Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 94-бабының 4-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан үйінді ретінде, үю, құю арқылы тасымалданатын, су кемелерімен әкетілетін және оларға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кеткен кезде осындай тауарлардың су кемесінің жүк тиейтін (бөліктеріне, ыдыстарына) тиеу кезінде араласу нәтижесінде орын алған олардың санын және (немесе) күйін өзгертуге рұқсат етілетін Одақ тауарларының тізбесі бекітілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы 2017 жылғы 11 сәуірдегі шарты күшіне енген күннен кейін күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 4 қыркүйектегі № 113 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан үйінді ретінде, үю, құю
арқылы тасымалданатын, су кемелерімен әкетілетін және оларға қатысты Еуразиялық
экономикалық одақтың кедендік аумағынан кеткен кезде осындай тауарлардың су
кемесінің жүк тиейтін (бөліктеріне, ыдыстарына) тиеу кезінде араласу нәтижесінде
орын алған олардың санын және (немесе) күйін өзгертуге рұқсат етілетін Одақ
тауарларының ТІЗБЕСІ*
Тауардың атауы | ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес тауардың коды |
1. Шикі мұнай, газды конденсат | 2709 00 |
2. Сұйылтылған және газ тәрізді көмірсутегі газдары: пропан, бутан, изобутан, техникалық пропан бутан қоспасы, техникалық пропан-бутан, автомобильдік пропан-бутан, изобутандық фракция |
2711 12 |
_________________
* Осы тізбені қолдану мақсаттары үшін ЕАЭО СЭҚ ТН кодын да, тауар атауын да басшылыққа алу қажет.