Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 124 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 13 ақпандағы № 20 шешімі

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2015 жылғы 8 мамырдағы №19 шешімімен бекітілген Сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесінде "бірыңғай терезе" механизмін дамытудың негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының ХІІ бөлімінің 6.5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 28 қыркүйектегі "Сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесіндегі "бірыңғай терезе" механизмін дамытудың негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындауды қамтамасыз ететін механизмнің ұйымдық құрылымы туралы" № 124 шешіміне өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2017 жылғы 13 ақпандағы
№ 20 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы
28 қыркүйектегі № 124 шешіміне енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР

      1.3-тармақтың күші жойылды деп танылсын.

      2. Көрсетілген Шешіммен бекітілген Сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесіндегі "бірыңғай терезе" механизмін дамытудың негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындауды қамтамасыз ететін механизмнің ұйымдық құрылымы туралы ережеде:

      а) 10-тармақ мынадай мазмұндағы "г" тармақшасымен толықтырылсын:

      "г) ұйымдастырушылық-талдамалық сарапшылар тобының жетекшісі.";

      б) 13-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жұмыс тобының отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.";

      в) 29-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

      "Ұйымдастырушылық-талдамалық сарапшылар тобының жетекшісі жұмыс тобы жетекшісінің орынбасары болып табылады.

      Ұйымдастырушылық-талдамалық сарапшылар тобының жетекшісі көрсетілген сарапшылар тобының қызметін басқарады және оған жүктелген міндеттерді орындауды ұйымдастырады.

      Ұйымдастырушылық-талдамалық сарапшылар тобының жетекшісі жұмыс тобы жетекшісінің келісуі бойынша тақырыптық блоктар жетекшілерімен іс-шаралар жоспарын орындау мәселелері бойынша жұмыс кеңестерін өткізеді.";

      г) IV бөлім мынадай мазмұндағы 321-тармағымен толықтырылсын:

      "321. Ұйымдастырушылық-талдамалық сарапшылар тобының жетекшісі осы Ереженің 30-тармағына сәйкес мониторингті жүзеге асыру үшін тақырыптық блоктар жетекшілерінен тиісті блоктардың жұмыс барысы туралы ақпарат сұратуға құқылы.";

      д) Көрсетілген Ережеге қосымшаның ІІ бөлімінде:

      1-тармақтағы ", кедендік-тарифтік" деген сөздер алып тасталсын;

      4-тармақтың "в" тармақшасындағы "есептеу және" және 6-тармақтың "в" тармақшасындағы "есептеуді және" деген сөздер алып тасталсын.

      3. Сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесіндегі "бірыңғай терезе" механизмін дамытудың негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау бойынша жұмыс тобының құрамын қалыптастыру критерийлерінде 3-позициядағы 2-графадағы "кедендік-тарифтік реттеу" деген сөздер алып тасталсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады