Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есепке жатқызу және бөлу туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 8 қосымша) 23-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 240 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары арасында арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есепке жатқызу, бөлу, аудару және қайтаруға байланысты ақпаратты алмасу туралы ережеге мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) 4-тармақта "басқа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары, сондай-ақ" деген сөздер алып тасталсын;
б) 5-тармақта "3 және 4-тармақшаларына" деген сөздер "3-тармақшасына" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |