Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі "Тарифтік емес реттеу шаралары туралы" № 30 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 16 қаңтардағы № 2 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 46-бабына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі "Тарифтік емес реттеу шаралары туралы" № 30 шешіміне өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2017 жылғы 16 қаңтардағы
№ 2 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Көрсетілген Шешімге № 1 қосымша мынадай мазмұндағы 1.9-бөлімімен толықтырылсын:

      "1.9. Әкетуге тыйым салынған тірі бұлғындар


Тауардың атауы

ЕАЭО СЭҚ ТН коды


      Тірі бұлғындар 0106 19 009 3".

      2. Көрсетілген Шешімге № 2 қосымшаның 2.6-бөліміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) 1.1-тармақшада "01 тобынан" деген сөздер "01* тобынан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      б) мынадай мазмұндағы сілтемемен толықтырылсын:

      "* ЕАЭО СЭҚ ТН 0106 19 009 3 кодымен сыныпталатын тірі бұлғындарды қоспағанда."

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады