Қытай Халық Республикасында шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тербеліс мойынтіректеріне (инелілерін қоспағанда) қатысты демпингке қарсы шаралардың қолданысын ұзарту туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 14 қарашадағы № 150 шешімі

      Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 8 қосымша) 109-тармағының бесінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссияның 2013 жылғы 17 қыркүйектегі "Қытай Халық Республикасында шығарылатын және Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына әкелінетін (әкелінген) тербеліс мойынтіректеріне (инелілерін қоспағанда) қатысты демпингке қарсы шаралардың қолданысын ұзарту туралы" № 197 шешімімен белгіленген демпингке қарсы шаралардың қолданысы қоса алғанда 2018 жылғы 17 қыркүйекке дейінгі аралыққа ұзартылсын.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден ісі саласында уәкілетті мемлекеттік органдары осы Шешім күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 2018 жылғы 17 қыркүйекке дейінгі аралықта демпингке қарсы алдын ала баждар алу үшін белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 197 шешімімен белгіленген ставкалар бойынша демпингке қарсы баждар алуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде 2018 жылғы 21 қаңтардан кейін күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады