2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарттың 42 және 45-баптарына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартқа № 1 қосымша) 16 және 18-тармақтарына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. ЕАЭО СЭҚ ТН 2607 00 000 1 кодымен жіктелетін құрамында кемінде 45 мас. % қорғасын бар кендерге және қорғасын концентратына қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының ставкасы (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) 2017 жылғы 25 мамыр – 2019 жылғы 24 мамырды қоса алғандағы аралықта кедендік құнның 0 пайызы мөлшерінде белгіленсін.
2. Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) ЕАЭО СЭҚ ТН 2607 00 000 1 кодындағы позиция төртінші графада "43С)" ескертуіне сілтемемен толықтырылсын;
б) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертулер мынадай мазмұндағы 43С ескертумен толықтырылсын:
"43С) Кедендік әкелу бажының кедендік құнның 0 (нөл) % мөлшеріндегі ставкасы 25.05.2017 – 24.05.2019 қоса алғандағы аралықта қолданылады.".
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде 2017 жылғы 2 қыркүйектен кейін күшіне енеді және 2017 жылғы 25 мамырдан бастап туындайтын құқықтық қатынастарда қолданылады.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |