Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес инсулинді тері астына енгізу үшін қолданылатын бір реттік шприц-қаламдарға арналған жинақтауыштарды сыныптау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 3 қазандағы № 132 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 52-бабының 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Инсулині және оны сақтандыратын қалпақшасы бар шыны картриджді орналастыруға арналған, қондырылған шәкілі бар ұстағышты, сондай-ақ инсулиннің белгілі бір дозасын енгізу үшін ішіндегі жылжымалы поршеньді басуға арналған батырмасы бар, шәкілі және инсулин дозасын таңдап алуға арналған айналмалы блогы бар механикалық бөлікті білдіретін, инсулинді тері астына енгізу үшін қолданылатын бір реттік шприц-қаламдарға арналған жинақтауыштар Сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1 және 6-негізгі қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 9018 31 қосалқы позициясында сыныпталады.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады