Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес винилді түсқағаздарды өндіру кезінде пайдаланылатын поливинилхлорид негізді қоспаны сыныптау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 4 тамыздағы № 93 шешімі

      Кеден одағының Кеден кодексінің 52-бабының 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Винилді түсқағаздарды өндіру кезінде әртүрлі технологиялардың көмегімен оны негізге жағу арқылы жабынды ретінде пайдаланылатын, пластификаторды, толтырғышты, бояғыш пигментті, сұйылтқышты және әртүрлі қоспаларды қамтитын, микросуспензиялық немесе эмульсиялық полимеризациядан алынған поливинилхлорид негізді қоспа Сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1-қағидасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 3904 тауар позициясында сыныпталады.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 60 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады