2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес және Көп тарапты сауда жүйесі шеңберінде Кеден одағының жұмыс істеуі туралы 2011 жылғы 19 мамырдағы шарттың негізінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі кедендік әкелу баждарының ставкалары (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) белгіленсін.
2. Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертулер (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай мазмұндағы 17 С – 23 С ескертулермен толықтырылсын:
"17С) Кедендік әкелу бажының ставкасы кедендік құнынан 15 %, бірақ 1 данасына кемінде 1,24 евро көлемінде 01.09.2017 жылдан қоса алғанда 31.12.2017 жылға дейін қолданылады.
18С) Кедендік әкелу бажының ставкасы кедендік құнынан 7 %, бірақ 1 данасына кемінде 4 евро көлемінде 01.09.2017 жылдан қоса алғанда 31.12.2017 жылға дейін қолданылады.
19С) Кедендік әкелу бажының ствкасы кедендік құнынан 7 %, бірақ 1 данасына кемінде 7 евро көлемінде 01.09.2017 жылдан қоса алғанда 31.12.2017 жылға дейін қолданылады.
20С) Кедендік әкелу бажының ставкасы кедендік құнынан 5 %, бірақ 1 кг үшін кемінде 0,21 евро көлемінде 01.09.2017 жылдан қоса алғанда 31.12.2017 жылға дейін қолданылады.
21С) Кедендік әкелу бажының ставкасы кедендік құнынан 10 %, бірақ 1 кг үшін кемінде 0,8 евро көлемінде 01.09.2017 жылдан қоса алғанда 31.12.2017 жылға дейін қолданылады.
22С) Кедендік әкелу бажының ставкасы кедендік құнынан 15 %, бірақ 1 кг үшін кемінде 1,17 евро көлемінде 01.09.2017 жылдан қоса алғанда 31.12.2017 жылға дейін қолданылады.
23С) Кедендік әкелу бажының ставкасы кедендік құнынан 12 %, бірақ 1 кг үшін кемінде 0,88 евро көлемінде 01.09.2017 жылдан қоса алғанда 31.12.2017 жылға дейін қолданылады.".
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде 2017 жылғы 1 қыркүйектен кейін күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 30 мамырдағы № 59 шешіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі
кедендік әкелу баждарының
СТАВКАЛАРЫ
СЭҚ ТН коды | Позицияның атауы |
Кедендік әкелу бажының ставкасы | |
4012 20 000 9 | – – өзгелері | 1517C) | |
9102 11 000 0 | – – тек механикалық индикациямен | 718C) | |
9102 19 000 0 | – – өзгелері | 718C) | |
9102 21 000 0 | – – автоматты түрде жүретін | 719C) | |
9102 29 000 0 | – – өзгелері | 719C) | |
9402 10 000 9 | – – өзгелері | 520C) | |
9404 21 100 0 | – – – резеңкеден | 1021C) | |
9404 21 900 0 | – – – пластмассадан | 1522C) | |
9404 29 100 0 | – – – серіппелі | 1522C) | |
9404 30 000 0 | – ұйықтауға арналған қаптар | 1522C) | |
9404 90 900 0 | – – өзгелері | 1223C) |