Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 16 мамырдағы № 45 шешімін және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешімін 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкестендіру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 60 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 4 қыркүйектегі № 114 шешіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Үшінші елдермен саудада Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттер әкелуге немесе әкетуге тыйымдар немесе шектеулерді қолданатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген жекелеген тауарларды әкелуге, әкетуге және транзитіне қорытындының (рұқсат беру құжатының) бірыңғай нысаны және оны толтыру жөніндегі әдістемелік нұсқаулар туралы" 2012 жылғы 16 мамырдағы № 45 шешімінде:
а) атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген жекелеген тауарларды әкелуге, әкетуге және транзитіне қорытындының (рұқсат беру құжатының) бірыңғай нысаны және оны толтыру жөніндегі әдістемелік нұсқаулар туралы";
б) мәтін бойына тиісті түрдегі "Кеден одағына мүше мемлекеттер" деген сөздер тиісті түрдегі "мүше мемлекеттер" деген сөздермен ауыстырылсын;
в) 1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса берілген:
үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген жекелеген тауарларды әкелуге, әкетуге және транзитіне қорытындының (рұқсат беру құжатының) бірыңғай нысаны;
үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген жекелеген тауарларды әкелуге, әкетуге және транзитіне қорытындының (рұқсат беру құжатының) бірыңғай нысанын толтыру жөніндегі әдістемелік нұсқаулар бекітілсін.
2. Үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген жекелеген тауарларды әкелуге, әкетуге және транзитіне қорытынды (рұқсат беру құжаты) (бұдан әрі – қорытынды (рұқсат беру құжаты)) Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымша) 4-тармағында көзделген үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізіліміне енгізілген жекелеген тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) кедендік аумағына әкелу және (немесе) Одақтың кедендік аумағынан әкету туралы ережелерде (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне № 3 – 12, 15 – 21 қосымшалар) көзделген жағдайларда, сондай-ақ оларға қатысты Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттамаға (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымша) сәйкес тауарлар экспортын және (немесе) импортын автоматты лицензиялау (бақылау) енгізілген тауарларды экспорттауға және (немесе) импорттауға рұқсат берілген жағдайларды қоспағанда, Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімдерінде көзделген жағдайларда қолданылатыны белгіленсін.";
г) 3 және 4-тармақтардың күші жойылды деп танылсын;
д) 5-тармақта "Кеден одағына мүше мемлекеттер" деген сөздер "Одақа мүше мемлекеттер (бұдан әрі – мүше мемлекеттер)" деген сөздермен ауыстырылсын;
е) көрсетілген Шешімге № 1 қосымшада:
нөмірлік тақырыпшасы және атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 16 мамырдағы № 45шешімімен БЕКІТІЛГЕН (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 4 қыркүйектегі № 114 шешімі редакциясында) |
Үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың
бірыңғай тізбесіне енгізілген жекелеген тауарларды әкелуге, әкетуге және транзитіне
қорытындының (рұқсат беру құжатының)
БІРЫҢҒАЙ НЫСАНЫ
ҚОРЫТЫНДЫ (рұқсат беру құжаты)";
"Кеден одағына" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одаққа" деген сөздермен ауыстырылсын, "Тауарлардың бірыңғай тізбесіне" деген сөздер "бірыңғай тізбеге" деген сөздермен ауыстырылсын, "КО СЭҚ ТН" деген сөздер "ЕАЭО СЭҚ ТН" деген сөздермен ауыстырылсын;
ж) көрсетілген Шешімге № 2 қосымшада:
нөмірлік тақырыпшасы және атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 16 мамырдағы № 45 шешімімен БЕКІТІЛГЕН (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 4 қыркүйектегі № 114 шешімі редакциясында) |
Үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың
бірыңғай тізбесіне енгізілген жекелеген тауарларды әкелуге, әкетуге және транзитіне
қорытындының (рұқсат беру құжатының) бірыңғай нысанын толтыру жөніндегі
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР";
мәтін бойына тиісті септіктегі "Бірыңғай тізбе" деген сөздер тиісті септіктегі "бірыңғай тізбе" деген сөздермен ауыстырылсын, "КО СЭҚ ТН" деген сөздер "ЕАЭО СЭҚ ТН" деген сөздермен ауыстырылсын, "Кеден одағына мүше мемлекет" деген сөздер "мүше мемлекет" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы әдістемелік нұсқаулар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің мемлекеттік билік органдары (бұдан әрі тиісінше – қорытынды (рұқсат беру құжаты), бірыңғай тізбе, мүше мемлекеттер) берген Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымша) 4-тармағында көзделген үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізіліміне енгізілген жекелеген тауарларды әкелуге, әкетуге және транзитіне қорытындының (рұқсат беру құжатының) бірыңғай нысанын толтыру тәртібін белгілейді.";
2-тармақта "Кеден одағына" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одаққа" деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақта "(Беларусь Республикасы – BY, Қазақстан Республикасы – KZ, Ресей Федерациясы – RU)" деген сөздер "(Армения Республикасы – AM, Беларусь Республикасы – BY, Қазақстан Республикасы – KZ, Қырғыз Республикасы – KG, Ресей Федерациясы – RU)" деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақта:
екінші абзац "мекенжайы," деген сөзден кейін "Армения Республикасының тұлғалары үшін – салық төлеушінің есепке алу нөмірі (СЕН)" деген сөздермен толықтырылсын, "нөмірі (БСН)," деген сөздерден кейін "Қырғыз Республикасының тұлғалары үшін – салықтық сәйкестендіру нөмірі (ССН)," деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші абзацтың екінші сөйлемі "көрсетіледі" деген сөздің алдында "СЕН" деген сөзбен толықтырылсын;
24 – 27-тармақтарда "мемлекеттік орган" деген сөздер "мемлекеттік билік органы" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Тарифтік емес реттеу шаралары туралы" 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешімінде:
а) № 3 – 9, 11, 12, 15 – 17, 19 – 21 қосымшалардың "Қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру" бөлімінде "Үшінші елдермен саудада Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттер әкелуге немесе әкетуге тыйымдар немесе шектеулерді қолданатын тауарлардың бірыңғай тізбесі" деген сөздер және "Үшінші елдермен саудада Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттер әкелуге немесе әкетуге тыйымдар мен шектеулерді қолданатын тауарлардың бірыңғай тізбесі" деген сөздер "Үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесі" деген сөздермен ауыстырылсын;
б) № 18 қосымшаның "Лицензия беру" бөлімінде "Үшінші елдермен саудада Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттер әкелуге немесе әкетуге тыйымдар немесе шектеулерді қолданатын тауарлардың бірыңғай тізбесі" деген сөздер Үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесі" деген сөздермен ауыстырылсын.