Өлшем бірліктерін қамтамасыз ету саласында келісілген саясатты жүргізу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартқа № 10 қосымша) 9-тармағының 3-тармақшасына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 13-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті жобасына, ерікті негізде қолдану нәтижесінде Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті талаптарының сақталуы қамтамасыз етілетін стандарттар тізбесінің жобасына, зерттеулер (сынақтар) және өлшеулер қағидалары мен әдістерін, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын стандарттар тізбесінің жобасына метрологиялық сараптама жүргізу тәртібі бекітілсін.
2. Еуразиялық экономикалық комиссияның "Кеден одағының техникалық регламентіне метрологиялық сараптама жүргізу кезіндегі келісілген саясат туралы" 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 6 ұсынымы осы Шешім күшіне енген күннен бастап қолдануға жатпайды.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 10 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті жобасына, ерікті негізде қолдану нәтижесінде Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті талаптарының сақталуы қамтамасыз етілетін стандарттар тізбесінің жобасына, зерттеулер (сынақтар) және өлшеулер қағидалары мен әдістерін, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын стандарттар тізбесінің жобасына метрологиялық сараптама жүргізу
ТӘРТІБІ
1. Осы Тәртіп Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) бекіткен Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу, қабылдау, өзгерту және күшін жою тәртібінің және Комиссия бекіткен Ерікті негізде қолдану нәтижесінде Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті талаптарының сақталуы қамтамасыз етілетін халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, ал олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізбесін және зерттеулер (сынақтар) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, соның ішінде техникалық регламент талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, ал олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізбесін әзірлеу және қабылдау тәртібінің (бұдан әрі тиісінше – Техникалық регламенттерді әзірлеу тәртібі, Стандарттар тізбелерін, стандарттар тізбесін әзірлеу тәртібі) ережелері ескеріле отырып Өлшем бірліктерін қамтамасыз ету саласында келісілген саясатты жүргізу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартқа № 10 қосымша) 9-тармағының 3-тармақшасына сәйкес әзірленді және Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті жобасына (бұдан әрі – техникалық регламент) және стандарттар тізбесінің жобаларына (техникалық регламентке өзгерістер енгізу туралы актінің жобасы және (бар болған жағдайда) стандарттар тізбесіне өзгерістер енгізу туралы актінің жобасы) немесе стандарттар тізбесіне өзгерістер енгізу туралы актінің жобасына метрологиялық сараптама жүргізу (бұдан әрі тиісінше – стандарттар тізбесінің өзектендірілген редакциясы, метрологиялық сараптама) қағидаларын белгілейді.
2. Осы Тәртіптің мақсаттары үшін ұғымдар 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартта анықталған мәндерде пайдаланылады.
3. Метрологиялық сараптама өткізуді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің (бұдан әрі – мүше мемлекет) өлшем бірліктерін қамтамасыз ету саласында уәкілетті мемлекеттік билік органы немесе мүше мемлекеттік өз мемлекетінің заңнамасына сәйкес оны өткізуге уәкілетті (нотификацияланған) заңды тұлғасы (бұдан әрі – уәкілетті орган) ұйымдастырады.
4. Метрологиялық сараптама техникалық регламент жобасын және стандарттар тізбелерінің жобасын (техникалық регламентке өзгерістер ензігу туралы акті жобасын және (бар болған жағдайда) стандарттар тізбесіне өзгерістер енгізу туралы актінің жобасын) әзірлеуші өз мемлекетінің уәкілетті органына немесе, егер Комиссия техникалық регламенттің жобасын және стандарттар тізбелерінің жобаларын (техникалық регламентке өзгерістер енгізу туралы актінің жобасын және (бар болған жағдайда) стандарттар тізбесіне өзгерістер ензігу туралы актінің жобасын) немесе стандарттар тізбелерінің өзектендірілген редакциясын әзірлеу үшін жауапты болып табылған жағдайда (бұдан әрі – әзірлеуші) Комиссияның таңдауы бойынша Комиссияның мүше мемлекеттің уәкілетті органына хабарласуы бойынша өткізіледі.
Стандарттар тізбесінің өзектендірілген редакциясы жобасына метрологиялық сараптама өткізу үшін Комиссия сәйкес техникалық регламентті әзірлеу үшін жауапты болып табылатын мүше мемлекеттің уәкілетті органына хабарласады.
Метрологиялық сараптама уәкілетті органмен келісілген 20 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өткізіледі.
5. Метрологиялық сараптама мыналарды жүзеге асыру мақсатында өткізіледі:
а) метрологиялық терминдерді, шамалардың анықтамалары мен атауларын және шама бірліктері белгілерін қолданудың дұрыстығын, параметрлердің сандық мәндерін (көрсеткіштерін), техникалық реттеу объектілеріне қойылатын өлшем бірліктерімен байланысты талаптарды баяндау кезінде өлшеу кемшіліктерінің сипаттамаларын көрсетудің дұрыстығын талдау және бағалау;
б) зерттеулер (сынақтар) мен өлшеу нәтижелерін техникалық реттеу объектілерінің параметрлері (көрсеткіштері) үшін белгіленген нақтылықпен алуды қамтамасыз ететін зерттеулер (сынақтар) мен өлшеу әдістерін (әдістемелерін) таңдаудың болуы мен дұрыстығын талдау;
в) осы Тәртіптің 6-тармағында көрсетілген метрологиялық сарапатама объектілеріне қойылатын талаптарды қамтитын зерттеулер (сынақтар) мен өлшеуді жүргізу үшін үлгілерді іріктеу қағидаларын таңдаудың дұрыстығын талдау.
6. Метрологиялық сараптама объектілері мыналар болып табылады:
а) өлшенетін параметрлерге (көрсеткіштерге) қойылатын талаптар;
б) өлшенетін шамалардың, өлшенетін шамалар мәндерін өлшеу диапазондарының атауы;
в) өлшеулер кемшілігінің сипаттамасы немесе өлшеулердің айқын еместігінің көрсеткіштері арқылы көрінуі мүмкін өлшеудің нақты көрсеткіштеріне қойылатын талаптар;
г) зерттеулер (сынақтар) және өлшеу әдістеріне (әдістемелеріне) және (немесе) өлшеу құралдарына қойылатын талаптар;
д) оларда осы тармақтың "а" – "г" тармақшаларында көрсетілген метрологиялық сараптама объектілері болған жағдайда үлгілерді іріктеуге қойылатын талаптар.
7. Метрологиялық сараптамаға ұсынылады:
а) Техникалық регламенттерді әзірлеу тәртібіне сәйкес рәсімделген техникалық регламенттің жобасы немесе техникалық регламентке өзгерістер енгізу туралы актінің жобасы және (бар болған жағдайда) стандарттар тізбесіне өзгерістер енгізу туралы актінің жобасы;
б) Стандарттар тізбелерін әзірлеу тәртібіне № 1 қосымшаға сәйкес рәсімделген стандарттар тізбелерінің жобалары немесе стандарттар тізбелерінің өзектендірілген редакциясы.
8. Метрологиялық сараптама өткізу үшін әзірлеуші:
а) уәкілетті органға:
техникалық регламент жобасының және стандарттар тізбелері жобларының (техникалық регламентке өзгерістер енгізу туралы акті жобасының және (бар болған жағдайда) стандарттар тізбесіне өзгерістер енгізу туралы акті жобасының) немесе стандарттар тізбелерінің өзектендірілген редакциясы жобасының атауын;
әзірлеуші туралы мәліметтерді (атауы және мекенжайы), сондай-ақ әзірлеуші уәкілеттік берген құзыретті тұлғаның тегін, атын және әкесінің атын (бар болған жағдайда), телефон нөмірін және электрондық пошта мекенжайын көрсете отырып, оған техникалық регламенттің жобасын және стандарттар тізбелерінің жобаларын (техникалық регламентке өзгерістер енгізу туралы актінің жобасын және (егер бар болса) стандарттар тізбесіне өзгерістер енгізу туралы актінің жобасын) немесе стандарттар тізбелерінің өзектендірілген редакциясын қоса тіркей отырып жазбаша нысанда өтініш жібереді;
б) мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіпте стандарттар тізбелерінің жобаларына (стандарттар тізбесіне өзгерістер енгізу туралы актінің жобасына) немесе стандарттар тізбелерінің өзектендірілген редакциясына енгізілген ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың мәтіндерін және (немесе) мүше мемлекеттердің зерттеулер (сынақтар) және өлшеу әдістемелерін ұсынады.
9. Уәкілетті орган әзірлеушіден метрологиялық сараптама өткізу туралы өтінішті алғаннан кейін:
а) метрологиялық сараптама өткізуді ұйымдастырады;
б) метрологиялық сараптама нәтижелері бойынша қорытындыны немесе метрологиялық сараптама өткізу талап етілмейтіндігі туралы қорытындыны рәсімдейді және әзірлеушіге береді.
10. Метрологиялық сараптама процесінде мыналар жүргізіледі:
а) мынадай ережелерді ескере отырып, техникалық реттеу объектісіне қойылатын талаптарды баяндау кезінде метрологиялық терминдерді, шамалардың анықтамалары мен атауларын және шамалар бірліктерінің белгілерін қолданудың дұрыстығын талдау және бағалау:
өлшем бірліктерімен байланысты техникалық реттеу объектілеріне қойылатын талаптар Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына енетін өлшем бірліктерін қамтамасыз ету саласындағы актілерге сәйкес келуі тиіс;
өлшем бірліктерімен байланысты техникалық реттеу объектілеріне қойылатын талаптарды баяндау кезінде стандартталған метрологиялық терминдер қолданылуы тиіс;
техникалық реттеу объектісіне жататын өлшенетін параметрлер (көрсеткіштер) өлшенетін шамалардың атауларын, олардың атаулы мәндерін, осы мәндерден рұқсат етілетін ауытқушылықтарды және жұмыс жағдайларында өлшенетін шамалар мәндерінің өзгеру диапазондарын көрсете отырып белгіленуі тиіс;
техникалық реттеу объектісіне жататын өлшенетін параметрлер (көрсеткіштер) жазбасының нысаны рұқсат етілетін ауытқушылықпен параметрдің (көрсеткіштің) атаулы мәнін немесе өлшеулердің кемшілігін (айқын еместігін) ескере отырып шекті немесе максималды мәндер түріндегі параметр (көрсеткіш) мәндерін қамтуы тиіс;
техникалық реттеу объектісіне жататын параметрлердің (көрсеткіштердің) өлшемдері қателіктеріне (айқын еместігіне) қойылатын талаптар өлшеулер қателігінің (айқын еместігінің) рұқсат етілген мәндері шегі түрінде немесе орташа квадраттық ауытқулардың рұқсат етілетін мәндері шегі түрінде белгіленуі тиіс;
шамалар бірліктерінің атауы мен белгісі олардың Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 34 шешімімен бекітілген Халықаралық бірлік жүйесіне (СИ) арақатынасын қоса алғанда, Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу кезінде қолданылатын Халықаралық бірліктер жүйесіне (СИ) және шамалардың жүйеден тыс бірліктерінің тізбесіне сәйкес келуі тиіс;
б) мыналарды:
зерттеулер (сынақтар) мен өлшеу әдісінің (әдістемесінің) тағайындалуы, өлшенетін шаманың атауы, қолдану шарттары, шаманың өлшенетін диапазоны бойынша техникалық реттеу объектісіне тиесілігін;
зерттеулер (сынақтар) мен өлшеу әдістерінің (әдістемелерінің) нақтылығы көрсеткіштерінің техникалық реттеу объектілеріне қатысты белгіленген талаптарға сәйкестілігін;
осы өлшеу құралына метрологиялық қызмет көрсету мүмкіндігін ескере отырып өлшеу құралы туралы келтірілген мәліметтердің толықтығын белгілеу мақсатында параметрді (көрсеткішті) зерттеулер (сынақтар) және өлшеу немесе өлшеу құралдарын пайдалану (егер шаманың ізделетін мәні тікелей өлшеу құралынан алынған болса) әдісін немесе зерттеулер (сынақтар) мен өлшеу әдістемесін реттейтін стандартты (стандарттың бөліні немесе тармағын) талдауды қоса алғанда, зерттеулер (сынақтар) мен өлшеу нәтижелерін техникалық реттеу объектілерінің параметрлері (көрсеткіштері) үшін белгіленген нақтылықпен алуды қамтамасыз ететін зерттеулер (сынақтар) мен өлшеу әдістерін (әдістемелерін) таңдаудың дұрыстығын талдау;
в) зерттеулер (сынақтар) мен өлшеу әдісімен (әдістемесімен) немесе өлшеу құралымен қамтамасыз етілетін өлшеулердің нақтылығының техникалық реттеу объектілеріне қатысты белгіленген талаптарға сәйкестілігін бағалау;
г) техникалық реттеу объектілері параметрлерінің (көрсеткіштерінің) әрқайсысының зерттеулер (сынақтар) мен өлшеу қағидаларымен және әдістерімен (әдістемелерімен) қамтамасыз етілуін талдау;
д) техникалық реттеу объектілері параметрлерінің (көрсеткіштерінің) үлгілерді іріктеу қағидаларымен қамтамасыз етілуін және осы қағидаларды таңдаудың дұрыстығын талдау.
11. Метрологиялық сараптама нәтижелері бойынша қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытынды жасалады.
12. Егер техникалық регламенттің жобасы және стандарттар тізбелерінің жобалары (техникалық регламентке өзгерістер енгізу туралы актінің жобасы және (бар болған жағдайда) стандарттар тізбесіне өзгерістер енгізу туралы актінің жобасы) немесе стандарттар тізбелерінің өзектендірілген редакциясы осы Тәртіптің 6-тармағында көрсетілген метрологиялық сараптама объектілерін қамтымайтын жағдайда уәкілетті орган метрологиялық сараптама талап етілмейтіндігі туралы қорытындыны рәсімдейді.
Метрологиялық сараптама талап етілмейтіндігі туралы қорытынды уәкілетті органның бланкасында еркін нысанда рәсімделеді.
13. Метрологиялық сараптама қорытындысын немесе метрологиялық сараптама талап етілмейтіндігі туралы қорытындыны уәкілетті орган әзірлеушіге (ол уәкілеттік берген тұлғаға) береді немесе тапсырылуы туралы хабарламамен тапсырысты пошта жөнелтілімімен жіберіледі.
14. Метрологиялық сараптаманы қаржыландыру Техникалық регламенттерді әзірлеу тәртібі мен Стандарттар тізбелерін әзірлеу тәртібінің ережелерін ескере отырып мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Метрологиялық сараптама нәтижелері бойынша қорытынды
НЫСАНЫ
БЕКІТЕМІН
___________________________________________
(Еуразиялық экономикалық одаққа
___________________________________________
мүше мемлекеттің уәкілетті органы
___________________________________________
басшысының (уәкілетті тұлғаның) лауазымы)
_______________________________________
(қолы, Т.А.Ә.)
"______" _____________20___ж.
М. О.
Метрологиялық сараптама нәтижелері бойынша
ҚОРЫТЫНДЫ
Метрологиялық сараптама ___________________________________________________
(метрологиялық сараптамаға ұсынылған
________________________________________________________________________________
Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті жобасының және стандарттар
________________________________________________________________________________
тізбелері жобаларының (техникалық регламентке өзгерістер енгізу туралы акті
________________________________________________________________________________
жобасының және (бар болған жағдайда) стандарттар тізбесіне өзгерістер енгізу туралы
_________________________________________________________________________,
акті жобасының) немесе стандарттар тізбесіне өзгерістер енгізу туралы акті жобасының атауы)
__________________________________________________________________________
(Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті жобасын және стандарттар
__________________________________________________________________________
тізбелерінің жобаларын (техникалық регламентке өзгерістер енгізу туралы акті жобасын және
________________________________________________________________________________
(бар болған жағдайда) стандарттар тізбесіне өзгерістер енгізу туралы акті жобасын) немесе
__________________________________________________________________________
ұсынды,
стандарттар тізбесіне өзгерістер енгізу туралы акті жобасын әзірлеушінің атауы)
__________________________________________________________________________
(метрологиялық сараптаманы өткізген заңды тұлғаның атауы,
__________________________________________________________________________ өткізді.
метрологиялық сараптаманы өткізу мерзімі)
Метрологиялық сараптама нәтижелері:
№ р/с | Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің құрылымдық элементі және техникалық реттеу объектісіне жататын талаптың (көрсеткіштің) атауы* | Зерттеулер (сынақтар) және өлшеу стандартының (әдістемесінің) белгісі және атауы** |
Талап ету (көрсеткіш) бойынша метрологиялық сараптаманың нәтижесі*** |
---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | |||
2 | |||
р… |
а)****_____________________________________________________________________
(Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің ескертулері бар
_____________________________________________________________________________
құрылымдық элементін (абзац, тармақша, тармақ, бап, қосымша) көрсете отырып
_____________________________________________________________________________
метрологиялық терминдерді, өлшенетін шамалар бірліктерінің атаулары мен белгілерін
_____________________________________________________________________________
қолданудың дұрыстығы туралы қорытынды)
____________________________________________________________________________;
б) ___________________________________________________________________________
(ескертулері бар бөлімдердің (тармақтардың, тармақшалардың) белгілерін және
_____________________________________________________________________________
стандарттың немесе зерттеулер (сынақтар) мен өлшеу әдістемесінің атауын
_____________________________________________________________________________
көрсете отырып зерттеулер (сынақтар) мен өлшеу әдістерін (әдістемелерін) таңдаудың
_____________________________________________________________________________
дұрыстығы туралы қорытынды)
_____________________________________________________________________________;
в) ___________________________________________________________________________
(ескертулері бар бөлімдерді (тармақтарды, тармақшаларды) және стандарттың немесе
__________________________________________________________________________
зерттеулер (сынақтар) мен өлшеу әдістемесінің атауын көрсете отырып өлшеу
_____________________________________________________________________________
әдістерінің (әдістемелерінің) нақты көрсеткіштерінің немесе өлшеу құралдарының
_____________________________________________________________________________
Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкес техникалық реттеу объектілеріне қатысты
_____________________________________________________________________________
техникалық регламентінде белгіленген талаптарға сәйкестілігі туралы қорытынды)
_____________________________________________________________________________;
г)*****________________________________________________________________________
(ескертулері бар бөлімдердің (тармақтардың, тармақшалардың) белгілерін және стандарттың
_____________________________________________________________________________
немесе үлгілерді іріктеу әдістемелерінің атауын көрсете отырып үлгілерді іріктеу қағидаларын
_____________________________________________________________________________
таңдаудың дұрыстығы туралы қорытынды)
_____________________________________________________________________________.
* Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің құрылымдық элементі (абзац, тармақша, тармақ, бап, қосымша) және оған сәйкестігі зерттеулер (сынақтар) мен өлшеу қағидаларын және әдістерін, соның ішінде зерттеулер (сынақтар) мен өлшеу стандартында (әдістемесінде) белгіленген үлгілерді іріктеу қағидаларын қолдану арқылы расталатын сәйкес техникалық реттеу объектісіне жататын талаптың (көрсеткіштің) атауы көрсетіледі.
** Стандарттың немесе зерттеулер (сынақтар) мен өлшеу әдістемесінің атауы мен белгісі, сондай-ақ,егер техникалық реттеу объектілерінің Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті талаптарына сәйкестілігін бағалауды жүзеге асыру үшін стандарт толығымен емес, рсы стандарттың жекелеген бөлімдері (тармақтары, тармақшалары) қолданылуы тиіс болса, стандарттың бөлімдері (тармақтары, тармақшалары) көрсетіледі.
*** Талап (көрсеткіш) бойынша метрологиялық сараптаманың нәтижесі және зерттеулер (сынақтар) мен өлшеу әдісінің (әдістемесінің) Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінде белгіленген талаптарға сәйкестілігі (сәйкессіздігі) туралы қорытынды көрсетіледі.
**** Стандарттар тізбесіне өзгерістер енгізу туралы акті жобасына метрологиялық сараптама өткізу кезінде толтырылмайды.
***** Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті жобасына, ерікті негізде қолдану нәтижесінде Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті талаптарының сақталуы қамтамасыз етілетін стандарттар тізбесінің жобасына, зерттеулер (сынақтар) және өлшеулер қағидалары мен әдістерін, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын стандарттар тізбесінің жобасына метрологиялық сараптама жүргізу тәртібінің 6-тармағында көрсетілген метрологиялық сараптама объектілеріне қойылатын талаптардың сәйкес қағидалары болған кезде толтырылады.
Орындаушылар:
(сараптаманы өткізген заңды тұлға басшысының (уәкілетті тұлғаның) лауазымы) | (подпись) | (Т.А.Ә.) | ||
(сараптаманы өткізген заңды тұлға қызметкерінің лауазымы) | (қолы) | (Т.А.Ә.) |