Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 18 қыркүйектегі № 159 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 28 ақпандағы № 22 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 4-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 18 қыркүйектегі "Ерікті түрде қолданылуы нәтижесінде Кеден одағының "Автомобиль жолдарының қауіпсіздігі" техникалық регламенті (КО ТР 014/2011) талаптарының сақталуы қамтамасыз етілетін стандарттар тізбесі және Зерттеулер (сынақтар) мен өлшемдер қағидалары мен әдістерін, соның ішінде Кеден одағының "Автомобиль жолдарының қауіпсіздігі" техникалық регламенті (КО ТР 014/2011) талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестілігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын стандарттар тізбесі туралы" № 159 шешіміне өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2017 жылғы 28 ақпандағы
№ 22 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының
2012 жылғы 18 қыркүйектегі № 159 шешіміне енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Көрсетілген Шешіммен бекітілген Ерікті түрде қолданылуы нәтижесінде Кеден одағының "Автомобиль жолдарының қауіпсіздігі" техникалық регламенті (КО ТР 014/2011) талаптарының сақталуы қамтамасыз етілетін стандарттар тізбесі мынадай мазмұндағы 2071, 2072 және 2073 позициялармен толықтырылсын:

      "

2071


МЕМСТ
33387-2015

Жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдары. Көк тайғаққа қарсы материалдар. Техникалық талаптар

01.04.2017 бастап қолданылады


2072

БСТ EN
12591-2010

Жол битумдары. Техникалық талаптар және сынақ әдістері

01.05.2019 дейін қолданылады


2073

ҚР СТ
1373-2013

Битумдар және битумды тұтқырлар. Жол тұтқыр мұнай бутимдары. Техникалық талаптар

01.05.2019 дейін қолданылады


      ".

      2. Көрсетілген Шешіммен бекітілген Зерттеулер (сынақтар) мен өлшемдер қағидалары мен әдістерін, соның ішінде Кеден одағының "Автомобиль жолдарының қауіпсіздігі" техникалық регламенті (КО ТР 014/2011) талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестілігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын стандарттар тізбесінде:

      а) 1 позиция мынадай мазмұндағы 1 және 11 позициялармен ауыстырылсын:

      "


1

3-баптың
11 – 14 тармақтары

МЕМСТ
310.3-76

Цементтер. Қалыпты қоюлығын, қатаю мерзімдерін және көлемінің өзгеруінің біркелкілігін анықтау әдістері



11

МЕМСТ
310.4-81

Цементтер. Ию және сығымдау кезіндегі беріктігі шегін анықтау


      ";

      б) мынадай мазмұндағы 71, 151, 181, 182 және 1261 позициялармен толықтырылсын:

      "


71


МЕМСТ
8829-94

Зауытта әзірленген темір бетон және бетон құрылыс бұйымдары. Жүктеліп сынау әдістері. Беріктігін, қаттылығын және жарылуға төзімділігін бағалау қағидалары



151


МЕМСТ
17625-83

Темір бетон конструкциялар және бұйымдар. Бетонның қорғаныс қабатының қалыңдығын, арматуралардың өлшемдері мен орналасуын анықтаудың радиациялық әдісі



181


МЕМСТ
22362-77

Темір бетон конструкциялар. Арматураны керу күшін өлшеу әдістері



182

МЕМСТ
22904-93

Темір бетон конструкциялар. Бетонның қорғаныс қабатының қалыңдығын және арматураның орналасуын анықтаудың магниттік әдісі



1261


МЕМСТ
33389-2015

Жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдары. Көк тайғаққа қарсы материалдар. Сынақ әдістері



      ".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады