Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 12 қыркүйектегі № 116 шешімі

      Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 14-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі "Кедендік декларацияларды толтыру үшін пайдаланылатын сыныптауыштар туралы" № 378 шешіміне өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Осы Шешімге қосымшаның 4-тармағында көзделген өзгеріс 2016 жылғы 28 қыркүйектен бастап туындайтын құқықтық қатынастарда қолданылады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2017 жылғы 12 қыркүйектегі
№ 116 шешіміне
ҚОСЫМША

Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешіміне енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Тауарлардың орын ауыстыру ерекшеліктерінің сыныптауышында (2-қосымша):

      а) 020 кодты позицияда "090, 096 позицияларда" деген сөздер "090 және 099 кодты позицияларда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      б) 096 кодты позиция алып тасталсын.

      2. Кедендік декларациялау кезінде пайдаланылатын құжаттар мен мәліметтердің түрлері сыныптауышының 9-бөлімі (8-қосымша) 09032 кодты позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толқытырылсын:

"09033

Тауар декларациясына өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы шешім (кеден органының Еуразиялық экономикалық комиссия бекіткен нысан бойынша көрсетілген тауар декларациясына өзгерістер және (немесе) қосымша мәліметтер енгізу туралы шешімі, кеден органының кедендік төлемдер, пайыздар, өсімақылар өндіріп алу туралы шешімі, кедендік тексеру актісі) (Беларусь Республикасы үшін)".

      3. Жүк түрлерінің, қаптаманың және қаптау материалдарының сыныптауышында (12-қосымша):

      а) NA кодты позицияда "NA" коды "NA*" кодына ауыстырылсын;

      б) мынадай мазмұндағы сілтемемен толықтырылсын:

      "* Тауарға декларация толтыру және транзиттік декларация кезінде қолданылмайды.".

      4. Әлем елдерінің сыныптауышында (22-қосымша) CZ кодты позиция мынадай редакцияда жазылсын:

"CZ

ЧЕХИЯ".

      5. Валюталар сыныптауышында (23-қосымша):

      а) 174 кодты позиция мынадай редакцияда жазылсын:

"174

KMF

Коморск франкі";

      б) 418 кодты позиция мынадай редакцияда жазылсын:

"418

LAK

Лаосс кипі".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады