Кеден одағы Кеден кодексінің 52-бабының 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Орнатуға арналған бекіту элементтерімен, сүзгімен, клапандармен, сондай-ақ картридждің типі, оны өндіруші және жұмсалған сияның көлемі туралы мәліметтерді қамтитын микросхемасы және байланыс клеммалары бар электрондық модульмен жабдықталған герметикалық пластмасса корпусты білдіретін сия құйылған бүріккіш принтерге арналған картридж Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1 және 6-негізгі қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 8443 99 900 0 кіші қосалқы позициясында сыныпталады.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |