Ресей Федерациясының Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуі шеңберіндегі міндеттемелерін орындауы туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 14 қарашадағы № 153 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – Одақ) мүше мемлекеттердің Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуі шеңберіндегі міндеттемелерін бәсекелестіктің жалпы қағидаттарын сақтау бөлігінде орындау мониторингінің нәтижелері туралы ақпаратты назарға ала отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 43-тармағының 4-тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Ресей Федерациясына бұқаралық ақпарат құралдарында, тамақ өнімінің көрмелерінде және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарының көрмелерінде шараптың және шымырлағыш шараптың (шампанның) жарнамасын орналастыру кезінде бәсекелестіктің жалпы қағидаттарын сақтауды қамтамасыз ету арқылы 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 75-бабының 1-тармағын орындау қажеттігі туралы хабарлансын.

      2. Ресей Федерациясының Үкіметінен осы Шешім күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде Еуразиялық экономикалық комиссияны қабылданған шаралар туралы хабардар ету сұралсын.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады