Зерттеулер (сынақтар) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың "Сұйылтылған көмірсутек газдарына отын ретінде пайдалану үшін қойылатын талаптар" техникалық регламентінің (EAЭО ТР 036/2016) талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын стандарттар тізбесі туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 28 ақпандағы № 26 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттаманың (Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шартқа № 9 қосымша) 4-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Зерттеулер (сынақтар) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың "Сұйылтылған көмірсутек газдарына отын ретінде пайдалану үшін қойылатын талаптар" техникалық регламентінің (EAЭО ТР 036/2016) талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын стандарттар тізбесі бекітілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Кеңесінің төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2017 жылғы 28 ақпандағы
№ 26 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Зерттеулер (сынақтар) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың "Сұйылтылған көмірсутек газдарына отын ретінде пайдалану үшін қойылатын талаптар" техникалық регламентінің (EAЭО ТР 036/2016) талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын стандарттар
ТІЗБЕСІ


р/с

Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің элементтері

Стандарттың белгісі

Стандарттың атауы

Ескерту

1

2

3

4

5

1

Қосымша "Октандық сан" көрсеткіші

В қосымшасы
МЕМСТ EN 589-2014

Ішкі жану қозғалтқыштарына арналған отын. Сұйылтылған көмірсутек газдары. Техникалық талаптар және сынау әдістері


2
 

5-бөлімнің 5.3-тармағы
ҚР СТ ASTM D 2598-2015

Сұйылтылған мұнай газдары.
Композиттік талдау әдісімен физикалық құрамын анықтау


3

Қосымша,
"Шекті емес көмір сутегі сомасының жалпы үлесі" көрсеткіші

МЕМСТ 10679-76

Сұйылтылған көмірсутек газдары. Көмірсутектің құрамын анықтау әдістемесі


4

МЕМСТ 33012-2014

Тауарлық пропан мен бутан. Газ хроматографиясы әдісімен көмірсутегі құрамын анықтау


5

ҚР СТ АСТМ Д 2163-2011

Сұйылтылған мұнай газдары. Газ хроматографиямен көмірсутегі құрамын анықтау әдісі


6

МЕМСТ Р 56869-2016

Сұйылтылған көмірсутекті газдар және пропан-пропилен қоспалары. Көмірсутектерді газ хроматографиясымен анықтау


7

Қосымша,
"Қаныққан бу қысымы" көрсеткіші

МЕМСТ ISO 4256-2013

Сұйылтылған көмірсутек газдары. Будың манометрлік қысымын анықтау. СКГ әдісі


8

МЕМСТ 28656-90

Сұйылтылған көмірсутек газдары. Қаныққан будың қысымы мен тығыздығын анықтаудың есептеу әдісі


9

ҚР СТ АСТМ Д 1267-2011

Сұйылтылған мұнай газдары. Қаныққан будың қысымын анықтау


10

ҚР СТ ASTM D 2598-2015

Сұйылтылған мұнай газдары. Композиттік талдау әдісімен физикалық құрамын анықтау


11

ҚР СТ ASTM D 6897-2015

Сұйылтылған көмірсутек газдары. Сұйылтылған көмірсутекті газдардың (СКГ) қаныққан булану қысымын анықтаудың стандартты сынау әдісі (кеңейту әдісі)


12

Қосымша,
"Күкіртті сутектің және меркаптандық күкірттің жалпы үлесі" көрсеткіші

МЕМСТ 22985-90

Сұйылтылған көмірсутек газдары.
Сутегі сульфидін және меркаптан күкіртін
анықтау әдісі


13

Қосымша,
"Иіс" көрсеткіші

А қосымшасы
МЕМСТ EN 589-2014

Ішкі жану қозғалтқыштарына арналған отын. Сұйылтылған көмірсутек газдары. Техникалық талаптар және сынау әдістері


14

Қосымша,
"Иістің қарқындығы" көрсеткіші

МЕМСТ 22387.5-2014

Коммуналдық-тұрмыстық тұтынуға арналған газ. Иістің қарқындылығын анықтау әдістері


15

ҚР СТ 1240-2004

Коммуналдық-тұрмыстық тұтынуға арналған газ. Иістің қарқындылығын анықтау әдістері


16

Қосымша,
"Еркін су және сілті құрамы"

3.2-тармақ
МЕМСТ 20448-90

Коммуналдық-тұрмыстық тұтынуға арналған көмірсутекті сұйылтылған отынды газдар. Техникалық талаптар


17

8.2-тармақ
СТБ 2262-2012

Көмірсутекті сұйылтылған отын газы. Техникалық талаптар


18

8.2-тармақ
ҚР СТ 1663-2007

Көмірсутекті сұйылтылған отын газы. Техникалық талаптар


19

8.2-тармақ
МЕМСТ Р 52087-2003

Көмірсутекті сұйылтылған отын газы. Техникалық талаптар


20

5-тармақ
МЕМСТ Р 56870-2016

Сұйылтылған көмірсутек газы. Аммиакты, суды және сілтілерді анықтау


21

Қосымша,
"Сұйық қалдықтың көлемді үлесі" көрсеткіші

3.2-тармақ
МЕМСТ 20448-90

Коммуналдық-тұрмыстық тұтынуға арналған көмірсутекті сұйылтылған отын газы. Техникалық талаптар


22

3.2-тармақ
МЕМСТ 27578-87

Автокөлік үшін сұйылтылған көмірсутек газы.
Техникалық талаптар


23
 

8.2-тармақ
СТБ 2262-2012

Сұйылтылған көмірсутекті отын газы. Техникалық талаптар


24

ҚР СТ ASTM Д 7756-2015

Сұйылтылған көмірсутек газы. Сынаманы бағанаға енгізу арқылы газ хроматографиясы әдісімен қалдықты анықтау


25

8.2-бөлім
ҚР СТ 1663-2007

Сұйылтылған көмірсутекті отын газы. Техникалық талаптар


26

8.2-тармақ
МЕМСТ Р 52087-2003

Сұйылтылған көмірсутекті отын газы. Техникалық талаптар


27

Қосымша,
"Сынаманы іріктеу" көрсеткіші

МЕМСТ ISO 4257-2013

Сұйылтылған көмірсутек газы. Сынаманы таңдау әдісі


28

МЕМСТ 14921-78

Сұйылтылған көмірсутек газы. Сынаманы таңдау әдісі


29

ҚР СТ AСTM Д 3700-2011

Мұнай және газ өнеркәсібі. Өзгермелі поршеньді цилиндр көмегімен сұйылтылған мұнай газдарының үлгілерін алуға арналған сынаудың стандартты әдісі


30

МЕМСТ Р 55609-2013

Газ конденсатын, сұйылтылған көмірсутекті газды және жеңіл көмірсутектердің кең фракциясының сынамаларын таңдау. Жалпы талаптар



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады