сайын жаңартуды;

      б) озық (моделдік) ұлттық инфрақұрылым объектілерін құру мен жұмыс істеуін қамтамасыз етудің үздік практикалары мен тәжірибесін зерделеу үшін оларды айқындауды;

      в) мүше мемлекеттердің бизнес-қоғамдастықтарының қатысуымен озық (моделдік) ұлттық инфрақұрылым объектілерін құру мен жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша тәжірибе алмасу жөніндегі бірлескен іс-шаралар жүргізуді;

      г) Еуразиялық экономикалық комиссиямен бірлесіп, озық (моделдік) ұлттық инфрақұрылым объектілерін құрудың үздік әлемдік практикаларына, халықаралық стандарттарына және тәжірибесіне шолу жасауды, сондай-ақ объектілерді инфрақұрылым объектілеріне жатқызу өлшемшарттарын айқындау жөніндегі ұсыныстар тұжырымдауды;

      д) Одақ шеңберінде инфрақұрылым объектілерін ерікті түрде сертификаттау жүйесін енгізудің орындылығы туралы мәселені зерделесін;

      е) мүше мемлекеттер заңды тұлғаларының инфрақұрылым объектілеріне кемсітушіліксіз қол жеткізуін қамтамасыз ету туралы мәселені пысықтауды,

      2. Еуразиялық экономикалық комиссияға:

      а) 2017 жылғы 1 мамырға дейін – осы Ұсынымның 1-тармағының "а" тармақшасында көрсетілген инфрақұрылым объектілерінің тізбесін, сондай-ақ Одақтың ресми сайтына орналастыру мақсатында жыл сайын, 1 мамырға дейін оның жаңартылған нұсқасын;

      б) 2017 жылғы 1 маусымға дейін - Одақтың ресми сайтына орналастыру мақсатында осы Ұсынымның 1-тармағының "б" тармақшасында көрсетілген озық (моделдік) ұлттық инфрақұрылым объектілерінің тізбесін;

      в) 2017 жылғы 1 шілдеге дейін - Одақтың ресми сайтына орналастыру мақсатында осы Ұсынымның 1-тармағының "в" тармақшасына сәйкес озық (моделдік) ұлттық инфрақұрылым объектілерін құру мен жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша тәжірибе алмасу жөніндегі 2017 – 2018 жылдарға арналған бірлескен іс-шаралар жоспары туралы ұсыныстарды;

      г) 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін – осы Ұсынымның 1-тармағының "г" тармақшасын орындау нәтижелері бойынша ақпаратты;

      д) 2109 жылғы 1 қаңтарға дейін – осы Ұсынымның 1-тармағының "д" тармақшасына сәйкес мәселені зерделеу нәтижелері бойынша дайындалған Одақ шеңберінде инфрақұрылым объектілерін ерікті түрде сертификаттау жүйесін енгізудің орындылығына қатысты ұсыныстар беруді ұсынады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады