Кеден одағының Кеден кодексі 52-бабының 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Донор қаны плазмасын зарарсыздандыруға арналып қойылған, әсерсіздендірілген агенті (натрий хлоридінің 0,9 % сулы ерітіндісіндегі рибофлавин ерітіндісі) бар 1 пластик контейнерден, ультракүлгін сәулелермен сәулесоққыға арналған 1 пластик контейнерден және әсерсіздендірілген плазманы сақтауға арналған 1 пластик контейнерден тұратын жалғастырушы магистральдары бар контейнерлер жүйесін білдіретін, стерилденген ораудағы біржолғы жиынтық Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1 және 6-негізгі қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 9018 90 840 9 кіші қосалқы позициясында сыныпталады.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |