Азаматтық мақсаттағы, соның ішінде орнатылған не басқа тауарлардың құрамына кіретін радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиілікті құрылғыларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу тәртібі туралы ереженің № 2 қосымшасына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 30 маусымдағы № 75 шешімі

      Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымша) 4 және 37-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешімімен бекітілген Азаматтық мақсаттағы, соның ішінде орнатылған не басқа тауарлардың құрамына кіретін радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиілікті құрылғыларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу тәртібі туралы ереженің № 2 қосымшасының 3-тармағына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) 7-тармақшада "5150 – 5350 МГц және 5650 – 5725 МГц" деген сөздер "5150 – 5350 Мгц, 5650 – 5850 Мгц және 57 – 66 ГГц" деген сөздермен ауыстырылсын;

      б) 17-тармақша "және таратқыштың шығыс қуаттығы 10 мВт аспайтын 2400 – 2483,5 МГц радиожиілік жолағында" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады