Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес дәнді және майлы дақылдарды сақтауға арналған металл сүрлемді сыныптау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 29 тамыздағы № 104 шешімі

      Кеден одағы Кеден кодексінің 52-бабының 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Мынадай:

      металл табақтардан, қатайту қабырғаларынан, есіктерден, люктардан, тығыздауыштардан және байланыстыру элементтерінен құралған цилиндрлік корпус;

      металл табақтардан, балкалардан, тығыздауыштар мен байланыстыру элементтерінен дайындалған, жүк тиеу және бақылау тесіктері бар конус пішінді шатыр;

      бекіту элементтері мен температураны өлшеу датчиктері (термоаспалар) бар кабельдерді, жылытуды бақылау аспаптарын қоса алғанда температураны бақылау жүйесі;

      түсіру жүйесі (айналмалы тазарту иірмесі);

      вентиляторларды және беткі қабаты ойылған гальванизацияланған табақтарды қоса алғанда, желдету (аэрация) жүйесі компоненттерінен тұратын, дәнді және майлы дақылдарды сақтауға, сондай-ақ ауыстырып тиеуге арналған, механикалық және жылу-техникалық жабдықпен жабдықталған металл сүрлем Сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1 және 6-қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 8479 89 қосалқы позициясында сыныпталады.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады